§ 1-2. Географиялық сараптама элементтері және оларды қолдану

   Оқу мақсаты: 

  • ​зерттеу тақырыбына сәйкес географиялық сараптама элементтерін қолдану

САРАПТАМА • САРАПШЫ • ГЕОГРАФИЯЛЫҚ САРАПТАМА • САРАПТАМА ӘДІСТЕРІ

1. Географиялық сараптама элементтері, оларды қолдану

Сұрақтарға жауап беріндер:

​1. «Географиялық сараптама» деген не? ​Оның негізгі мақсаты қандай?
​2. Географиялық сараптама алгоритмі қандай кезеңдерге бөлінеді?
​​3. Экологиялық-географиялық сараптаманың ерекшеліктері қандай?

   Географиялық сараптама – нарықтық экономикада табиғатты пайдалануды басқарудың әдісі ретінде

    ТМД елдерінің 1991 жылдан бастап нарықтық экономикаға көшуі нәтижесінде тауар өндірушілер неғұрлым көп пайда табуға құлшына кірісті. Табыс табу жолында мемлекеттік талаптарға қарамастан, табиғатты қорғау шараларын да бұзды. 
   Көптеген бизнес-жобалар мен нысандар қоршаған ортаға, қоғамға әсер етті.​
   ​Қоршаған ортаның өзгеруі кезінде туындайтын қауіптілік дәрежесін анықтау үшін, оған әсер ету дәреже-сін бағалау және ықтимал өзгерістердің болжамын беру қажет. Бұл мәселені шешуге басқарудың экономи-калық және әкімшілік әдістері көмектеседі. Олар табиғат пайдалану процестерін реттеу тетіктерін біріктіреді, шаруашылық жүргізуші субъектілердің табиғат байлықтарын тиімді пайдалану мен қорғауға материалдық қызығушылығын тудырады.
   ​Табиғатты пайдалануды басқарудың экономикалық әдістері қаржылық тетіктерді пайдалануды көз-дейді. Бұл барлық шаруашылық буындарды мемлекеттік экосаясатты жүзеге асыруға ынталандырады. Оларға әртүрлі төлемдер, салықтар, айыппұлдар, өтемақы төлемдері, салық жеңілдіктері, жеңілдікті несие беру, т.б. жатады.

​  ​Табиғатты пайдалануды басқарудың әкімшілік әдістері жүйені қалыптастыруды және мемлекеттік экологиялық саясатты іске асыру жөніндегі іс-шараларға басшылықты жүзеге асыруды көздейді. Оларға экология­лық сараптама және аудит, экологиялық мониторинг, халықаралық экологиялық ынтымақтас-тық, ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру, табиғатты қалпына келтіру және табиғатты сақтау жұмыстарын жүргізу, т.б. жатады (1-сурет).
   ​Соңғы жылдары зерттеудің негізгі міндеттерінің бірі – қоғамды қоршаған ортаның (ҚҚО) жай-күйі туралы шынайы ақпаратпен қамтамасыз ету. Оның шешімін бұрыннан белгілі әдістемелік тәсіл – географиялық сараптаманы пайдаланған кезде білеміз.
​   Нақты шаруашылық нысанының табиғи ортаға әсерін бағалау «географиялық сараптама» деп аталады. Бұл туралы 10-сыныпта хабардар болғансыңдар.

   ​Сараптаманың мақсаты – шаруашылық жүйелерінің дамуын жоспарлау, қызмет ету және болжаудың күрделі процестерін анықтау, ҚҚО туралы ақпараттың саны мен сапасын анықтау, тиісті шешімдер қабылдау, адамның тіршілік ету саласын жақсартудың баламалы шешімдерін бағалау арқылы таңдау.
   ​Географиялық сараптама деп мыналарды түсінеміз:
   ​1) шаруашылық қызметтің қоршаған ортаға теріс әсерін айқын­дау;
​   2) шаруашылықты қоршаған ортаны қорғау талаптарымен сәйкес­тендіру немесе қоршаған ортаны қорғау бағдарламаларын экономикалық даму жоспарларымен үйлестіру арқылы қоршаған ортаны қорғаумен қамтамасыз ету;
   ​3) өндірісті аумақтық ұйымдастырудың тиімділігін арттыру үшін, «халық-экономика-табиғат» сияқты интегралдық жүйе­лердің дамуын реттейтін заңдылықтарды тексеруге мамандандырылған ғылым саласы.

  1-сурет. Табиғатты пайдалануды басқару жүйесі

2. Экологиялық, экологиялық-географиялық және экономикалық-гео­гра­­фиялық сараптама элементтері

   Экологиялық сараптама деп, жобаланып отырған шаруашылық ны­сан­­дарының географиялық ортаның биологиялық құрамдас бөлігіне әсерін бағалауды түсінеміз. Бірақ адамның қоршаған ортамен өзара қарым - қатынас проблемасы өте көп қырлы пәнаралық тәсілді талап ететіндіктен, неғұрлым кең және күрделі экологиялық-географиялық сараптама жүргізу қажет болады.
   ​Экологиялық сараптаманың «экологиялық-географиялық» және «экономикалық-географиялық» деген негізгі екі түрленімі бар.
   ​Экологиялық-географиялық сараптама барысына өңірдегі өндіргіш күштер­дің дамуы мен орналасуының әртүрлі жақтары бағаланады. Ландшафтының қазіргі жай-күйін бағалау және олардың өзгеруін болжау, табиғат қорғау іс-шараларын бағалау, мүмкін болатын шығындарды өтеу жөніндегі іс-шараларды – жер, орман, балық, тағы басқа да ресурс түрлерін бағалау; табиғи, тарихи ескерткіштерді қорғауды бағалау, т.б. Бағалау кез келген сараптаманың маңызды элементі ретінде белгіленген қандай да бір өзгерістердің халық пен шаруашылықтың нормативтік жай-күйімен арақатынасын болжайды.

   ​Геотехникалық жүйелерді және өндірістік нысандарды құрудың экологиялық салдарын бағалау 5 түрге бөлінеді. Олар: табиғи бағалау, арнайы табиғи, технологиялық, экономикалық, әлеуметтік (психологиялық) бағалау (2-сурет).
   ​Табиғи компоненттер бойынша бастапқы деректердің сипат­тамасы жергілікті ландшафтының құрылым-дық-динамикалық қа­сиет­­терін кешенді талдау­мен аяқталады. Бағалауға тау жыныстары, жерүсті және жерасты сулары, ауа, топырақ, тірі организм, ішкі және сыртқы табиғи процестер жатады. Әсіресе улы заттарды тасымалдау мен өңдеу жылдамдығына әсер ете отырып, нысандардың орналасуын шектей алатын ландшафт туралы бастапқы деректер, олардың жинақталу немесе ыдырау қабілеттері ерекше маңызды. бұл деректер ландшафтының сыртқы табиғи және техногендік әсерлерге әлеуетті орнықтылығын одан әрі бағалау үшін қажет.
    Ресурстардың, әсіресе энергетикалық ресурстардың болуы және тұтынылуы; аймақтың шаруашылық құрылымына сәйкес әртүрлі өндірістік нысандардың орналасуы; қолданылатын өндірістік технологиялар;

демографиялық және медициналық географиялық мәліметтер сияқты деректер аумақтың дамуына және табиғатты қорғау шараларын ұйымдастыру үшін ерекше маңызды. Барлық жағдайда ақпарат зерттеліп жатқан жобаның түпкі мақсаты негізінде таңдалуы керек.
​   ​Экономикалық-географиялық сараптама қазіргі әдістемелерді толық­тыруды, аймақтық даму жобаларын сараптауды көздейді. Олар аймақтық (аудандық) жоспарлау, тұжырымдамаларды немесе техникалық-экономикалық негіздемені (ТЭН) әзірлеу, жекелеген экономикалық нысандарды құру, аумақтық табиғи-шаруашылық жүйелерін (АТШЖ) ішінара немесе толық қайта құру салаларында әзірленді. Олардың ерекшелігі – өнеркәсіп торабының, кластердің, экономикалық ауданның немесе жекелеген кіші жүйелердің құрылымына жаңа элементті қосудың аумақтық (шаруа­шылық) тиімділігін есепке алуында.

​   Экономикалық-географиялық сараптамаға мыналар жатады:​
   ​– табиғи және шаруашылық кешендер мен халықтың аумақтық қауымдастықтары (социумдар) үшін экономикалық, әлеуметтік-мәдени мақсаттағы нысандарды құру немесе өзгертудің тікелей салдарларын есепке алу;
   ​– көптеген жанама, көзге көрінбейтін салдарларды есепке алу.
   ​Салдарларды тек сарапшының өңірлік құзыреттілігі мен ойлауының «географиялық», яғни аумақты бірыңғай табиғи-шаруа­шылық кешен ретінде қабылдау қабілеті болған кезде ғана бөліп айтуға болады.
жүйелердің құрылымына жаңа элементті қосудың аумақтық (шаруа­шылық) тиімділігін есепке алуында.​
   Осылайша, сараптама процесі әртүрлі бағалау түрлерін қамтиды және​ нысанның табиғи ортаға әсер ететін жағдайынан бастап, жобаның аймақтың медициналық-географиялық жағдайына әсерін, оның табиғи және әлеуметтік-экономикалық жағдайларының қайталама өзгерістерін аяқтай отырып, көптеген географиялық деректерге сүйенеді.

2-сурет. Экологиялық-географиялық сараптама жүргізу кезіндегі экологиялық салдарларды бағалау түрлері

   Бұл қызық!

   1. XX ғасырдың 60-жылдары Кеңес өкіметі Орта Азияда шош­қа шаруашылығы кешендерін құру арқылы халықты етпен қамтамасыз ету мәселесі шешуге әрекет жасады. Бір қарағанда шошқа шаруа­шылығының артықшылықтары айқын болып көрінетін – шошқа басқа жануарлармен салыстырғанда орташа тәуліктік салмақты көбірек қосады, тамақ өнеркәсібінің қалдықтарымен қоректене береді. 

Шошқа өсірумен айналысатын кешендерді үлкен қалалар маңында орналастыру халықты етпен қамтамасыз ету проблемаларын тез шешуге мүмкіндік береді деген ой болды. Алайда Кеңес өкіметі мұнда мекендейтін этностардың шошқа етін тұтынбайтынын есепке алмады. Ақыры қыруар шығын шыққанмен, бұл мәселе шешілмеді.

   2. Донецк-Макеевка агломерациясында ерлер мен әйелдердің жұмыспен бірдей дәрежеде қамтылмағаны белгілі. Әйелдерді қосымша жұмыс орындарымен қамтамасыз ету үшін 6000 жұмысшыға есептелген ірі мақта-мата комбинаты салынды. Алайда комбинат алғашқы күннен бастап көп миллиондаған агло­мерацияда жұмыс күшінің тапшылығын бастан кешірді. 

Шахтерлер – кеңес жұмысшыларының ең жоғары жалақы төленетін тобы болатын, олардың негізгі бөлігі жеке тұрғын үйде тұратыны, шахтерлер менталитеті әйелдеріне жұмыс істеуге мүмкіндік бермейтіндігі ескерілмеген. Ақыры комбинаттың екінші кезегі салынған жоқ.

(Ақпараттар порталы материалынан)

Өзіңді тексер!

   1. Табиғат пайдалануды басқарудың экономикалық әдістеріне не жатады?

  • ренталық төлемдер
  • экономикалық төлемдер
  • табиғи ресурстарды пайдаланғаны және қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемдер
  • стандарттар мен пайдалану лимиттерін бұзғаны үшін айыппұлдар
  • экологиялық стандарттар мен табиғат пайдалану лимиттерін бұзғаны үшін айыппұлдар

   2. Табиғатты пайдалануды басқарудың әкімшілік әдістеріне не жатады?

  • экологиялық мониторинг
  • табиғат пайдаланушылардың табиғат қорғау қызметін есепке алу және бақылау
  • табиғат пайдаланушыларды есепке алу және бақылау
  • экологиялық сараптама және аудит
  • халықаралық экологиялық ынтымақтастық
  • аймақтық экологиялық ынтымақтастық
  • экономикалық мониторинг

   3. Нарықтық экономикада табиғатты пайдалануды басқару әдісі ретінде географиялық сараптаманың рөлі неде?

   4. Экологиялық, экологиялық-географиялық және экономикалық-географиялық сараптамалардың негізгі элементтерін ата.

   5. Экологиялық-географиялық сараптама жүргізу кезінде экологиялық зардаптарды бағалау түрлеріне талдау жаса.

   Қосымша ақпарат іздеуге байланысты тапсырмалар

   1-тапсырма. Табиғи бағалау әдісін пайдаланып, өзің тұратын жердің өнеркәсіптік ауданына экологиялық-географиялық сараптама жүргізу үшін тұжырымдамалық кесте құрастырып, толтыр. Шаруашылық нысандарының қоршаған ортаға теріс әсерін анықта. Сараптама нысаны 

ретінде Қарағанды-Теміртау ҚТ, Маңғыстау ҚТ, Қаратау-Тараз ҚТ, Атырау-Ембі, Алматы, Астана өнеркәсіптік тораптарын, т.б. алуға болады.
   ​2-тапсырма. Географиялық сараптама түрлері бойынша Венн диаграммасын құр. Жабылатын 

шеңберлер арқылы түсініктердің, идеялардың, категориялардың немесе географиялық сараптама топтарының арасындағы ұқсастықты, айырмашылықтарды және байланыстарды көрсет.

Өзіндік жұмыс

   3-тапсырма

  15-беттегі 1-сызбаны қара. Географиялық сараптама элементтерін қолданып, Қазақстан аумағында 1-б-сызбада көрсетілген минералдық шикізатты өндірудің және өңдеудің жабық жүйесінің салдары қандай (оң/теріс) болатынын түсіндір. Қорытынды жаса.
   ​Табиғи ресурстарды ашық түрде өндіру мен өңдеу барысында қопарылған жер қабаты едәуір мөлшерде болғанымен өнім аз өндіріледі, ауа мен су ластанады, қоқыс көп жиналады. Өндірістің осы экстенсивті түрінде табиғатқа орасан зор зиян келтіріледі (1а-сызба).

Жартылай ашық жүйеде қалдығы аз өндіріс жүзеге асады. Мұнда тазарту құрылыстары, қалдық қоймаларын құру мен пайдалану, ішінара тұйық өндірісте су айналымын ұйымдастыру, сондай-ақ негізгі өндірілетін элементке ілеспе көптеген бағалы компоненттерді ілеспе өнімге бөлу жүргізіледі (1ә-сызба).

 Менің көзқарасым

   Белгілі географ, мәдениеттанушы, саяхатшы, география ғылымдарының кандидаты, РҒА География институтының аға ғылыми қызметкері В.Л. Каганский: «Географиялық сараптама – ең алдымен кеңістіктік түсініктер мен ұғымдардың сараптамасы» – деген болатын. ​Неге олай айтқанын түсіндір.

1-сызба. Минералдық шикізатты: 1) ашық; 2) жартылай ашық; 3) жабық жүйелерде өңдеу (ДӨ – дайын өнім)
Өтінемін күте тұрыңыз