Құрама есептер

Мен екі амалдан тұратын есептерге талдау жасап, оларды шығаруды үйренемін.

Алматыға саяхат

Алматы хайуанаттар бағы – Қазақстандағы алғашқы зообақтардың бірі. Оның құрылғанына 80 жыл болды.

100 – 3 · 5 – 2=

55 + 27 : 3 + 9 · 4=

20 : 5 · 9 + 38=

Мұны ойланыңыз

а) Бірінші торда 14 түлкі бар, бұл екіншісіне қарағанда 2 есе артық. Екі торда барлығы неше түлкі бар?

ә) Бірінші торда 4 жанат, ал екіншісінде одан 8 жанат артық. Екінші торда бірінші торға қарағанда неше есе артық жанат бар?

Аналық керіктің массасы 6 ц, аталық керіктің массасы аналығына қарағанда 2 есе ауыр. Ал төлінің массасы аталығынан 6 есе жеңіл. Керік төлінің массасы неше центнер?

 есе ауыр

 есе жеңіл

а) Ең ірі қолтырауынның ұзындығы 7 метр, бұл теңіз піліне қарағанда 1 метрге ұзын. Ал көк киттің ұзындығы теңіз піліне қарағанда 5 есе ұзын. Көк киттің ұзындығы неше метр?

ә) Түлкінің құйрығының ұзындығы 38 см, бұл жолбарыстың құйрығының ұзындығына қарағанда 42 см-ге қысқа. Ал арыстанның құйрығының ұзындығы жолбарыстың құйрығының ұзындығына қарағанда 15 см-ге кем. Арыстанның құйрығының ұзындығы қандай?

  

5-тапсырма.Жұпта жұмыс істеу

Хайуанаттар бағының сызбасына қара. Бақтың ұзындығын сантиметрмен өлше.

Өтінемін күте тұрыңыз