§ 128. Жаһандық проблемаларды шешу жобалары

   Оқу мақсаты:

  • жаһандық проблемаларды, оның ішінде Қазақстан аумағында көрініс табатын проблемаларды шешу бойынша өз жобаларын ұсыну.

ҚЫЗЫЛ КІТАП • БАЛАМА ЭНЕРГИЯ КӨЗДЕРІ • ЗАМАНАУИ ЖАҺАНДЫҚ ПРОБЛЕМАЛАР

1. Проблемаларды жобалар арқылы шешу жолдары

Сұрақтарға жауап беріндер:

1. Жаһандық проблемалар не екенін есіңе түсір.
​​2. Қазақстандағы жаһандық проблемаларды неліктен зерттеу қажет болды?
3. ​​Жаһандық проблемалар қоғамдық санаға қалай әсер етеді?

   Ғылыми-техникалық революция және пайдалы қазбаларды өндіру еліміздегі экологиялық жағдайдың көз алдымызда нашарлауына алып келді. Топырақтың және жер қабатының ластануы сыни деңгейге жақындап келеді. Бұл техногендік сипаттағы жаһандық апаттарға әкеледі.
   ​Қазақстанда мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар мәселенің тереңдігі мен қауіптілігін түсіне бастады.
   ​Жобалар қалыптасқан жағдайды жақсарту үшін жұмыс істей алады. Қазірдің өзінде заманауи жобалар отынның экологиялық түрлерін, экологиялық көліктен бастап жаңа 

экологиялық таза энергия көздерін іздестіруге және жер ресурстарын орынды пайдалануға дейін экологиялық проблемаларды шешудің көптеген тәсілдерін ұсынады.
​   Экологиялық жобаларға кешенді көзқарас қажет. Ол қоғам өмірінің барлық саласына бағытталған ұзақмерзімді және жоспарлы іс-шараларды қамтуы тиіс. Жобалық қызметті түбегейлі жақсарту үшін дүниежүзінде де, жеке елдерде де осындай сипаттағы шараларды жүзеге асыру қажет (18-сызба).

   Сәулеттік проблемалар. Үлкен және кіші елді мекендерді көгалдандыру, олардың аумағын екпелер аймақтарға бөлу орынды. Кәсіпорындардың айналасында құқықтық және жол бойына көшеттер отырғызудың маңызы зор.
   ​​Құқықтық проблемалар қоршаған ортаны қорғау туралы заңдар шығаруды қамтиды, халықаралық келісімшарттар да маңызды.
   ​Технологиялық проблемалар. Өнеркәсіптің өндіруші, металлургия және көлік саласында жаңа технологияларды қолдану қоршаған ортаның ластануын барынша азайтуға мүмкіндік береді. 

 Негізгі міндет – экологиялық таза энергия көздерін құру.
   Экономикалық проблемалар. Табиғатқа техногендік әсер ету салдарын жою елеулі қаржы құюды талап етеді.
   ​Ұйымдастырушылық. Көліктің бір орында ұзақ тұрып қалуын болдырмау үшін ағындар бойынша біркелкі бөлінуін ұйымдастыру қажет.
   ​Флора мен фаунаны қорғауға ерекше мән беру қажет. Олардың өкілдері қоршаған жағдайдың өзгеруіне бейімделуге үлгермейді. Экологиядағы бұл жағдайды ұғыну оны түзету үшін пәрменді шаралар жобасын құруға алып келді.

   ​Жобалық қызметтің ең танымал бағыттары:
   ​1. Тұрмыстық және өндірістік қалдықтарды азайту. Әсіресе бұл пластик ыдыстарға қатысты. Оны қағазға біртіндеп ауыстыру, плас­тикпен қоректенетін бактериялардың шығарылуын зерттеу.
   ​2. Ағын суларды тазалау. Адам қызметінің түрлі салаларын қамтамасыз ету үшін жыл сайын миллиардтаған текше метр су жұмсалады. Қазіргі заманғы тазарту құрылыстары оны табиғи жағдайға дейін тазартуға мүмкіндік береді.

   3. Таза энергия көздеріне көшу. Біртіндеп атом энергиясынан көмір мен мұнай өнімдерімен жұмыс істейтін, қозғалтқыштар мен пештерден бас тарту. Табиғи газды, гидроэлектр стансыларын пайдалану атмосфераның тазалығын қамтамасыз етеді. Қазақстанда жел, күн энергиясын белсенді қолдануға болады.
   ​4. Жерді, топырақты қорғау және қалпына келтіру. Қалалар мен ауылдарда ағаш отырғызу. Топырақты эрозиядан қорғау бойынша іс-шаралар жүзеге асырылуда.

   Экология пайдасына үнемі үгіт-насихат жүргізу қоршаған ортаға ұқыпсыз қарауға бейім адамдардың осы мәселеге көзқарасын өзгертеді. Табиғатқа елеулі зиян келтірілгеніне қарамастан, адамзат оның бәрін қалпына келтіруге әлі де мүмкіндігі бар.

  18-сызба. Жаһандық проблемалар жобасының

   Өзіңді тексер!

   1-тапсырма. «Экологиялық проблемалар жобаларының кешенді тәсілі» деген ұғымды қалай түсінесің? 

   Жобамен жұмыс

   2-тапсырма. Ірі қалаларда атмосфераны сақтау бойынша жоба алгоритмін құр.

Өтінемін күте тұрыңыз