Менің жетістіктерім

5-тарау. Экономикалық география

5.2. Әлеуметтік-экономикалық ресурстар

10-сарамандық жұмыс

   Жолдар салу кезінде физикалық-географиялық жағдайларды ескеру. Өз қалауың бойынша, ұсынылған бағыттың бірін таңдап, гипсометриялық кескін құрастыр және берілген бағыт бойынша жол салу кезінде көпір, жерасты жолы, экодук түріндегі қандай техникалық құрылыстар ескерілуі тиіс екенін анықта.

1. Шымкент – Қостанай

2. Тараз – Петропавл

3. Орал – Жезқазған

4. Ақтөбе – Өскемен

5. Қызылорда – Нұр-Сұлтан

   Жолдар салу үшін аумақтың физикалық-географиялық ерекшеліктері үнемі ескеріледі. Олардың негізгілері – жер бедері, су нысандарының болуы, нысандардың абсолюттік және салыстырмалы биіктігі, жануарлар әлемі. Оларды ескеру үшін инженерлер гипсометриялық профиль құрады. Бұл – берілген бағыт бойынша тік жазықтықтағы географиялық кесінді.
   ​Профильдің екі осі мен екі масштабы болады. Көлденең масштабтың көмегімен көлбеу ось бойынша, тік масштабтың көмегімен көлденең сызықтың астыңғы немесе үстіндегі тік сызық бойынша арақашықтығы өлшенеді. Профильдердің барлығы тік масштабпен салыстырғанда, кішілеу көлденең масштабқа ие.
   ​Жұмысты орындау үшін координаттық осьтер түскен миллиметрлік парақ болуы керек. Биіктік пен тереңдікті анықтау карта шетіндегі шәкіл бойынша жүргізіледі. Профильде нүктелер көзге көрінетін-дей етіп белгіленуі тиіс (тау шыңдары, өзен қиылыстары және т.б.). Олар профильмен әрі қарай жұмыс істеген кезде бағдар ретінде қызмет атқарады. Сендер техникалық құрылысты – көпір, жерасты жолдары, экодуктар; қардан, шудан, лайдан, тау жыныстарының көшкінінен үнемі қорғайтын құрылғыларды, көліктерге аялдайтын немесе тұрақ ретіндегі арнайы алаңдарды және т.б. қай телімге салу қажеттігін көрсету лерің керек. Қар еріген немесе қатты жауын-шашын кезінде су ағатын құрылғылар, мал қайыратын жерлер, жанармай бекеттері және т.б. ескеру қажет.
   ​Тапсырма шарттарына сәйкес, сендерге барынша жан-жақты профиль құрастыру қажет. Сондықтан да сендер көлденең және тік масштаб құрастырып, осыған байланысты миллиметрлік қағаздардың көлемін анықтауларың керек. Өздерің жобалаған жолшаруашылық салалары мен халықтың қандай проблемаларын шеше алады?

Шаруашылықтың барлық салаларына қажет инфрақұрылым саласы

Компания атауы

Кәсіпорын орналасқан елді мекеннің бөлігі

Орналасуы

Энергиямен қамтамасыз ету

Сумен қамтамасыз ету

Қоймашаруашылық

Транспорттық кәсіпорындар

Көтерме сауда компаниялары

Қаржы ұйымдары

Мұндай шешімдердің мысалы:

● Нұр-Сұлтан көшелерінде «жылы аялдамалар» мен таймері бар бағдаршамдар пайда болды;
​● Смартфондарға автобус жолаушысына қажетті бағытты анықтауға мүмкіндік беретін қосымшалар орнатылды;
​● Қазақстанның барлық аймағында «Азаматтарға арналған үкімет» ұлттық корпорация бөлімшелері жұмыс істейді. Онда бірнеше қызметті бір жерден алуға болады;
​● Ғаламтор арқылы емхана, банк, дүкен, білім мекемелері және т.б. мекеме қызметкерлерінен мағлұмат пен ақыл-кеңес алуға болады.
​Өз жобаңда 60–61-параграфтарда сипатталған әлеуметтік инфрақұрылым кәсіпорындарына аса назар аудар. Кез келген ұсынысты назардан тыс қалдырма, уақыты келгенде жүзеге асыру.

Өтінемін күте тұрыңыз