Қолдану шарты

2017 жылғы 1 ақпаннан бастап әрекет етеді

Сондай-ақ құпиялылық саясатын қара.

Жалпы қағидалар

Opiq қызметі – бұл ақпараттық қоғам қызметтері туралы заңда белгіленген түсінікке сәйкес ақпараттық қоғамның қызметі .

Opiq қызметтері Star Cloud OÜ ұсынады, әрі қарай Star Cloud деп аталады, тіркеу нөмірі 12731921. Электронды поштасы: info@starcloud.ee, tel. 5323 7793

Opiq қызметін қолдануға келісе отырып, сіз жасалып отырған қызмет көрсету шартының құрамдас бөлігі ретінде қызмет етіп отырған төменде аталған талаптарды қабылдайсыз. Қолдану талаптарын мұқият оқуды ұсынамыз.

Opiq электронды ортасымен тиімді жұмыс істеу үшін өз құрылғыларыңызда белгілі браузерлердің соңғы нұсқаларын қолдануды ұсынамыз (мыс Chrome, Explorer, Safari, Firefox және т.б.).

Opiq браузердің жаңарғандығы, оның функциясының және көріну мүкіндіктерінің өзгерістері және т.б. туралы есеп жазбасының иесіне хабарлауға міндетті емес .

Егер пайдаланушының бағдарламалық қамсыздандыруы ұсынылып отырғанға сәйкес келмесе, Оpiq сервис жұмысындағы ақаулар үшін жауапкершілік көтермейді.

Opiq қызметін пайдаланушы лицензиясының негізінде, әрі қарай лицензия, және сонда белгіленген талаптарда немесе Opiq-пен рұқсат етілген басқа тәсілмен қолдануға болады.

Қызметті қолдану ережелері

Opiq-пен жұмыс істеген кезде ұсынылатын нұсқауларды, сілтемелерді және басқа нұсқамаларды қолданыңыз. Қызметтерге немесе қосылудан бас тартқан кезде оларда нұсқауда қарастырылмаған құралдармен оларды алуға тырыспаңыз.

Сервисті қолданған кезде зияткерлікке меншікке кімнің де болсын құқығын бұзуға тыйым салынады. Opiq ортасында пайдаланушы авторлық құқық туралы заңның ережелері мен принциптерін қатаң сақтауға міндетті. Пайдаланушының кімнің де болсын шығармасына немесе кімнің де болса шығармашылық қызметінің нәтижелеріне қолжетімділігі бұл материалдарды қызметтерді ұсыну талаптарында алдын ала келісілгеннен басқаша қолдану құқығын бермейді.

Пайдаланушы егер осындай әрекет Opiq ортасында тікелей алдын ала келісілген болмаса да ешқандай түрде бұзылмауы, үзілмеуі, бұғатталмауы тиіс деген принципті ескере отырып, ұсынылатын қызметтерді ақылға қонымды түрде қолдануға міндетті. Пайдаланушы бұл үшін осы нұсқаулықтың кіріспе сөзінде келтірілген контактілерді қолдана отырып, Star Cloud қызметкерлеріне орта жұмысындағы барлық кідірістер мен бұзылымдар туралы хабарлауға міндетті.

Қызметті пайдалану үшін, Opiq ортасында тіркеліп, өзінің есеп жазбасын жасауы қажет (конто). Есеп жазбасын жасаған кезде тиянақты болыңыз. Қандай жағдай болса, өзіңіз туралы өтірік деректер бермеңіз.

Өз парольдарыңызды басқа тұлғаларға қолжетімсіз жерде сақтаңыз. Ешқандай жағдайда да өз парольдарыңызды немесе есеп жазбасы туралы басқа ақпаратты электронды пошта арқылы жібермеңіз. Парольды енгізген кезде оған бөгде тұлғалардың қолжетімділігіне жол бермеу үшін мұқият болыңыз. Пароль жайылып кеткен жағдайда, Star Cloud-тің жағдайды анықтағанға дейін қызмет көрсетуді тоқтатуға құқығы бар екендігіне назар аударыңыз.

Сондай-ақ, Star Cloud зиянды қызмет байқалған болса немесе материал мақсатына қарай қолданылмаса, қызмет көрсетуді шектеуге немесе тоқтатуға құқылы (мыс., моральдың көпшілік мақұлдаған нормаларына жауап бермейтін мәтінді немесе материалдарды қосу). Star Cloud жағдайды анықтау үшін оқу мекемесін (мектеп) қатыстырады және тиісти оқу мекемесімен бірге қызмет көрсетуге шешім шығарады. Егер сіздің есеп жазбаңызды бөгде тұлғалар қолданады деп күдіктенсеңіз, бұл туралы Star Cloud қызметкеріне хабарлаңыздар.

Opiq ортасында көрсетілген тәртіпке сәйкес тегін қызметтер сатып алынады .

Егер қызметтер төленбесе, Star Cloud олардың ұсынылуын тоқтатуға құқылы.

Opiq пайдаланушыға лицензия мерзімі өткен соң өз өніміне қолжетімділікке кепілдік бермейді. Баспалар өздері Opiq ортасында олардың өнімдерінің таралу кезеңі қашан аяқталатыны туралы шешімді өздері қабылдай алады. Соған қарамастан, баспалар оқу әдебиетін қолдану ерекшелігін ескере отырып шешім қабылдайды.

Opiq пайдаланушыға ортаны қолданар алдында қойылған мақсаттардың орындалуына кепілдік бермейді. Өздігінен қызметті қолдану пәннің сәтті меңгерілуіне кепілдік бермейді.

Opiq қызметтерді қолдану ережесін өзгерту құқығына ие.

Қызмет көрсетуді өзгерту, тоқтату (бұғаттау) және қызмет көрсетуді тоқтату

Star Cloud қызмет көрсетуді өзгертуге, тоқтата тұруға немесе тоқтатуға құқылы. Star Cloud есеп жазбасының иесіне қызмет көрсетуді өзгерту, тоқтата тұру немесе тоқтату туралы хабарлайды.

Соған қарамастан, Star Cloud мақсаты бүкіл пайдалану кезеңінің ішінде Opiq-тің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету.

Егер телекоммуникация қызметтерінің жұмысындағы бұзылымдар, көтерілістер, қызметтің көрсетілуіне кедергі келтіретін биліктің әркеті немесе әрекетсіздігі сияқты күтпеген жағдайлар мұның себебі болып табылса, Star Cloud қызмет көрсетуді өзгерту, тоқтата тұру немесе тоқтату туралы хабарламауға құқылы.

Opiq зияткерлік меншік ережелерін бұзған немесе өзін келіспейтін қылық көрсеткен жағдайда бір адамға немесе адамдардың тобына қызмет көрсетуді тоқтата тұру құқығына ие (мыс., тіл тигізу, дөрекілік және т.б.).

Opiq ортасын қолдану ережелерін қайта бұзғаны дәлелденген жағдайда, сонымен қатар, егер қолданушы осы нұсқаулықта және заңда берілген міндеттемелерді орындаудан бас тартса тұлғаға қызмет көрсетуді тоқтату құқығына ие.

Оқу мекемесіне (мектепке) қызмет көрсетуді тоқтату туралы шешім мектеп басшылығымен бірге қабылданады.

Оқу немесе басқа шығарманың мазмұны, сонымен қатар, зияткерлік меншік (авторлық құқық)

Таратылатын өнімдегі ақпараттың нақтылығы, оның ішінде оқу материалының нақтылығы үшін өнімді таратушы (баспа) жауап береді. Сондай-ақ, Opiq оқу әдебиетіндегі материалдардың оқу бағдарламасына сәйкестігіне жауап бермейді

Opiq бірде бір өнімді ондағы материалдардың зияткерлік меншік туралы заңға сәйкестігін тексермейді. Соған қарамастан, Opiq зияткерлік меншік құқын бұзу туралы күдік болған жағдайда өнімнің таралуын тоқтатады.

Пайдаланушының бейресмилігі туралы

Opiq – бұл электрондық материалдар мен олармен байланысты қосылу құралдары үшін жүйелік платформа. Opiq платформасымен қызмет ұсынатын пайдаланушы ыңғайлы қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге қажетті ақпаратты береді. Opiq ортасында көптеген жекешелендірілген қызметтер қамтылған, сондықтан жүйеде пайдаланушының жеке және байланыс деректері болуы тиіс. Бұл деректер болмаған кезде қызметтің көпшілігі қолжетімсіз болады.

Opiq платформасы қызметінің көпшілігіне шектеу қойылған. Қызметті ашық шектеу қою тәсілімен қолданған кезде төменде келтірілгендер ішінара ғана қолданылады.

Opiq электронды қызмет көрсеткен кезде жалпы қабылданған бейресми принциптерді қолданады.

  1. Жеке деректерді жинап және қолданған кезде Opiq жеке деректерді қорғау құқығын негізге алады. Біз қызмет көрсетуге қажетті ақпаратты ғана жинаймыз.
  2. Жиналған деректер тек төмендегі жағдайларда пайдаланылады. Егер Opiq деректерді басқа мақсатта қолдануға тілек білдірсе, онда деректердің иесіне немесе құзырлы органдарға тиісті сұраным жіберіледі.
  3. Барлық деректердің дәл және шындыққа сәйкес келуі Opiq мақсаты болып табылады. Бұл үшін Opiq ортасында деректер мерзімді түрде бақыланып тұрады. Солай болғанмен, дұрыс емес деректердің берілуіне байланысты туындауы мүмкін салдарға Opiq жауап бере алмайды.
  4. Жеке деректерді қорғау үшін Opiq тиісті қауіпсіздік шараларын қабылдайды.
  5. Opiq жеке деректерді сақтаған кезде жіберілген дәлсіздіктерді, бұл туралы пайдаланушы хабар берісімен түзетеді.

Осы арқылы қызмет көрсету үшін қандай ақпараттың қажет екендігі және «әдепкі қалпы» бойынша біздің жүйеде қандай ақпараттың сақталатындығы туралы түсінік береміз.

Қызмет көрсету үшін Opiq платформасына қажетті ақпарат:

  • пайдаланушының аты-жөні
  • электронды мекенжайы
  • оқушының оқитын мектебі
  • мектеп өкілінің, пән оқытушысының және сынып жетекшісінің аты-жөні

Қосымша қызмет көрсеткен кезде біз пайдаланушының телефон нөмірін немесе басқа да байланыс деректерін сұрата аламыз.

Қызмет көрсету үшін Opiq сақтайтын деректер

Пайдаланушының іс-әрекеті туралы жазбалар (логтар)

Opiq ортасының қызметін пайдаланған кезде біздің серверге нақты қызметті пайдаланғаны туралы ақпараттан өзге пайдаланушының іс-әрекеті туралы ақпарат түседі, онда мыналар қамтылады:

  1. қандай қызметтер, ресурстар, сілтемелер және т.б. қаралды, мысалы, іздеу нәтижесі, пайдаланылған сілтемелер, көшіріліп алынған файлдар, деректер базасы және т.б.;
  2. қызмет пен IP-адресті қолдану уақыты (қажет болған кезде пайдаланушының тұрған жерін анықтауға болатын бірегей жүйелік адрес,);
  3. пайдаланушы енгізген деректер, мысалы, сұраққа жауап және тапсырмалар, белгілер, бетбелгілер және т.б.;
  4. тиісті төлем тәсілін таңдаған кезде бізге төлеушінің шот нөмірі белгілі болады.

Ақпарат және статистика

Opiq қызметін мерзімді түрде қолданған кезде, мысалы, тапсырмалар мен бақылау жұмыстарын шешу үшін серверде сақталатын және оқу әдебиетін қолданудың, оқу қызметін және оның нәтижесін тексерудің статистикасы болып табылатын ақпарат жиналады. Кейбір жағдайларда, барлық енгізілген, соның ішінде пайдаланушы жойған ақпарат логта сақталып қалады.

Opiq ортасының статистикасы оқудың барлық үдерісін көрсетпейтіндіктен, оқушының үлгерімін көрсетуге арналмаған. Оқудағы жетістікке тең түрде талдау жасау үшін оқушының білім мен ептілігіне толық шолу жасау қажет.

Алынған ақпаратты пайдалану және ақпаратқа қол жеткізу

Star Cloud OÜ негізгі міндеті – пайдаланушыға Opiq платформасында оқу материалдарын беру. Opiq-тың бірде-бір функциясы жүйенің өнімді және үздіксіз жұмысы, сол сияқты оны дамыту және жетілдіру үшін талап етілетінге қарағанда көп ақпарат жинамайды.

Star Cloud OÜ жүйедегі өзгерістер, ақаулар немесе жаңа қызмет көрсету туралы ақпарат беру үшін Opiq пайдаланушының электрондық мекенжайын қолдана алады. Opiq, егер бұған пайдаланушы тыйым салған болса, электрондық адресті тауарлар мен қызметтерді жарнамалау үшін қолданбайды.

Star Cloud қандай жағдай болмасын, құқық бұзушылықтарды тексеру барысында сұратылатын ақпаратты қоспағанда, пайдаланушының деректерін үшінші тұлғаларға бермейді. Star Cloud оқу материалын құрушыларға оқу материалын пайдаланудың анонимдік материалын (пайдаланушының атын көрсетпей) береді.

Мұнымен қоса , Star Cloud OÜ төмендегі жағдайларды қоспағанда, пайдаланушылар арасында ақпаратпен алмаспайды:

  • Егер Opiq пайдаланушы мектеп өкілі (мысалы, кітапханашы, жүйелік әкімші және т.б.) болса, ол төмендегі ақпаратқа қол жеткізе алады: оқушының, сынып жетекшісінің, пән оқытушысының аты-жөні, сыныбы, электрондық поштасы және оқушының Opiq ортасында қолданатын оқу жиынтықтары.
  • Opiq ортасын пайдаланатын мектеп оқытушысы төмендегі ақпаратқа қол жеткізе алады: сынып оқушыларының тізімі, оқушылардың электрондық мекенжайы, сол сияқты пән бойынша тапсырмалар туралы ақпарат, олардың орындалу нәтижесі мен статистикасы.
  • Сынып жетекшісі өз пәнінің материалына қол жеткізгеннен басқа, мына ақпаратқа да қол жеткізе алады: өз сыныбы оқушыларының барлық электрондық журналына (кейінірек шолуға және статистикаға).
  • Opiq ортасын пайдаланатын мектеп оқушысы өзінің деректеріне, өзінің оқу материалдарына, сол сияқты алынған (белгіленген) тапсырмалар мен олардың статистикасына қол жеткізе алады. Оқушының өзінің ата-анасын есептік жазбасымен байланыстыруға мүмкіндігі бар.
  • Ата-ана өзінің деректеріне, өз баласының оқу материалдарына, олар орындаған тапсырмалар мен оның қорытындысына қол жеткізе алады. Ата-ананың оқу материалын белгілеуге немесе толықтыруға құқығы жоқ, сол сияқты оқушыға берілген жаттығуды шешуге немесе жіберуге құқығы жоқ.

Егер пайдаланушы өзі туралы ақпаратты өзгерткісі немесе жойғысы келсе, бірақ мұны Opiq құралының көмегімен орындай алмаса, онда ол электрондық адрес арқылы өтініш жібере алады info@starcloud.ee.

Есептік жазбаны жабу және Opiq-гі жеке деректерді өңдеуді шектеу.

Есептік жазбаны жауып, жеке ақпаратты жойып, деректерді өңдеуді шектеу және т.б. үшін тиісті өтінім жіберіңіз info@starcloud.ee.

Пайдаланушы атынан өтінімді мектептің сенім білдірілген тұлғасы береді.

Есептік жазбаны жабу үшін мектептің өкілі Star Cloud-қа қол қойылған өтінішхатты ұсынады

Ұсыныстар, сұрақтар, шағымдар

Барлық ұсыныс, сұрақ және шағымдарды мына мекенжайға жіберуді сұраймыз: info@starcloud.ee. Телефон арқылы тек Opiq ортасын күнделікті қолдануға байланысты мәселелер мен жұмыстағы тоқтап қалулар ғана шешіледі. Басқа сұрақтарға, сол сияқты шағымдарға Opiq қызметкерлері телефон арқылы жауап бермейді.