Есептер шығару

Мен екі амалмен орындалатын есептерге талдау жүргізіп, оны шығаратын боламын.

Қазақ халқының қолөнері

1-тапсырма

Есептерді шығар.

а) Зергер 4 білезік және одан 2 есе артық сақина жасады. Зергер барлығы неше бұйым жасады?

ә) Бір зергер 24 әшекей бұйым жасады, бұл басқа зергердің жасағанына қарағанда 4 есе артық. Екі зергер барлығы неше әшекей бұйым жасады?

б) Зергер 18 сақина жасады. Ол 3 қобдишаның әрқайсысына 4 сақинадан салды. Неше сақина қалды?

2-тапсырма

Есепті шығар.

а) Көрмеге күмістен жасалған 27 бұйым, ал теріден жасалған бұйымдар одан 3 есе кем қойылды. Көрмеге күмістен жасалған бұйымға қарағанда, теріден жасалған бұйымның нешеуі кем қойылды?

ә) Қысқаша жазылуы бойынша есептер құрастырып, оларды шығар.

б) Берілген сөздер мен сандарды пайдаланып, бір және екі амалмен шығарылатын есептер құрастыр. Оларды шығар.

2•9 = 

14 : 2 = 

5•2 = 

14 : 1 = 

7•1 = 

4•2 = 

1•9 = 

5 : 5 = 

16 : 2 = 

12•1 = 

18 : 9 = 

12 : 6 = 

23 + 49  =  

9 + 89 = 

70 – 21 = 

36 + 18 = 

90 – 19 = 

36 + 54 =  

6-тапсырма

Балаларға дұрыс шешуін табуға көмектес. Қайсысы сәйкес келеді?

Өтінемін күте тұрыңыз