§ 55-56. Қоршаған орта сапасы бойынша дүниежүзі елдерінің жіктелуі

Оқу мақсаты:

  • дүниежүзі елдерін қоршаған ортаның сапасы бойынша жіктеу.

ҚОРШАҒАН ОРТА ЖАҒДАЙЫН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАҒАЛАУ ИНДЕКСІ

Техникалық прогресс

 Сұрақтарға жауап беріндер:

   1. Қоршаған ортаның сапасын қандай көрсеткіштер сипаттайды?
​   2. Қоршаған ортаның сапасы бойынша қандай өңір немесе елдер неғұрлым қолайлы деп ойлайсың?
​​   3. Қоршаған орта сапасының көрсеткіштеріне қандай түрткіжайттар әсер етеді?

   Техникалық прогресс негізінде адамның өз қажеттіліктерін қанағаттандыруға, өмір сүру жағдайын жақсартуға деген ұмтылысы жататынын адамзаттың өркениеттік дамуы көрсетіп отыр. Бұл ретте адамның іс жүзінде қоршаған ортаға әсері ескерілмеген. Бірақ ХХ ғасырдың ортасынан бастап халық санының артуы экожүйеге жүктемені көбейтіп, ғаламшардың регенерациялық мүмкіндіктерінен асып түсті. Адамзат алдында өз өмірінің негізін жоюға нақты қауіп пайда болды.
   ​​Уақыт өте келе, ғаламшардың ресурстары шексіз емес, ауа, су және топырақ сапасына қамқорлық қажет деген түсінік 

қалыптасты. Алайда экономикалық дамыған елдердің даму үлгілері халықтың өмір сүру деңгейін жоғары деңгейде ұстауға мүмкіндік бергенмен, жағдайды түбегейлі өзгертуге мүмкіндік бермейді. Бұл жағдайды шешу үшін статистикалық талдаудың түрлі әдістері: корреляциялық және регрессиялық талдау қолданылады. Нәтижесінде аймақ экологиясының жай-күйі мен экологиялық инновациялар көрсеткіштері арасындағы өзара байланыс, сондай-ақ олардағы қоршаған ортаның жай-күйіне байланысты елдерді топтарға бөлу үшін қолданылатын кластерлік талдау айқындалды.

1. Қоршаған ортаның жай-күйін бағалау үшін пайдаланылатын халықаралық индекстер

   Қоршаған ортаның сапасын бағалау үшін көбінесе индекстік әдіс қолданылады.
   ​Қоршаған ортаның тұрақты даму индексі. Жақын арадағы онжылдықта қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шараларды қабылдауға 146 елдің дайындық дәрежесі әртүрлі екенін көрсетті (Йель, Колумбия және ВЭФ Колумбия университеттері, Дүниежүзілік экономикалық форуммен бірге).
   ​Қоршаған ортаның қанағаттанарлық жағдайы индексі (Prescott Allen, 2001). Топырақтың жай-күйінің, биожүйенің, су ресурстарының сапасы мен қолжетімділігінің, ауа мен атмосфераның, энергияның, т.б. ресурстардың тазалығының 51 көрсеткішінен тұрады.
   ​Экоиндикатор-99 (goedkoopand Spriensma, 2001) – бұл үш бағыт бойынша: адам денсаулығына, экожүйеге, минералдық және отын ресурстарына зиян келтіру дәрежесін 

куәландыратын индекс.
   ​Экономикалық дамыған елдер үшін қоршаған орта жай-күйінің индексі (Roodman, 2004) қазіргі дүниежүзіндегі қоршаған ортаның жай-күйі көрсеткіштерінің кең спектрін қамтиды (климаттың өзгеруі, озон тесігі, балық ресурстарының сарқылуы, т.б.).
   ​Экологиялық саясат индексі (Adriaanse a, 1993) экологиялық көзқарас тұрғысынан экономика мен қоғамның даму бағытын қадағалау мақсатында 42 көрсеткішті біріктіреді.
   ​Қоршаған ортаға қатысты достық индексі (Puolamaaetal, 1996) қоршаған ортаның жай-күйі туралы дұрыс ақпаратты көрсетуге арналған. Бағалау экологиялық мәселелер бойынша шешім қабылдауда ескерілетін 11 индикатор бойынша жүзеге асырылады: жылыжайлық әсер, озон қабатының сарқылуы, ортаның (топырақ пен су)

қышқылдануы, су айдындарының батпақтануы, экоуыттылық, табиғи ресурс­тардың сарқылуы, фотоқышқылдану, биоәртүрліліктің азаюы, радиация, шу және басқалар.
   ​Экологиялық тиімділік индексі (Ycelp, Ciesin Колумбия университеті Samuel Family Foundation қоры және Дүниежүзілік экономикалық форуммен ынтымақтастықта) (9 қосымша). 2014 жылы ЭТИ индексіне 178 ел немесе дүниежүзі халқының 99%-ы, ғаламшардың 98%-ы және дүниежүзілік ЖІӨ-нің 97%-ы кірді. 2018 жылғы экологиялық қызметтің нәтижелілік индексін (еPI, https://epi.envirocenter.yale.edu/epi-topline) қоршаған ортаның жай-күйін және экожүйелердің өміршеңдігін қамтитын проблемалардың он санатында тиімділіктің 24 көрсеткіші бойынша 180 ел бағалайды.

   Экологиялық тиімділік индексі (EТИ)-2018. Ол бойынша Қазақстан дүниежүзінің 180 елінің арасында 101 орын алады (қоршаған орта сапасының 24 көрсеткіші бойынша). Бұл көрсеткішті бағалау арқылы Қазақстандағы экологиялық жағдай экологиялық қауіп-қатер аймағында тұрғанын көруге болады.
   ​Осы зерттеулер нәтижесі бойынша, 2018 жылы ең жоғары баға алған он елдің қатарына Швейцария, Франция, Дания, Мальта, Швеция, Ұлыбритания, Люксембург, Аустрия, Ирландия және Финляндия кіреді.

2. EPI индексінің құрылымы

   EPI индексі қоршаған ортаның жағдайын екі бағыт бойынша қарастырады: адам денсаулығын қолайсыз экологиялық жағдайлардан қорғау және экожүйені қорғау. Бірінші бағыт қоршаған ортаның үздіксіз өсіп келе жатқан ластануы жағда­йында адам денсаулығын қорғау тұрғысынан бағаланады. Екінші бағыт қоршаған ортаны қорғау және экожүйе ресурстарын ұтымды басқару тұрғысынан бағаланады. Әдістеме елдер қыз­метінің көрсеткіштерін тоғыз негізгі топ және жиырма негізгі көрсеткіш бойынша топтастыруға мүмкіндік береді (26-кесте).

26-кесте

EPI индексінің құрылымы 






​​​​​Экология және адам денсаулығы

Адам денсаулығына әсері

Бала өлім-жітімі



​​Ауа сапасы

Ғимараттардағы ауаның сапасы

PM2. 5 микробөлшектермен ауаның ластануы (тарату)

Ауаның микробөлшектермен ластануы PM2. 5 (асып кету)


​Су сапасы

Ауызсуға қол жеткізу

Санитария деңгейі












​​​​​​​​​​​Экожүйені қорғау

Су ресурстары

Ағынды суларды тазалау



​​Ауылшаруашылығы

Ауылшаруашылығын субсидиялау деңгейі

Пестицидтерді пайдалануды бақылау

Орман ресурстары

Орман жамылғысының өзгеруі



​Балық ресурстары

Жағалау суында балық аулауды реттеу

Балық ресурстарының қорын бақылау





​​​​Биологиялық әртүрлілік

Қорықтарды қолдау (ұлттық деңгей)

Қорықтарды қолдау (жаһандық деңгей)

Теңіз суларын ластанудан қорғау

Сирек кездесетін жануарларды қорғау





​​​​Климат және энергетикалық ресурстар

CO2 шығарындысының қарқындылығы

CO2 шығарындысының қарқындылығын өзгерту

КВт-сағ үшін CO2 шығарындысын өзгерту

Электр энергиясының қолжетімділігі

3. Елдердің қоршаған ортаның ластану деңгейі бойынша рейтингісі

   Елдер рейтингісі үнемі жаңартылып отырады. Бірінші көрсеткіш Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтеріне сүйене отырып және елге келген адамдардың пікірлері негізінде есептелді. Екіншісі – ДДҰ-ның ғана емес, сонымен қатар көптеген экологиялық ұйымдардың деректерін қамтитын күрделі сызба бойынша есептелген индекс. «Қоршаған ортаның ластануы» ұғымы ауаның, судың және топырақтың ластануын қамтиды. Қоршаған ортаның ластану деңгейі бойынша елдердің рейтингісі 49-суретте берілген.

49-сурет. Қоршаған ортаның ластану деңгейі бойынша елдердің рейтингі

Өзіңді тексер!

   Қосымша ақпарат іздеуге байланысты тапсырмалар

​   1-тапсырма.
   ​Елдерді атмосфералық ауаның ластану деңгейі бойынша топтас­тыр. Global ambient air pollution интерактивті картасын пайдаланып, кес­те құрастыр, ауаның ластану деңгейі бойынша бақылау тізімдерін жасап, мәліметтерді кестеге енгіз.
   ​Ресурстар:
   ​Дүниежүзіндегі ауаның ластануы: нақты уақыт режиміндегі ауа сапасының индексі 
   ​Алынған нәтижелерді сыныптастарыңмен бөліс.

Өтінемін күте тұрыңыз