§ 125-126. Жаһандық проблемаларды шешудегі дүниежүзілік тәжірибе

Оқу мақсаты:

  • жаһандық проблемаларды шешудегі дүниежүзілік тәжірибені зерттеу.

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС • ЖЕКЕ ТҰЛҒА МЕН ҚОҒАМНЫҢ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ •  АДАМ МЕН ТАБИҒАТТЫҢ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ

1. Жаһандық проблемалар түрлері

Сұрақтарға жауап беріндер:

   1. Жаһандық проблемалар не екенін есіңе түсір.
​​   2. Жаһантанушы ғалымдар неліктен жалпыадамзаттық проблемаларды зерттей бастады?
​​   3. Жұмыссыздық халықтың тіршілік деңгейіне қалай әсер етеді?

   Жаһантанушы ғалымдар жалпыадамзаттық проблемалар арасында үш негізгі жаһандық проблемалар тобын бөліп көрсетеді (16-сызба).

16-сызба

ЖАҺАНДЫҚ ПРОБЛЕМАЛАРДЫҢ ТОПТАРЫ

Халықаралық қатынастар

Жеке тұлға мен қоғамның қарым-қатынасы

Адам мен табиғаттың қарым-қатынасы

   Бірінші топ халықаралық қатынастарға байланысты проблемалар мен оған тән қайшылықтарды және объективті өзгерістерді қамтиды. Бұл типтегі негізгі дүниежүзілік міндеттерді шешуде саяси алғышарттардың маңызы ерекше.
   ​Екінші топ жеке тұлға мен қоғамның қарым-қатынасын құрайтын жаһандық проблемаларды қамтиды. Бұл адамның болашағына тікелей байланысты мәселелер.

   Үшінші топ – адам мен табиғаттың қарым-қатынасы саласындағы жаһандық проблемаларды қамтиды. Бұл –адамдардың өмір сүру қажеттілігінің және қоршаған орта мүмкіндіктерінің теңгерілмеу мәселелері.
   ​Дүниежүзілік ауқымдағы осы проблемаларды шешу үшін саяси мәнмен қатар ғылыми-техникалық алғышарттар да маңызды мәнге ие болады.

   Дүниежүзілік экономиканың жаһандық проблемалары – дүние­жүзінің барлық елдеріне қатысты және дүниежүзілік қоғамдастықтың барлық мүшелерінің күшін біріктіру жолымен шешуді талап ететін проблемалар. Сарапшылар шамамен 20 түрлі жаһандық проблеманы бөліп көрсетеді.

2. Кедейлік пен артта қалушылықты жеңу проблемасы

   Қазіргі дүниежүзінде кедейшілік пен артта қалу Жер халқының 2/3 бөлігі тұратын дамушы елдерге тән. Сондықтан бұл жаһандық проблеманы «дамушы елдердің артта қалуын жеңу проблемасы» деп те атайды.
   ​Егер әлеуметтік-экономикалық даму тұрғысынан қарастырсақ, көптеген дамушы елдер, әсіресе баяу дамыған елдер үшін тым кенже қалушылық тән. Мәселен, Бразилия халқының 1/4-і, Нигерия халқының 1/3-і, Үндістан халқының 1/3 бөлігі күніне 1 АҚШ долларынан кем заттар мен қызметтерді тұтынады (сатып алу қабілетінің тепе-теңдігі бойынша).

   Дамушы мемлекеттердегі кедейшілік пен аштықтың себептері көп. Олар: халықаралық еңбек бөлу жүйесіндегі осы елдердің тең құқылы емес жағдайы; жаңа отаршылдық жүйенің үстемдігі, осы елдерде күшті мемлекеттердің ұстанымын бекіту және мүмкіндігінше кеңейту, т.б. Соның салдарынан 800 млн-ға жуық адам тойып тамақ жемейді. Адамдардың басым бөлігінің сауаты төмен. Кедей жандардың басым бөлігі сауатсыз. 15 жастан асқан тұрғындар арасында сауатсыздықтың үлесі Бразилияда 17%-ды, Нигерияда 43%-ды, Үндістанда 48%-ды құрайды.
   

   Даму теңсіздігіне байланысты өсіп келе жатқан әлеуметтік шиеленіс халықтың әртүрлі топтарымен, дамушы елдердің билеуші топтарын этникалық, діни және аумақтық қақтығыс­тардың санын арттырып отырған осындай апаттық жағдайдың ішкі және сыртқы кінәлі­лерін іздеуге итермелейді. Кедейлік пен аштыққа қарсы күрестің негізгі бағыты – БҰҰ қабылдаған Жаңа халықаралық экономикалық тәртіп (ЖХЭТ) бағдарламасын іске асыру.

   Оның міндеті:

   1. Халықаралық қатынастарда теңдік пен әділдіктің демократия­лық қағидаларын бекіту.

   2. Жинақталған байлық пен жаңадан құрылатын дүниежүзілік табыстарды дамушы мемлекеттердің пайдасына сөзсіз қайта бөлу.

   3. Артта қалған елдердің даму процестерін халықаралық реттеу.

   Өзіңді тексер!

   1. Бүгінде 1,5 млрд адамның (дүниежүзі халқының 20%-ы) ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен, ал 1 млрд адам кедейлік пен ашаршылық жағдайында өмір сүреді. Мұндай фактінің себептерін түсіндір. 
   2. Кедейлік жағдайын жұмыссыздық қиындата түседі. тұтастай алғанда дүниежүзінде негізінен дамушы елдерде тұратын шамамен 1 млрд жұмыссыз бар. Жұмыссыздық мәселесін өмір сүру деңгейінің төмендігімен қалай байланыстыруға болады?  

Картамен жұмыс

   2-тапсырма. Төмендегі диаграммада ұсынылған мәліметтерді пайдаланып, 51-кестені толтырыңдар.

 19-диаграмма. 2019 жылы жұмыссыздық деңгейі ең жоғары елдер, %
51-кесте
Еуропа және ТМД елдеріндегі жұмыссыздық деңгейі

Атауы (аймақ)

Аймақ құрамына кіретін елдер

Жұмыссыздық үлесі

Жұмыссыздық себебі

Шешу жолдары

Менің көзқарасым

Афоризмді оқып, оның мағынасын түсіндір:

Аштар мен жұмыссыздар – диктатура құрылатын материал.

Ф. Рузвельт

Өтінемін күте тұрыңыз