Әлеуметтік-экономикалық ресурстар. Транспорт инфрақұрылымы қаншалықты маңызды?

Жаңамен танысу
Сен шаруашылықты дамытуда және қоғам өмірінде транспорттық инфрақұрылымның маңызын анықтай отырып, "Инфрақұрылым деген не? Транспорт деп нені айтамыз? Транспорттық инфрақұрылым неден тұрады? Біздің өмірімізде ол қандай рөл атқарады?" деген сұрақтарға жауап аласың.

Инфрақұрылым

Инфрақұрылым – күнделікті өмір мен шаруашылықты дамытуды қамтамасыз ететін кәсіпорындар, ұйымдар, құрылыстар. Ол жолдар, электр және сумен қамту жүйесі, байланыс, қоймашаруашылық, сондай-ақ қоғамдық транспортты қамтиды.

Инфрақұрылымсыз қоғам мен шаруашылықтың қалыпты дамуы мүмкін емес. 61-суреттің көмегімен нысандар мен инфрақұрылымның маңызын қарастырамыз. Суреттің ортасында кондитерлік фабрика берілген. Оның айналасында – оның инфрақұрылым элементтері.

Инфрақұрылымның жекелеген кәсіпорындарының маңызын қарастырамыз.

Қоймашаруашылықтың қызметі – тауарларды уақытша сақтау. Оның басты міндеті – тауар сапасын сақтау. Қойма күзетілетін аймаққа жатады.

Энергиямен қамту қызметі – электр қуатын тұтынушыларға жеткізу.

Сумен қамту жүйелерінің қызметі – мұқтаж адамдарға су жеткізу.

Банктер белгілі бір жағдайларда түрлі тұлғаларға ақша береді немесе сақтайды, ақшаны бір адамнан екінші адамға, бір орыннан екінші орынға аударады. Банктік құрылғылардың көмегімен көптеген қоғамдық орындарда ақша алуға болады немесе алған тауар үшін дереу төлем жүргізуге болады.
Дүкендер – сатушыларға зат сатуға, сатып алушыларға әртүрлі тауар сатып алуға көмектесетін арнайы жабдықталған стационарлық ғимарат немесе жай. Олардың көбінде сауда, қойма, тұрмыстық жайлар бар.
Асханалар адамдарға тамақ бере отырып, олардың қалыпты тіршілік әрекетін қамтамасыз етеді.

Бұл суретте көрсетілмеген элементтер бар ма? Осындай үш мысал келтіріңдер және олардың фабрикаға қажетті екенін дәлелдеңдер. Кондитерлік фабрика өнімі цехтан тікелей сатып алушыға түсе ала ма?

Қандай инфрақұрылым кәсіпорындары кондитерлік өнім сатуға мүмкіндік береді? 

Қандай инфрақұрылым кәсіпорындары кондитерлік өнім шығаруға да, сатуға да бірдей қажет?

Қандай инфрақұрылым кәсіпорындары сатып алушыға қажет?

Инфрақұрылым кәсіпорындары үнемі қатар орналаса ма?

61-суреттің көмегімен нысандар мен инфрақұрылымның маңызын қарастырамыз.

Кондитерлік фабрика мен инфрақұрылым арасындағы байланыс құралдары

-1-

Барлық инфрақұрылым кәсіпорындары бір аумақта қатар орналаса бермейтіні мәлім. Олардың арасы үнемі алшақ болады. Мәселен, Алматыда орналасқан Қазақстанның ірі кондитерлік фабрикасы мен электр қуатын өндіретін ЖЭО кәсіпорны арасындағы қашықтық шамамен 20 км-ді құрайды.

Бұл кондитерлік фабриканы және сауда үйлеріндегі сатып алушыларды 1200 км бөліп жатыр. Кондитерлік өнімдер жеткізілетін қойма Орал қаласында фабрикадан 2700 км алшақ жатыр. Фабрика мен су жеткізуші, банктер, сауда фирмаларының арасы да алшақ. Инфрақұрылым кәсіпорындарының барлық қызметтері мен өнімдері кондитерлік фабрикаға, ал кондитерлік өнімдер Қазақстанның барлық өңіріндегі сатып алушыларға қандай жолмен түседі?Оларды жеткізу тәсілдері мен құралдарының көбісі сендерге таныс. Мысалдарға тоқталайық (62-сурет).

-2-

Транспорт. Біз фабрика мен өзге кәсіпорындар арасында біршама қашықтық барын, яғни әртүрлі орындарда орналасқанын анықтадық. Әрбір жағдайда бір кәсіпорынның қызметін екінші кәсіпорынға ауыстыру, бір орыннан екінші орынға ауыстыру жүргізіледі.

Бір нәрсенің кеңістікте қозғалуы транспорт (латын тілінен аударғанда «trans» – «арқылы» және «portare» – «алып жүру» деген мағынаны білдіреді) деп аталады. Бұл – осы сөздің жалпы мағынасы.

Экономикада транспорт деп барлық қатынас жолдары: көлік құралдары, техникалық құралдар мен адамдардың, жүктердің және ақпараттың бір жерден екінші жерге ауысу үдерісін қамтамасыз ететін қатынас жолдарындағы құрылыстардың жиынтығын айтамыз.

-3-

Қатынас жолдары немесе жолдар – адамдар, жүктер және ақпарат өтетін кеңістіктегі орын, желі, жолақ.

Транспорт құралы – адам немесе жүктерді тасымалдайтын техникалық құрал. Адам қозғалысын және тасымалды жеңілдету үшін ойлап тапқан жолдармен жүре алатын құрал – ол көлік құралы.

Барынша таралған көлік құралдары – автомобильдер, ұшақ және тікұшақтар, теңіз және өзен кемелері, пойыздар.

Көлік құралдарына құбырлар (сұйық және газ тәрізді өнімдер), электр тарату желілері (электрқуатын таратады), оптикалық-талшықты магистральдар (ақпарат тарату үшін, оның ерекшеліктерімен сендер физика және информатика сабақтарында танысасыңдар) жатады. Бір қызығы, қатынас жолдары – сонымен бірге көлік құралдары.

-4-

Кейде өтуге қиын жерлерде жол салынады, сондықтан инженерлер түрлі техникалық құралдар мен құрылғылар әзірлейді. Өзен немесе теңіз арқылы көпір болмаған жағдайда паром қолданылады.

Ол кезде қандай құралдар пайдаланылады? Өнімді сату орындарына жеткізу қандай тәсілмен және қандай құралдармен жүзеге асырылады?

Әрбір жағдайда қызметтерді инфрақұрылым кәсіпорындарынан кондитерлік фабрикаға дейін және кондитерлік өнімдерді фабрикадан сауда фирмаларына немесе сатып алушыларға дейін жеткізуде қандай қатынас жолдары мен көлік құралдары қолданылады?

Сенің өлкеңдегі қатынас жолдарында қандай техникалық құралдар мен құрылғылар бар?

62-сурет. Кондитерлік фабрика мен инфрақұрылым арасындағы байланыс құралдары

Дүниежүзіндегі көліктің ең көп таралған түрі

Артықшылықтары

Кемшіліктері

Автомобильдік транспорт

● мобильділік, кез келген жерде тиеу және түсіру мүмкіндігі;
● навигациялық құралдар болған кезде бақылау мүмкіндігі;
● күрделі тиеу-түсіру құрылғыларын қажет етпейді;
● аралық шамадан артық жүкті тиеусіз жеткізу.

● шағын жүккөтергіштік (10–12 т);
● сұйық отынды қажет ету (ең қымбат);
● тасымалдауға кететін үлкен еңбек шығыны;
● шалғайға жеткізу құнының жоғарылығы.

Әуе транспорты

● жоғары жылдамдық;
● жүкті кез келген жерге жеткізу мүмкіндігі (тікұшақ пайдаланумен);
● қонбай, алысқа ұшып бару.

● тасымалдау құнының жоғарылығы;
● тасымалданатын жүктің шектеулі мөлшері мен салмағы.

Артықшылықтары

Кемшіліктері

Теміржол транспорты

● көп жүкті алысқа тасымалдау мүмкіндігі;
● ауа райына тәуелділіктің аздығы;
● арнайы вагондармен (цистерналар, тоңазытқыштар және т.б.) тасымалдау мүмкіндігі;
● бейнеті аз;
● транспорттың экологиялық таза түрі.

● жолдың басында және соңында тиеу және түсіру құнының жоғары болуы;
● теміржол тораптарына бағынышты болу.

Артықшылықтары

Кемшіліктері

Құбыр транспорты

● оны күрделі геологиялық және климаттық жағдайларда салу мүмкіндігі;
● үлкен өткізу қабілеті;
● өзіндік құнының төмен болуы;
● тасымалдау барысындағы толық герметизация;
● толтыру, айдау, құю жұмыстарының автоматтандырылуы;
● құрылыс жүргізу кезінде металды аз шығындау.

● жүк түрлерінің шектеулігі (газ тәрізді және сұйық өнімдер);
● шағын мөлшердегі жүкті тасымалдау мүмкіндігінің жоқтығы.

Артықшылықтары

Кемшіліктері

Су транспорты

● үлкен жүккөтергіштік (өзен – бірнеше жүздеген тоннаға дейін, теңіз – бірнеше мыңдаған тоннаға дейін);
● тасымалдаудың салыстырмалы құны жоғары емес.

● су кемесі жүретін өзен, кемежай, порт және айлақтардың болу қажеттілігі;
● қысқы уақытта тасымалдау мүмкіндігінің жоқтығы;
● төмен қозғалыс жылдамдығы.

-1-

Дүниежүзіндегі көліктің ең көп таралған түрі мыналар: автомобиль, әуе, су, теміржол, құбыр.Тасымалды жоспарлаған кезде олардың әрқайсысының артықшылығы мен кемшілігін ескерген жөн. Жалпы транспорт құралын таңдауға мыналар ықпал етеді:
​1) жүктің сипаты (салмақ, көлем, консистенция);
​2) жөнелтілетін партия саны;
​3) маусымдық-климаттық жағдайын ескере отырып жеткізу пунктінің орналасқан жері;
​4) жүк жеткізу жолының қашықтығы;
​5) жүк жеткізу нүктесінің теміржол торабына немесе автомагистральға жақын орналасуы;
​6) жүктің құндылығы және сақталуы.

-2-

Адамдардың орындарын ауыстыруынсыз, материалдық құндылықтардың және т.б. тасымалдамай экономика дамымайды. Бизнестің бірде-бірі транспорттық қызметтің көмегінсіз алға баспайды: өндірісте шикізат пен дайын өнімнің жеткізілуін, өндірістік емес секторда пошталық жеткізілімдерді ұйымдастыру қажет. Тіпті қызметкерлер жұмысқа келуі үшін транспорт қажет. Транспорт құралын таңдау кезінде келесі түрткіжайттарды ескеру қажет:

1) бұйымның сипаты (не тасымалданады, қандай түрде);

2) жол қашықтығы мен жүретін жол.

-3-

Транспорт адамдарды бір немесе бірнеше елді мекен шеңберінде алдын ала белгіленген бағытпен қолжетімді бағаға тасымалдау бойынша өте маңызды қызмет атқарады. Мұндай транспортты қоғамдық көлік деп атайды. Қоғамдық көлік түрлеріне автобус, троллейбус, трамвай, маршруттық такси, метро және т.б. кіреді. Клиенттерге тасымалдаудың барынша ыңғайлы түрін көрсететін таксилер де бар. Бірақ олардың тасымалдау бағасы қымбатырақ. Кәсіби географтар сұранысқа ие аудандарды барынша қамти отырып, бір жолды екі жүрмейтіндей етіп көліктің бір бағыттағы қозғалу сызбасын әзірлейді.

Фабрика немесе сатып алушы кондитерлік өнімдерді апаратын жерге жеткізу үшін транспорттың қандай түрін таңдайды? Қандай жағдайда олар жеткізудің аралас түрін таңдайды?

Картасызбадан кондитерлік бұйымдарды жеткізу жолын көрсетіңдер.

Тауарларды жеткізу шығыны тауардың бағасына қосылатыны мәлім. Қай аймақтың сатып алушыларына фабрика өнімі қымбатырақ болады?

Фабрика немесе сатып алушылар транспорттың қандай түрлерін пайдаланбайды?

Әрбір тармақ бойынша жауаптарыңа қатысты дәйектер келтіріңдер.

Қоғамдық көліктің нашар дамуы неге әкеп соқтырады? Сендер қоғамдық көліктің қандай түрін пайдаланасыңдар? Қоғамдық көлікке жалпы және жеке әрбір түріне қойылатын талаптар тізімін құрастырыңдар.

Ойыңды тұжырымда

1. Жер сферасы транспорттық инфрақұрылымға қалай тартылған?

2. Заманауи техникалық-технологиялық жетістіктерді пайдалана отырып, жөнелту нүктесінен жеткізу нүктесі арасындағы қашықтықты автоматты түрде қалай анықтауға болады? Егер осындай мүмкіндік болса, кондитерлік өнімдерді Алматыдан Әзірбайжанға, Бішкекке және Оралға жеткізу жолын анықтап, есептеңдер.

3. Көліктің маңыздылығын растайтын ұран (слоган) құрастырыңдар.

1. «Транспорт» түсінігінің анықтамасына сәйкес оған ғимараттардағы жеделсатыларды, таулы жердегі фуникулер, зауыттар мен шахталардағы конвейерлік ленталарды жатқызуға бола ма?

2. Тауарларды, адамдарды, ақпаратты көліктің көмегінсіз жеткізу тәсілі бар ма?

3. Өндіріс немесе сату саласында шаруашылық қызметтің қандай түрлерін көліктің көмегінсіз жүзеге асыруға болады?

Өтінемін күте тұрыңыз