§ 121-122. Компьютерлік программаларды қолданатын географиялық деректер базасының негіздері

Оқу мақсаты:

  • тақырып бойынша компьютерлік программаларды қолдана отырып, елдердің географиялық дерекқорын құру.​

AMAZON ELASTICACHE КОМПЬЮТЕРЛІК ПРОГРАММАСЫ

1. Amazon ElastiCache программасы

Сұрақтарға жауап беріндер:

1. Деректер базасының не екенін есіңе түсір.
​2. Компьютерлік программаларды қолданатын географиялық деректер базасының қажеттілігі неде?

   Ғылыми-технологиялық прогресс көшкін тектес ақпараттық жобамен жүреді. Дамыған елдерде жұмыс істейтін барлық адамдардың жартысынан көбі ақпаратты өндіру және тарату процесіне тікелей немесе жанама қатысады. Бұл технологияларға дерекқорды басқару жүйелері, телекоммуникация, гипермедиа жүйелері, тағы басқалары кіреді.
   ​Нақты уақыт режимінде жұмыс істейтін қосымшалар: мысалы, ойындардағы турнирлік кестелер, такси қызметтері, әлеуметтік желілердегі хабар алмасу құралдары мен интернет дүкендерінің жоғары өткізу қабілеті бар.
   ​Қосымшалардың жұмысын дискілерде орналастырылған баяу деректер қорынан ғана емес, жылдам басқарылатын кэш пен жадта орналастырылған қоймалардан ақпарат алу арқылы да арттыруға болады.

   Amazon ElastiCache – бұл Memcached немесе Redis хаттамаларымен үйлесімді деректерді кэштеуге және жадқа сақтауға арналған бұлт қызметі, бұлт жадындағы деректерді және кэшті өрістетуді, іске қосуды және масштабтауды жеңілдетеді. Amazon ElastiCache қазіргі уақытта көп талап етілетін қосымшалардың жұмыс істеуі үшін негіз құру мақсатында басқару, қауіпсіздік және масштабтау бойынша Amazon мүмкіндіктері мен Redis және Memcached ашық коды бар хаттамалардың жылдамдығын, қарапайымдылығы мен әмбебаптығын біріктіреді.
   ​«Tapjoy мобильді қосымшалар желісі смартфондар мен планшеттерді халықаралық ауқымда пайдаланатын 9000-нан астам қосымшаны және 250 миллион тұтынушыны қамтиды. Қол жеткізуді жеделдету мақсатында біз нақты уақыт режимінде мобильді қосымшалармен байланысты статистиканы 

және метадеректерді кэштеуді орындаймыз. Amazon ElastiCache қызметі кэш кластерінің жағдайын үздіксіз мониторингілеу және істен шыққан тораптарды автоматты түрде ауыс­тыру есебінен кэш тораптарындағы іркілістер санын айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік берді». «Біз Amazon ElastiCache басқару мүмкіндігін жоғары бағаладық және бұл қызметті жұмыс ортасында жоғары өткізу қабілетін талап ететін аса маңызды қосымшаларды орындау үшін пайдаланамыз».

   Өзіңді тексер!

   Тұжырым дұрыс па?  
   1. Норвегия – климаты қатал, бірақ азаматтарының табысы жоғары ел. Көптеген тұрғындар мұнай және газ өндірумен айналысады. Норвегияның тұрғын үй бағасы Еуропадағы ең арзан деп саналады.
   2. Швейцарияда пайдалы қазбалар жоқ, бірақ банктер бар. Дүниежүзілік қаржы орталығының мәртебесі швейцариялықтардың жоғары деңгейде өмір сүруін қамтамасыз етеді.
   3. Италияның аумағында сәулет ескерткіштері өте көп, бұл ел стиль мен дәм, сән трендтерімен ерекшеленеді.

   Картамен жұмыс

 78-сурет. Жұмбақ ел

   Мәтін қай ел туралы?
   Бұрын бұл ел Ұлыбританияның  отары болды. 1971 жылы  егемендігі жарияланды. Аумағы – 11,5 мың шаршы шақырым. Екі миллион адам тұрады, ерлер әйелдерге қарағанда үш есе көп.
   Жазы өте құрғақ және ыстық, температура кейде Цельсий бойынша +45...50 градусқа дейін көтеріледі. Мемлекетте су тапшылығы қатты сезіледі,  мұнда ауызсу теңіз суын тұшыту арқылы алынады.
   Ел – абсолютті монархия. Мемлекет басшысы – әмір. Саяси партиялар мен кәсіподақ ұйымдарына тыйым салынған. Мұнай өндіру және өңдеу, металлургия және химия салалары экономиканың негізін құрайды. Ауылшаруашылығы өте нашар дамыған. Жазиралы жерлерде кейбір көгөніс түрлері, үй жануарларынан  ешкі мен түйе өсіріледі.
   Жауабы: Мәтін елі туралы.

   Менің көзқарасым

   3-тапсырма
   ​Қалай ойлайсың, неге Франция, Испания және АҚШ  туристер ең көп баратын елдер қатарында?

Өтінемін күте тұрыңыз