§ 123-124. Географиялық деректерді көзбен шолу негіздері

   Оқу мақсаты:

  • компьютерлік программаларды  қолдана отырып тақырыптық картасызбалар құру.

ЭЛЕКТРОНДЫ КАРТАСЫЗБА

1. Карта түрлері

Сұрақтарға жауап беріндер:

1. Дерекқордың не екенін есіңе түсір.
2. Компьютерлік программаларды қолданатын географиялық деректер базасының қажеттігі неде?

   Географияда елдердің орналасуының жалпы суретін жасауға көмектесетін ең көрнекі және ыңғайлы құрал – географиялық карта. Тақырыптық карта қарастырылып отырған құбылысты тұтастай және барлық ерекшеліктерімен көруге мүмкіндік береді.
   ​Картасызба тақырыпты оқу кезінде бір тақырыптың негізгі материалын зерделеуге мүмкіндік береді.
   ​Тақырыптық генерализацияланған карта-сызбалар тікелей картаға салынған орналастырудың сызбасын ұсынуға 

көмектеседі. Бұл сызбалар нысан немесе құбылыстарды кеңістікте орналастырудың маңызды заңдылықтарын білдіреді. Аймақтық заңдылықтарды зерттеуде жалпылама сызбалар өзіндік маяк болатын тірек сигналдардың рөлін атқарады. Мұндай тақырыптық картасызбалардың мысалы ретінде «Дүние­жүзі халқының географиясы» бөлімін алуға болады.
   ​Кейінгі заңдылықтар құрылатын негізгі материал – дүниежүзі елдерін дамыған және дамушы елдерге шартты 

бөлудің картасызбасы (79-сурет).
   ​Жасыл түспен берілген дүниежүзінің дамыған аймақтары – Солтүстік Америка (АҚШ пен Канада), Еуропа, Ресей, Жапонияны және Жаңа Зеландиямен бірге Аустралияны қамтиды. Қызыл түспен берілген дамушы елдер Латын Америкасын, Африка мен Азия елдерін (Жапониядан басқа) қамтиды.
   ​Табиғи өсу көрсеткіштеріне сәйкес барлық елдер екі түрге бөлінген «Халық санының өсуі» бөлімінде негізгі картасызба

өзгеріссіз сақталған. Бірінші типке дамыған елдер кіреді, екінші – дамушы елдердің басым көпшілігі. Бір ғана өзгеріс – маңызды дамушы ел – Қытайды ғана атап өту керек.
   ​Бұл бөлім үшін біршама өзгертілген сызба 80-суретте бейнеленген.
   ​ Дамыған елдердің көпшілігі халық санын арттыруға бағытталған саясат жүргізеді, ал дамушы елдер, керісінше, табиғи өсімді төмендетуге тырысуда.
    81-суреттегі картасызба дүниежүзінің аймақтары бойынша

ерлер мен әйелдер арасындағы арасалмақты көрсетеді. Дамыған өңірлерде әйелдер саны басым, дамушы елдерде ерлердің сандық басымдылығы немесе жыныстардың шамамен теңдігі байқалады.

79-сурет. Дүниежүзінің дамыған және дамушы елдерінің картасызбасы
 80-сурет. Халықтың ұдайы өсуі бойынша әлем   елдерінің картасызбасы
 81-сурет. Дүниежүзі аймақтарындағы халықтың  жынысы картасызбасы

Өзіңді тексер

   1-тапсырма
   ​
82-суреттегі картасызбаны пайдаланып, тұжырымды тексер.
   ​1. Христиан діні Еуропа, Ресей, Америка (Солтүстік және Латын Америкасы), Аустралия және Мұхиттық аралдар, сондай-ақ тропиктік Африкада (жергілікті діндермен қатар) басым.
   ​2. Ислам діні – Солтүстік және Шығыс Африка елдерінде, Таяу және Орта Шығыста, сондай-ақ Оңтүстік-Шығыс Азияның бірқатар елдерінде басты дін.
   ​3. Буддизм – Шығыс Азия мен Үндіқытай елдеріндегі жетекші дін.

 82-сурет. Әлемдік діндердің таралуының   картасызбасы (кеңейтілген нұсқа)

   География курсының кез келген бөлімі бойынша осындай тақырыптық генерализацияланған картасызбалар шығармашылық қызметті дамытуға, оқылатын тақырып бөліміне қызығушылық танытуға көмектеседі.

   Картамен жұмыс

   2-тапсырма. Дүниежүзі аймақтарының урбандалу дәрежесі кар­та­сызбасына сипаттама бер.

    83-сурет. Дүниежүзі аймақтарының кенттену дәрежесінің картасызбасы

   3-тапсырма. Төмендегі сөздерді оқып, мағынасын түсіндір.

   1. «Иммиграциялық процестер ең алдымен дамыған аймақтардағы экономикалық себептердің әсерінен орын алады».

   2. «Эмиграциялық процестер негізінен дамушы аймақтардағы экономикалық себептерге байланысты болады».

Өтінемін күте тұрыңыз