Кіріспе

Математикада ықтималдықтар теориясының өз алдына жеке бағыт ретінде пайда болуы – құмар ойындарда жеңу стратегиясын табуға деген құлшыныстың нәтижесі.

Құмар ойындар – ойын нәтижесі ойыншының дағдысына ғана емес, сонымен қатар кездейсоқ факторға да тәуелді болатын ойындар. Осы мағынада алып қарасақ, шахмат немесе дойбы құмар ойынға жатпайды, ал нарды ойынында әрбір жүріс екі ойын сүйегіндегі түсетін ұпайлар комбинациясына тәуелді болады. Бүгінгі күнде ықтималдықтар теориясы мен математикалық статистика ғылымының барлық саласында және адамның қүнделікті іс-әрекетінде жиі қолданылатын аса қуатты құрал болып табылады: ол сақтандыру саласы мен статистикалық физикада, әлеметтану мен биологияда, информатика мен құрылыс т.с.с. салаларда қолданылады.

Кванттық механикада қарапайым бөлшектердің қозғалыс тәртібі ықтималдықтар теориясында арнайы терминдер арқылы сипатталады. Тиімді сақтандыру стратегияларын жасауды қазіргі ықтималдықтар теориясы мен математикалық статистика жетістіктерінсіз іске асыру мүмкін емес. Гендер арқылы берілетін тұқым қуалаушылық белгілерінің пайда болу ықтималдығы, биологтар мен дәрігерлердің басты назарында болып келеді.

Ықтималдықтар теориясының негіздерін түсінген адам, еш уақытта құмар ойындармен әуестенбейтінін айта кеткен жөн.

Өтінемін күте тұрыңыз