§ 103-104. Дүниежүзінің геосаяси және геоэкономикалық географиясы

Оқу мақсаты:

  • Еуропаның екі дамыған елінің салыстырмалы экономикалық-географиялық сипаттамасын құру

   Сарамандық жұмыс

   Сабақтың мақсаты:
   ​1. Геоэкономика мен геосаясатқа әсер етудің көздері мен ықтимал түрлерін анықтап, бағалау.
   ​2. Геоэкономика мен геосаясаттың әлеуетті маңызды әсерін анықтау әдістерін қолдану.
   ​3. Орындалған жұмысты қорғау.

   Жабдықтар: жазуға арналған жұмыс дәптері, қалам, қарындаш, географиялық атлас, тақырып бойынша қосымша әдебиеттер, интернет ресурс.

   Жұмыс барысы:
   ​Жұмыс жазбаша түрде реферат немесе типтік жоспар бойынша шығарма түрінде орындалады, оқулықты, интернет ресурстарды пайдалану ұсынылады.

   Елдің экономикалық-географиялық сипаттамасының жоспары

   1. Ел туралы жалпы мәліметтер (елдің типі, аумағы, мемлекеттік құрылымы, астанасы, халықаралық әскери және экономикалық ұйымдарға қатысуы, т.б.).
   ​2. Географиялық орналасуы: географиялық орналасуы,  орналасқан жерінің ерекшелігі, қай елдермен және қалай шектесетіндігі. Едегі ірі суқоймалары. Саяси және экономикалық-географиялық жағдайының ерекшеліктері.
   ​3. Табиғи жағдайлары мен ресурстары.

   4. Халқы (саны, орналасу ерекшелігі, ұдайы өндіріс, көбеюі, ерлер мен әйелдер арасалмағы. Жастық, этникалық және діни құрамы, урбандалу деңгейі, ірі қалалары мен агломерациялары, ішкі және сыртқы көші-қонға тән ерекшеліктері, еңбек ресурс­тарының сандық және сапалық сипаттамалары).
   5. Ұлттық шаруашылықтың құрылымы.
   6. Өнеркәсіптің мамандану салалары, ірі өнеркәсіп аудандары мен орталықтары.

   7. Ауылшаруашылығының мамандану салалары, басты ауылшаруашылық аудандары.
   ​8. Көліктің дамуына тән ерекшеліктері.
   ​9. Өндірістік емес салаға тән ерекшеліктері.
   ​10. Сыртқы экономикалық байланыстар (басты экономикалық әріптестері, экспорт пен импорттың құрылымы мен негізгі баптары).
   ​11. Елдердің дамуы туралы қорытынды.

   Назар аудар! Бұл жұмысты орындау кезіндегі типтік қате – өзара әлсіз байланысты екі параллель сипаттамаларды жазу. Екі елдің салыстыруына назар аудар, олардың ұқсастығы мен жоспардың барлық тармақтары бойынша айырмашылықтарын анықта.

   Тесттер

  • халықаралық интеграция
  • саясат
  • ұйым
  • бірлестік
  • халықаралық ұйым
  • 239
  • 150
  • 245
  • 150
  • 139
  • экономика
  • геосаясат
  • интеграция
  • табиғатты пайдалану
  • геоинформатика
  • АҚШ
  • Чехословакия
  • Норвегия
  • Польша
  • КСРО
  • делимитация
  • дискриминация
  • аймақтар
  • келісу
  • депопуляция
Өтінемін күте тұрыңыз