§ 31-32. Табиғатты қорғауға бағытталған тұлғаның өмір сүру салтының негізгі принциптері

Оқу мақсаты:

  • жеке тұлғаның табиғатты қорғауға бағытталған өмір сүру салтының негізгі принциптерін ұсыну (тұтыну тұрғысынан).

ЖАҺАНДАНУ • ТҰРАҚТЫ ДАМУ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ

1. «Тұрақты даму» ұғымы

Сұрақтарға жауап беріндер:

1. «Адамның өмір сүру салты» дегеніміз не?
2. ​Табиғатты пайдаланушы ретінде адамның мінез-құлқына мысалдар келтір. ​Бұл мінез-құлық қандай? Оң немесе теріс пе? Неге екенін түсіндір.

   Қазіргі қоғамда жаһандану тек экономиканы ғана емес, жаһандық көзқарасты талап ететін әлеуметтік, экологиялық, саяси «сын-қатерлерді» қамтиды. 2010 жылы Швецияда өткен 17-ші халықаралық әлеуметтанулық конгресте ғалымдардың адамзат тіршілігіне тікелей байланысты міндеттерді шешу үшін өкілетті әлемдік үкіметті құруға үндеуі кездейсоқ емес. Ең алдымен бұл қоршаған ортаның өрескел ластануы, климаттың өзгеруі, табиғи ресурстардың күннен-күнге жетіспеу­шілігі туралы үндеу болатын.
   ​Қазіргі уақытта экологтер мен биологтерден бастап, әлеуметтанушылар мен мәдениеттанушыларға дейін түрлі профильдегі ғалымдар табиғи жаңартылатын энергия көздері (яғни көмірсутекті тұтынуға тікелей тәуелді емес, бірақ бағдарланған) тұтынылатын өмірге көшу туралы ұсыныстар жасауда.
   ​Ғаламдық деңгейде тұрақты даму тұжырымдамасы даму мен қоршаған ортаны қорғау арасындағы оңтайлы тепе-теңдікті табу процесінде ғылыми зерттеулердің нәтижесіне айналды.

   Осы тұжырымдама бойынша тұрақты даму дегеніміз – экономикалық дамудан бас тарту емес; бұл – жаһандық әлемдегі барлық өмірлік іс-шаралар бірігіп жүзеге асырылатын және адамдардың ақылға қонымды қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қолда бар әлеуетті нығайту мақсатында жүзеге асырылатын өзгерістер процесі.
   ​Табиғи ресурстарды пайдалану, ғылым мен техниканы дамыту, әртүрлі елдерге инвестиция салу табиғи байлықты кедергісіз тонауға емес, қоғам мен табиғат арасындағы қатынастарды үйлестіруге бағытталуы керек.
   ​Тұрақты даму тұжырымдамасын іске асыру барлық халықаралық ұйымдардың күш-жігерін талап етеді, бірақ ұлттық деңгейде бұл тұжырымдаманы әр мемлекеттің өзі жүзеге асыруы керек.
   ​Жергілікті деңгейде әр адам күнделікті өмірде тұрақты даму идеяларын белсенді түрде жүзеге асыруға, 

өзінің әдеттерін, өмір салтын экологиялық тұрғыдан өзгертуге міндетті.
   Қоршаған ортаға бағытталған өмір салтының күнделікті өмір нормалары мыналарды білдіреді:
   ​​1) адамның табиғи ресурстарды тұтынуына теңдестірілген көзқарасы;
   ​2) қоршаған ортаның тазалығын сақтауға бағытталған көзқарас;
   ​3) табиғатты қорғау және оны тиімді пайдалану үшін жауапкершілік;
   ​4) айналаңда экологиялық проблемалардың барын түсіну;
   ​5) қоршаған табиғат пен қоғамның дамуы арасындағы күрделі қарым-қатынасты тани біліп, дұрыс шешім қабылдауға тырысу;
   ​6) экологиялық және экономикалық ойлау, әрекет ету процесін ой елегінен өткізіп, болашаққа көз жүгірте білу;

  ​7) экологиялық-құқықтық қарым-қатынаста жаңа жүйені қалыптастыру;
  ​8) қоғамдық экологиялық қозғалысты ұйымдастырып, оған қатысу;
  ​9) ысырапқа жол бермеу, т.б.
  ​Осылайша өмір сүру сапасын жақсарту бойынша қадамдар жасалатын болады, оны арттыру – маңызды мемлекеттік міндет болып саналады.

2. Экологиялық өмір салты ережелері

Адам өмір сүретін орта, өкінішке орай, біз армандағандай керемет емес екені анық бола бастады. Ауа ластанды, су мен тамағымыздың сапасы күрт нашарлады. Климат өзгеруде, табиғи ресурстар сарқылуда, өсімдіктер әлеміне орны толмас нұқсан келіп, жануарлардың кейбір түрлері біржола жойылып кетті. Соғыс пен экологиялық проблемаларды да ұмытпаңыз. Бір сөзбен айт-қанда, өзіміз өмір сүретін тіршілік ортасын күн сайын осылайша өзгертіп жатырмыз. Әрине, әр адамның санасында бізді қоршаған әлем не үшін және қаншалықты өзгерді, әлемді жақсы жаққа қалай өзгерту керек деген сияқты сұрақтар туындайды. Қазіргі адамға ең алдымен табиғатты қорғауға бағытталған тұрақты дамуға қол жеткізуге қажетті өзгерістерді жасау керек. Экологиялық өмір салты ережелерінің бірнеше негізгі мақсаты бар – энергияны үнемдеу, суды үнемдеу, қалдықтарды азайту. Бұл ғаламшарымыздың экологиясы үшін неге соншалықты маңызды? Жаңартылмайтын табиғи ресурстар электр энергиясын өндіру үшін жұмсалады. 

Жылу электр стансылары атмосфераға көптеген көмірқышқыл газын шығарады, су электр стансылары өзендердің табиғи ағымын өзгертіп, бүкіл экожүйені бұзады. Атом электр стансыларының қауіптілігі және радиоактивті қалдықтарды жою мәселесі айқын. Экологтар таяу уақытта ауыз судың күрт жетіспейтінін, тіпті су соғысы туралы да айтып жүр. Қазірдің өзінде әлемнің көптеген аймақтарында адамдар ауыз су тапшылығынан зардап шегуде.
   ​Жағдайды түзетуге бір адам не істей алады? Шын мәнінде, барлығымыз күнделікті өмірде бірнеше әдетімізді өзгертуіміз керек (41-сурет). Олардың кейбірін қарастыруға тырысайық.
   ​1. Қыздыру шамдарын сатып алмаңдар.
​Бүкіл әлемде олар энергияны үнемдейтін немесе жарықдиодты шамдарға ауысқан, алайда Қазақстанда қыздыру шамдарын бағасы төмен болғандықтан көбірек алады. Алайда олар электр энергиясын 3-5 есе көп пайдаланады және экологиялық таза баламаға қарағанда әлдеқайда аз қызмет етеді.

   2. Электр энергиясын үнемдеңдер.
​Бөлмеден шығарда жарықты сөндіріңдер (бірақ бұл туралы біз әрдайым ұмытып кетеміз), зарядтау құрылғыларын розеткада қалдырмаңыз, олар пайдаланылмаса да энергия тұтынылады. Әрқашан компьютерді түнде өшіріп, розеткадан ашаны алып таста: ноутбуктағы бір шам үшін бір жыл ішінде электр энергиясының біраз мөлшері жұмсалады.
   ​3. Бірреттік пластикті азырақ пайдаланыңдар.
​Ғаламшардың пластикпен ластануы – маңызды мәселе. Өртену кезінде пластик атмосфераға улы заттарды бөледі. Дүкенге көпреттік сөмкемен барыңдар. Пластик бөтелкелерден үнемі су сатып алма, біреуін сатып алып, үйге су жина. Тағы бір пайдалы кеңес – бағасын банан байламына немесе лимонға пакетсіз тікелей жеміске жапсыруға болады.
   ​4. Қоқыстарды сұрыптаңдар. ​Қазіргі қоқыс тастайтын жерлер табиғатқа қамқорлық жасамайтын адамнан да қорқынышты. Қалдықтардың ыдырау мерзімі ұзақ: пластик 100 жылдан астам, алюминий банка 500 жыл, ал шыны мың жылда ыдырайды.

Өңдеу технологиясы бұрыннан жаңалық емес, сондықтан қоқыстарды бөлек жинау тиімді. Қазақстанда қалдықтарды жинайтын – шыны, қағаз, пластик, металл қабылдау пункттері жұмыс істейді. Ол үшін елде қажетті және жайлы жағдай жоқ болса да, ең қарапайым және қолжетімді – мысалы, макулатураны жеке жинауға болады. Оны ұзақ уақыт жинап, жылына 2-3 рет қабылдауға апаруға болады. Қайта өңдеу орындарының картасы сендер тұратын аймақта болады (40-сурет).
   ​5. Заттың бәрін тастай беруге болмайды.
​Кейбір қалдықтарды қоқысқа тастау қауіпті, мысалы, пайдаланылған батареялар мен лампочкалар. Олардың құрамында кәдеге жарату кезінде экологияға елеулі зиян келтіретін заттар бар. Бұл заттарды арнайы пункттерге тапсыруға болады. Жұмыс істейтін нүктелерді Greenpeace картасында көруге болады.
   ​6. Заттарды басқа мақсаттарға пайдаланыңдар.
​Бірдеңені тастамас бұрын, ойланыңдар: мүмкін, бұл қағаздың таза жағында тағы бір нәрсе жазуға болады, ал шыны банка немесе пайдаланылған кітаптардан стильді шамдар пайда болуы мүмкін?

Қиялдап көр. Ешқашан ескі киімді тастама, оны қайырымдылық ұйымдарына өткізсең, сол жерде әлі де ол киімге қуанатын біреулер табылады.
   ​7. Қайталама шикізаттан жасалған тауарларды таңдаңдар. Көптеген брендтер экология проблемасына қызығушылық танытады. Көптеген өндірушілер өздерінің қоршаған ортаға қамқорлық жасайтынына назар аударады. Балама өнімдерді таңдаған дұрыс.
   ​8. Суды үнемдеуге тырысыңдар.
​Күн сайын краннан қанша артық су ағады. Су ресурстары ғана емес, қаражат та ысырап болады. Душта сабындаған кезде, тісіңді тазалағанда немесе қырыну кезінде суды жаба тұр. Душ қабылдау ваннадан гөрі үнемді. Сондай-ақ су шүмегіне аэратор сатып алуға болады, бұл құрылғы ағынды ауа көпіршіктерімен толтырып, сол қысымда су шығынын 2 есе азайтуға мүмкіндік береді.
   ​9. Экологиялық тамақ пісіріңдер.
​Тағам дайындау үшін қажет мөлшерден көп су қайнатпаңдар. Бұл ереже электр қуатын үнемдейді.

Су тезірек қайнайтындай етіп табаны қақпақпен жауып қой, оны шәйнекке қыздырған дұрыс, сонда аз энергия жұмсалады. Қалдық жылуды қолдан – ыдыс толығымен дайын болмас бұрын пешті өшіру керек.
   ​10. Тұрмыстық химияны пайдаланбаңдар.
​Тұрмыстық химия өзендер мен көлдерді батпаққа айналдырып қана қоймай, денсаулыққа қауіпті. Оны экологиялық таза балама, жақсы және арзан – сода, сірке немесе қыша ұнтағымен ауыстыр. Қарапайым ас содасы химиядан әлдеқайда тиімді.
   ​11. Ет өнімдерін аз жеу қажет.
​Ет өндіруге жыл сайын мол ресурс жұмсалады – жем-шөп үшін жайы- лымдар мен егістіктер шабылады, су ресурстарының үлкен көлемі жұмсалады. Малшаруашылығы ғаламшарда жылыжайлық газдардың барлық шығарындыларының жартысына себеп болып табылады. Сондықтан ет тұтынуды қысқарту жер экологиясын жақсартудың нақты мүмкіндігін береді.

   12. Жергілікті өнімді сатып алу керек.
​Сатып алынған қызанақ дүкенге қаншалықты жақын өндірілген болса, оны бақшадан тоңазытқышқа жеткізуге қаражат аз кетеді. Осылайша, «көліктік ізді» азайтыңдар – қалпына келтірілмейтін ресурстарды үнемдейсіңдер, атмосфераға көмірқышқыл газының шығарылуын азайтасыңдар.
   ​13. Жеке көлікпен жүрмеуге тырысыңдар.
   ​Біздің елімізде экологиялық таза автомобиль сирек кездеседі. Сондықтан велосипедке, қоғамдық көлікке ауысып, көп жаяу жүру керек. Бұл ереже бәріне ұнайтыны екіталай, дегенмен, кейде сапарға шығар алдында мұны қалай істеген дұрыс болады деп ойлаған жөн.
   ​Осылайша, өмір осындай қарапайым қадамдарды кезең-кезеңмен енгізу оның экологиялық таза болуын барынша арттырады, ол тек табиғатқа ғана емес, өздеріңе де пайдалы болады.

40-сурет. Экологиялық өмір салтының толық спектрі

   Қоршаған орта – тірлік келері өмір сүретін қоршаған ортаның бәрі және бір-бірімен байланысы.
   ​Экология – тірлік иелері мен оларды қоршаған орта арасындағы байланыстар туралы ғылым.
   ​Адам – табиғаттың бір бөлігі.
   ​Табиғатқа құрметпен қарау – мінез-құлықтың басты ережелерінің бірі. Саяхатта өзіңнің адал досың – табиғаттың қонағы екеніңді ешқашан ұмытпа. Қонаққа келіп, әдепсіздік жасауға болмайды.

Өзіңді тексер!

   1. Тұрақты даму тұжырымдамасының мәні неде? 
   2. Экологиялық бағытталған өмір салтын қалай түсінесің? 
   3. Экологиялық өмір сүру ережелерін түсіндір. Олардың артықшылықтары қандай?
   4. Қазақстанның қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық қатынастар жүйесіндегі орнын қалай сипаттауға болады?

   Қосымша ақпарат іздеуге байланысты тапсырмалар

   1-тапсырма.
   ​Қосымша әдебиеттерді, интернет ресурстарын пайдаланып, тақырыптардың біріне реферат дайында:
   ​- Туризм саласындағы тәртіп ережелері.
   ​- Өндіруші өнеркәсіп саласындағы тәртіп ережелері.
   ​- Ауылшаруашылық жұмыстары саласындағы тәртіп ережелері.
   ​- Көлік саласындағы тәртіп ережелері.
   ​Шағын топпен немесе жеке жұмыс істеуге болады. Орындалған жұмысты сыныпта талқылап, тақырып бойынша қорытынды жаса.
   ​2-тапсырма.
   ​Қосымша әдебиеттерді, интернет ресрустарын пайдаланып, «энергияны пайдаланудың тұрақты әдістері» кластерін (постер) дайында. Шағын топпен немесе жеке жұмыс істеуге болады. Орындалған жұмыстарды сыныпта талқылап, тақырып бойынша қорытынды жаса.

Менің көзқарасым

Афоризмдерді оқып, мағынасына түсінік бер.

«Барлық табиғат өзін-өзі сақтауға тырысады».
​«Жер ешқашан алғанынан артық бермейді».
​«Табиғаттан тапқыр ештеңе жоқ».
(Цицерон Марк Туллиус, ежелгі римдік саясаткер және философ).
Өтінемін күте тұрыңыз