§ 101-102. Геосаясаттағы географиялық деректер базасы

   Оқу мақсаттары:

  • компьютерлік программаларды қолдана отырып, географиялық дерекқор құру;
  • компьютерлік программаларды қолдана отырып, тақырыптық картасызбалар құру.

EOSDIS • MODIS

Сарамандық жұмыс

   Сабақтың мақсаты:
   ​1. Геосаясатқа әсер ету көздері мен ықтимал түрлерін анықтап, бағалау.
   ​2. Компьютерлік программаларды қолдану әдістерін пайдалану.
   ​3. Орындалған жұмысты қорғау.

   Жабдықтар: жазуға арналған жұмыс дәптері, қалам, қарындаш, географиялық атлас, тақырып бойынша қосымша әдебиеттер, интернет.

Қосымша ақпарат іздеуге байланысты тапсырмалар

   Жұмыс барысы:

   Жұмыс  қосымша әдебиеттер мен  интернет ресурстарын пайдалана отырып компьютерде жасалады.
   ​Деректер базасын қолданудың жаңа салалары. Деректер базаларын қолданудың қазіргі салаларын жіктеу, сондай-ақ қазіргі уақытта олардың даму перспективасын бағалау. Экономикалық және конъюнктуралық ақпарат бойынша деректер базасы (статистикалық, несие-қаржылық, сыртқы сауда).
   ​Деректер базасы. Жерді бақылау жүйесі (eosdis). геолокация программасы (geolocate.exe). Программа MODIS деректер файлын гео­графиялық 

байланыстыруды жүзеге асырады және ендік пен бойлық мәндерінің массивтері, сондай-ақ 1 км ажыратымдылығы бар әрбір пиксель үшін сканерлеу бұрыштары бар HDF форматы файлын жасайды. IMAPP спутник эфемеридтерін және борттық телеметрия ағымында тікелей берілетін қосымша ақпаратты пайдаланып, геолокация өрістерін есептей алады. Бұл деректерді алғаннан кейін бірден байлау­ға мүмкіндік береді. Тікелей хабар тарату режімінде (DB) берілетін ақпарат 10 км-ден артық байлау дәлдігін кепілдендіруге мүмкіндік бермейтін қателіктерден тұруы мүмкін.
   ​MOD01.n\i;i_ (/iaH.ia.HDF) 1 км, 500 м, 250 м

рұқсатында күндізгі және түнгі спектралды арналардың калибрленбеген деректері бар.
   ​MOD03 файлдары. (Файл атауы. HDF) Level 1A форматындағы файлдарға арналған географиялық координаталық байланыстыру туралы ақпаратты қамтиды. Level 1B форматты төрт файл топтарымен ұсынылған.
   ​Графикалық растрлық форматтар: BMP Windows Bitmap файл.
   ​Ішкі растрлық формат: STI Scanex форматы, ScanExNeris бағдарламасымен суреттерді айырбастауға арналған. STI форматы 12 растрлық қабатқа дейін болуы

мүмкін.
   ​Векторлық форматтар. Суреттерге геометриялық түзету жүргізу кезінде векторлық деректерді көрсету қажеттілігі туындайды. ScanEx MODIS Processor бағдарламасы Mapinfo MIF (MapInfo Interchange Format) бағдарламасының алмасу пішімінде векторлық деректерді көрсете алады.
   ​Қызметтік форматтар. HIS – кейіннен түзету кезінде пайдаланылуы мүмкін растрдың геометриялық өзгеруі туралы ақпарат сақталатын файлдар. TIC тірек нүктелері бойынша растрды түзетуге арналған ақпарат файлдары (әрбір тірек нүктесі үшін оның трансформациялаудан

кейін алынуы тиіс координаттары көрсетіледі). Координаттар мәтіндік түрде бос орын арқылы жоғарыда көрсетілген тәртіппен бір тірек нүктесі үшін бір жол жазылады. Бірінші болып нүктелердің көлденең, сонан соң тік координаттарын жазады.

   Сұрақтар:
   1. Қалай ойлайсың, бізге бұл MODIS программасы  қажет пе?
   Жауабыңды дәлелде.  
 

2. MODIS программасында қателер бар ма?  
   3. Бұл программаға климаттағы өзгерістер әсер ете ме?  
   4. MODIS программасындағы қандай түрткіжайттар экологияға  әсерін тигізеді?  
   5. Программаны қайда қолдануға болады? Мысал келтір.  

Топтық жұмыс

   1-тапсырма. GoogleMaps-ке кеңістіктік деректерді қос.
   ​Googleaccount жаса. www.google.com сілтеме арқылы «пошта» (Gmail) жазуындағы «Аккаунт ашу» (create account) жазбасын басып, нұсқауларды орында.
   ​Өз аккаунтыңды (Gmail account) тіркегеннен кейін «карталар» (maps) сілтемесін бас.
   ​Іздеген жердің атауын қос. Мысалы, 

үйден қала орталығына дейінгі жолды сал.
​   Іздеу жолында өзің орналасқан жер атауын жаз.
   ​Google жергілікті жер нұсқаларын ұсынады, арасында cенің мекенжайың да бар. Картаның сол бөлігін жақындатсаң, қай жерде тұрғаныңды көресің.
   ​1. Спутниктік көру режимін таңда.
   ​2. «Менің таңбам» деген жазуды бас.

​   3. «Карта жасау» деген жазуды бас.
​   4. Картаның атауы мен сипаттамасын жаз.
​​   5. «Кіру ашық» немесе «Жарияламау» опциясының жанында қанатбелгі қой (64-сурет). 

 64-сурет. Жергілікті жердің картасы
 65-сурет. Маршрут картасы

   Нысанды символмен белгілей отырып, оған атау мен сипаттама бере аласың. Таңба, атау және сипаттаманы кейінірек өңдеуге болады (65-сурет).
   ​Бір нысаннан екіншісіне маршрутты салу үшін, келесі суретте көрсетілген батырманы бас. Олардың арасында маршрут салу кезінде екі нысанды да көру үшін қашықтату функциясын пайдалан. Кейін маршрутты нүктелермен белгілеп, арасын тротуар сызығымен біріктіре отырып өзгертуге болады.

Өтінемін күте тұрыңыз