§ 113. Қазақстанның ұлттық бәсекеге қабілеттілігі

   Оқу мақсаты:

  • көрсеткіштердің жиынтығы бойынша анық–талған рейтингтер мен индекстерде есептердің қолданысымен Қазақстанның орнын жоғарылату жөнінде идеяларды ұсыну (таңдау бойынша бір рейтингтің мысалында).

ҰЛТТЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

1. Ұлттық бәсекеге қабілеттілік

 Сұрақтарға жауап беріндер:

1. Мемлекеттегі саяси және экономикалық өзгерістердің өзара шарттастығы түрткіжайты неден көрінеді?
​2. Білім беру саяси транзиттің болашағын айқындайтын әлеуметтік-экономикалық түрткіжайт болуы неліктен?

   Ұлттық бәсекеге қабілеттілік – мемлекет экономикасының жай-күйін және оның даму серпінін көрсететін негізгі индикаторлардың бірі. Ұлттық бәсекеге қабілеттілік – бұл: елдің экономикалық өсудің жоғары қарқынына қол жеткізу қабілеті, елдегі өндіріс түрткіжайттарының өнімділік деңгейі, компаниялардың қандай да бір халықаралық нарықтарда табысты бәсекелесу қабілеті сияқты көрсеткіштердің жиынтығы.
   Қазақстан Республикасында соңғы уақытта бәсекеге қабілеттілікке елеулі көңіл бөлінуде. Қазақстанның алдына 2050 жылға қарай бәсекеге барынша қабілетті 30 елдің қатарына кіру туралы стратегиялық мақсат қойылған.
   ​Жаһандық индекс елдердің экономикалық дамуының нақты деңгейін неғұрлым толық көрсететін он екі құрамдас бөліктен тұрады. Олар: институттар сапасы, инфрақұрылым, макроэкономикалық тұрақтылық, денсаулық және бастауыш білім беру, жоғары білім беру және кәсіптік даярлық,

тауарлар мен қызметтер нарығының тиімділігі, еңбек нарығының тиімділігі, қаржы нарығының дамуы, технологиялық даму деңгейі, ішкі нарық мөлшері, компаниялардың бәсекеге қабілеттілігі және инновациялық әлеует.
   ​Жалпы, дүниежүзілік экономикалық жүйенің тұрақсыздығы төмендегі үш түрткіжайтпен түсіндіріледі (13-сызба):
   ​Біріншіден, бұл қазіргі экономикалық дамуға айқындаушы әсер ететін халықаралық қаржының тұрақсыздығы. Екіншіден, роботтандыру мен өндірісті автоматтандыруға байланысты жұмыс орындарының қысқаруынан еңбек ресурстарын әлсіз қолдау еңбек өнімділігінің жалпы көрсеткіштерін төмендетеді. Үшіншіден, инвестициялардың экономика секторлары бойынша біркелкі бөлінбеуі (ең жаңа технологияларға артықшылық беріледі) инновациялардың еңбек өнімділігін ынталандырмауына алып келеді, бұл сондай-ақ жаһандық бәсекеге қабілеттілікке теріс әсер етеді.

   Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі бойынша бірінші орынды Швейцария иеленді, екінші және үшінші орындарда тиісінше АҚШ пен Сингапур орналасқан. Ең бәсекеге қабілетті экономикасы бар он елдің қатарына Нидерланд, Германия, Гонконг, Швеция, Ұлыбритания, Жапония және Финляндия кірді.
   ​«Денсаулық сақтау және бастауыш білім беру» бойынша ең әлсіз нәтижелер алдыңғы кезеңмен салыстырғанда біршама өсуге қарамастан, 3 позицияға және рейтингіде 93-орынға бекемделіп отыр. Мұндай нәтиже қанағаттанарлықсыз және келесі себептерге байланысты өзіне жоғары көңіл бөлуді талап етеді. «Жоғары білім беру және кәсіптік дайындық», «денсаулық сақтау және бастауыш білім беру» рейтингілері – елдегі адам капиталы жағдайының ең жақын индикаторлары.
 Адам капиталын дамытудың жоғары деңгейіне қол жеткізбей, дүниежүзінің бірде-бір елінің экономикалық жүйе­сінің табысты жұмыс істеуі мүмкін емес.

   Адам капиталы кең мағынада – білім, білік, дағды, жинақталған тәжірибе жиынтығы, жеке адам және жалпы қоғам. Экономикалық жүйелердің  жұмыс істеуінің қазіргі заманғы шынайы болмысында адами капитал дамыған елдерде оның көлемінің 80%-ға дейін құнына қол жеткізе отырып, ұлттық байлық ретінде позицияланады. Экономикалық өсу – ғылымға, білімге, денсаулық сақтауға, мәдениетке және адами капиталдың басқа да құрауыштарына үлкен ауқымды инвестицияларда көрінетін адами капиталдың деңгейін арттыру жөніндегі жоспарлы жұмыстың заңды салдары.
   ​Дүниежүзілік Банктің 192 елдің экономикасын зерттеуге негізделген деректері бойынша, экономикалық өсудің тек 16%-ы ғана физикалық капиталмен, 20%-ы табиғи, 64%-ы адами капиталмен байланысты. Егер экономикалық өсу адам капиталы есебінен 60%-дан астамға қамтамасыз етілсе, онда адам капиталының 2/3-сін қалыптастыру кәсіби білімге, 

ғылым мен білім беруге салынған қаржыға байланысты.
   ​«Көшбасшылыққа қазақстандық жол» деп аталған Қазақстанның 2020 жылға дейінгі Даму стратегиясында адами капиталдың бәсекеге қабілеттілігін арттыру саласындағы мемлекеттік саясаттың басымдық идеясы бекітілді. Дүниежүзі бойынша аумағы 9-шы орындағы Қазақстан халқының саны – 18 миллионнаннан астам астам адам. Адам капиталын дамытудың сапалық көрсеткіштерін арттыру бойынша жұмыстар да маңызды.
   ​«Денсаулық және бастауыш білім беру» сияқты рейтингінің құрамдас бөлігі бойынша Қазақстанның БЖИ-дағы әлсіз нәтижелері белгілі бір дәрежеде екі түрткіжайтпен түсіндіріледі. Олардың біріншісі – қазір жүзеге асырылып жатқан реформалардың, инновациялардың, инвестициялардың нәтижелерін алу үшін елеулі уақыт кезеңінің қажеттілігі. Осы қосылысқа әсер ететін негізгі көрсеткіштер – нәресте өлімі, қан айналымы жүйесі 

ауруларынан болатын өлім-жітім, онкологиялық аурулар мен жарақаттар. Осы бағытта халықаралық стандарттарды, тиімді перинаталдық технологияларды енгізу, перзентханалардың материалдық-техникалық базасын нығайту жалғасуда. ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2018 ж. мәліметіне сәйкес, бүгінгі күні педиатрия және акушерлік бойынша 263 клиникалық хаттама әзірленіп, 63-і жетілдірілді. Бұл іс-шараларды өткізудің басты мақсаты – неонаталдық және нәресте өлімін азайту. 
   ​Денсаулық сақтау саласына қатысты проблемалы көрсеткіштер арасында «туберкулездің бизнесті жүргізуге әсері» рейтингінде 107-орын, өткен кезеңмен салыстырғанда 4 позицияға өсуді, «өмір сүру ұзақтығы» рейтингісінде 95-орын, 4 позицияға өсуді көрсетуі қажет. Осы саладағы белгілі бір жетістіктерге қарамастан, орташа өмір сүру ұзақтығының өсуі 69.6 жастан 70.5 жасқа дейін ұлғайды, дегенмен денсаулық сақтау саласын реформалау және оны 

халықаралық стандарттарға келтіру бөлігінде осы бағыттағы күш-жігерді жандандыру, сондай-ақ халықтың салауатты өмір салты үшін жағдайды насихаттау және қамтамасыз ету қажет.
   ​«Жоғары білім және кәсіби дайындық» халықтың арасында орта және жоғары білімнің таралу деңгейін, білім сапасын, қызметкерлердің біліктілігінің артқанын көрсетеді. Аталған түрткіжайт бойынша нәтижелердің тұрақсыздығы байқалады. Осылайша, Қазақстанның рейтингте 14 позицияға төмендеп, 76-шы орынға түсуінен «Қызметкерлердің біліктілігі» көрсеткішінің айтарлықтай нашарлағаны байқалады. Сондай-ақ «менеджмент және бизнес мектептерінің оқыту сапасы» көрсеткішінің деңгейі алдыңғы кезеңмен салыстырғанда 9 позицияға төмендеумен рейтингіде 101-орында танылды. Сонымен қатар «мектептерде интернет желісіне қол жеткізу», «зерттеу және білім беру қызметтеріне қол жеткізу», «білім беру жүйесінің сапасы» көрсеткіштері артып, тиісінше 15, 11, 9-пункте жоғарылап, рейтингте 41, 55 және 76-орынға 

шығуын қамтамасыз етті.
   ​Бүгінгі таңда Қазақстанда адами капитал саласындағы мәселелерді шешуге бағытталған бірқатар жобалар іске асырылуда. «Зияткерлік ұлт-2020» жобасы адами капиталды қалыптастыру жолында елеулі табыстарға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексіндегі Қазақстан көрсеткіштерінің өсуіне ықпал ететін алға қойылған мақсаттарға қол жеткізуге кешенді тәсіл қажет.

13-сызба

ЭКОНОМИКА ЖҮЙЕСІНІҢ ТҰРАҚСЫЗДЫҒЫ ТҮРТКІЖАЙТТАРЫ

халықаралық қаржының тұрақсыздығы

роботтандыру негізінде жұмыс орындарының қысқаруы

инвестициялардың біркелкі бөлінбеуі

Өзіңді тексер!

   1-тапсырма
   Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі бойынша елдердің 2017-2018 жж. рейтингілері келтірілген. 16-диаграмманы пайдаланып, 1,2-сұрақтарға жауап бер.

16-диаграмма

Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі бойынша елдердің рейтингі

   1. Қазақстанның жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі бойынша экономикалық дамыған елдер – Ресей, ОАР, Үндістан және Бразилиядан алға шығу себептерін түсіндір.

   2. Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі бойынша бірінші үштіктің орналасу заңдылықтары қандай?

Өтінемін күте тұрыңыз