Табиғи-аумақтық кешендердің көптүрлілігі неден көрінеді?

Жаңамен танысу
Сен әртүрлі деңгейдегі табиғи-аумақтық кешендерді жоспар бойынша сипаттауды үйрене отырып, "Табиғи-аумақтық кешендер қандай деңгейлерге бөлінеді?" деген сұраққа жауап аласың.

Табиғи-аумақтық кешендердің бір-бірінен айырмашылықтары

34-сурет. «Көл» табиғи-аумақтық кешені
35-сурет. «Экваторлық белдеудің мәңгі жасыл ылғалды ормандары» табиғи-аумақтық кешені

-1-

Табиғи-аумақтық кешендердің (ТАК) көлемі жағынан бір-бірінен айырмашылығы бар:

1. Бірі жер бетінің шағын аумағын алып жатады, ол жергілікті деп аталады. Оларға жыра, көл, өзен аңғары, теңіз шығанағын мысалға келтіруге болады (34-сурет).

2. Кейбірі Жердің бүкіл аумағы деңгейінде үлкен кеңістікті қамтиды, ол аймақтық деп аталады. Олар – жекелеген материктер немесе табиғи зоналар, орман зоналары немесе шөлейтті зоналар (35-сурет).

-2-

3. Үшінші топ ғаламшардың үлкен бөлігін қамтиды, сондықтан ол ғаламшарлық деп аталады.

Литосфера, атмосфера, гидросфера және биосферамен белсенді түрде және өте ұзақ уақыт өзара әрекеттесетін Жердің бүкіл беткі қабаты географиялық қабық деп аталады (36-сурет). Барлық шағын табиғи-аумақтық кешендер ірі кешендер құрамына кіреді. Жердің беткі қабатында олар табиғи-аумақтық кешендердің үздіксіз желісін құрайды және бұл тұтас ғаламшарлық құрылым – географиялық қабық.

36-сурет. Табиғи-ғаламшарлық кешен. Географиялық қабық

Тәжірибе

Тәжірибе жүргіз.

34, 35, 36-суреттерді қарастырыңдар. Жергілікті деңгейдегі табиғи-аумақтық кешенді географиялық картадан көрсетуге бола ма?
​Жергілікті деңгейдегі табиғи-аумақтық кешен аймақтық кешеннің бір бөлігі болуы мүмкін бе?
​Аймақтық деңгейдегі табиғи-аумақтық кешен географиялық қабықтың бір бөлігі болуы мүмкін бе?
​Неліктен оқулық авторлары мен суретші фотосуретте географиялық қабықты көрсете алмады?
​Мүмкіндігіне қарай өз жауаптарыңды санды мәліметтермен дәлелдеңдер. Географиялық қабықты картада көрсетуге бола ма?

Зоналдық кешендер

37-сурет. Жердің жылу белдеулері


​Картамен жұмыс

1. Климат карталарының көмегімен қаңтар мен шілдедегі орташа ауа температурасын, сондай-ақ келесі қалалардағы жауын-шашынның орташажылдық мөлшерін анықтаңдар.

Сингапур               Рангун

Бангкок                 Ұланбатыр

Пномпень             Иркутск

2. Қалалардың әрқайсысы экватордан қаншалықты шалғайда орналасқан?


Кестемен жұмыс

37-суреттің көмегімен бұл қалалардың қандай жылу белдеулерде орналасқанын анықтаңдар.

Нәтижені кесте түрінде көрсетіңдер. Экватордан қашықтаған сайын температураның өзгеруі туралы тұжырым жасаңдар.

Температура өзгерістері жердің беткі қабатының келбетіне қалай ықпал етеді?​

-1-

Табиғи-аумақтық кешендер өте көп. Олар көлемі жағынан да, құрамы жағынан да бір-біріне ұқсамайды. Олардың арасында зоналдық және азоналдық табиғи кешендер бар.

Зоналдық кешендер ендік зоналар құра отырып, экватордан полюске қарай бір-бірін алмастырады. Олар батыс-шығыс бағытында кең жолақтар түрінде созылып жатады. Олардың орналасуында экватордан полюске қарай симметрия көрінеді. Экваторда және тропиктерде күн сәулесі көбірек және онда климат ыстық (37-сурет). Тек экваторда ылғал көбірек. Тропиктерде ауа құрғақ. Экватордан алшақтаған сайын, ауа температурасы төмендейді. Сондықтан жылу сүйгіш өсімдік суыққа төзімді өсімдіктермен алмасады.

-2-

Солтүстік және оңтүстік полюске жақын облыстарда климат өте суық болады. Сондықтан арктикалық және антарктикалық белдеулерде өсімдіктер мен жануарлар әлемі жұтаңдау. Зоналдық түрткіжайттарға климат, күн радиациясының саны, жылу мен ылғалдың арақатынасы жатады.

Табиғи-аумақтық кешендердің алуан түрлі болуының өзге бір себебі – олардың секторлығы. Бұл – мұхит жағалауынан материкке тереңірек бойлаған сайын өсімдіктер, топырақ түрлері, жануарлар әлемінің заңды ауысуы. Мұхитқа жақындаған сайын климат ылғалдырақ, ал алыстаған сайын, құрғақ бола түседі.

-3-

Егер белгілі бір аумақ климатының теңіз климатынан айырмашылығы болса, ол – континенттік климат. Материктердің ішкі аудандарының климаты құрлықтық болады. Теңіздік климаттық құрлықтық климатқа ауысуы біртіндеп жүреді. Оларды қоңыр салқын және күрт құбылмалы климат деп бөледі.

Континенттердің ішкі климаты құрғақ болатындықтан тез қызады, бірақ тез суып кетеді. Сондықтан температураның тәуліктік және жылдық амплитудасы айтарлықтай болады. Теңіз ауасының амплитудасы азырақ білінеді. Әдетте, ылғал ұзақ қызады, бірақ жылуды ұзақ сақтайды. 

-4-

Сондықтан теңіз климаты континенттік және күртконтиненттік климатқа қарағанда жұмсағырақ болады.

Әрбір белдеу немесе зона ішіндегі секторлар: теңіз, континенттікжәне күрт-континенттік.

1. Қалалардың қайсысы Атлант мұхитынан қаншалықты алыс орналасқан? 

2. Қандай қалада климат теңіз, континенттік немесе күрт-континенттік болады? Бұл сұраққа жауап беру үшін қаңтар мен шілденің температурасын салыстыруға болады. 

3. Нәтижені кесте түрінде беріңдер. Мұхиттан алшақтаған сайын жауын-шашын мөлшерінің өзгеруі туралы қорытынды жасаңдар. Мұхиттан алшақтық табиғат компоненттеріне қалай ықпал етеді? 

Азоналды кешендер

38-сурет. Таулардың тосқауылдық қызметі

-1-

Жер қойнауында болатын үдерістердің нәтижесінде азоналды кешендер қалыптасты. Геологиялық құрылым, бедер – осылардың нәтижесі. Таулар мен жазықтықтар табиғи-аумақтық кешеннің қалыптасуына ықпал етеді.

Мысал қарастырайық. Теп-тегіс жазықтықта ауаның қасиеттері шамамен бірдей немесе оңтүстіктен солтүстікке біртіндеп өзгерген болар еді. Барлық жерде бір табиғи-аумақтық кешен болатын еді.

Алайда ауа массасының қозғалыс жолында таулар пайда болса, онда ауа ағыны таулармен соқтығысып, өз бағыты мен қасиеттерін өзгертеді.

-2-

Ауа массаларының қозғалыс бағытына перпендикуляр орналасқан тау қыраттары жауын-шашынды ұстап қалады. Соның салдарынан тауға дейінгі аймақтың климаты таудың арғы жағындағы климаттан қатты ерекшеленеді. Таудың жел жақ бетінде ылғалдылық шамадан тыс болса, ықтасын жағында құрғақ болады (38-сурет).

Ауа таудан асқаннан соң құрғақ бола бастайды. Сондықтан таудың арғы жағындағы климат құрғақ және өсімдік басқаша болады. Өсімдік ерекшеліктеріне қарай жануарлар әлемі де өзгеруі мүмкін.

-3-

Осылайша, таудың болуы салдарынан бір кешеннің орнына үш кешен қалыптасады: тауға дейінгі кешен (ТАК 1), таудан кейінгі – (ТАК 3), таулардың өзі (ТАК 2), (39-сурет).

Материктер табиғатында Еуразиядағы Орал таулары мен Альпі тауы, Солтүстік Америкадағы Кордильера, Оңтүстік Америкадағы Анд таулары, Аустралиядағы Үлкен Суайрық жотасы бұған мысал бола алады. Егер олар болмаса, жер шарының бұл бөлігіндегі табиғи кешендер біртекті болар еді.

Осылайша, жер беті зоналдық және азоналдық кешендер жүйесінен тұрады. 

-4-

Азоналдық кешендер бедермен бірлесіп негіз құрайды. Зоналдық кешендер өз секторларымен бірге оларды көрпе бүркенгендей жауып жатады. Олар бір-бірімен жанасып, қосылып, географиялық қабық құрайды.

Көптеген табиғи-аумақтық кешендер қатты өзгерді. Табиғи себептермен қатар адамның шаруашылық қызметі бар. Ғаламшарда адам қолымен жасалған антропогенді кешендер пайда болуда. Адам өз тіршілігі үшін табиғатты өзгертуі тиіс. Бірақ өзгерістерді барлық компоненттердің өзара әрекеттесуін ескере отырып, ойлап істеген жөн. Сонда ғана табиғи тепе-теңдіктің бұзылуына жол бермеуге болады.

Жеке жұмыс

Берілген сызбаларды зерттеңдер. Шартты белгілер жүйесі 39-суретте берілген. Оларды дәптерде көрсетіп, әрқайсысына мұхит атауын, тау жүйесін, жазықтықты жазыңдар. Мысалы: Атлант мұхиты / Шығыс-Еуропалық жазықтық / Орал таулары / Батыс-Сібір ойпаты.

39-сурет. Азоналды табиғи-аумақтық кешендердің қалыптасуы

1. Мұхиттардан ауа массасы қай бағытқа соғатынын анықтаңдар. 

2. Қандай таулар олардың жолына кедергі болады? 

3. Тауларға дейін және таулардан кейін қандай жазықтықтар орналасады? 

40-сурет. Ауа массалары бағытының картасы

4. Егер тау болмаса, бұл жазықтықтардағы табиғат жағдайлары біртекті болар ма еді?

5. Егер тау болмаса, жазықтық аумағындағы табиғат жағдайлары қалай өзгерер еді?

6. Қай материкте ауа массаларының қозғалыс жолында айтарлықтай кедергі жоқ? Материк табиғатына оның әсері қалай болды?

40-сурет. Ауа массалары бағытының картасы

Сендердің көз алдарыңда қандай кешендер өзгерді?

ТАК келешекте қалай өзгеруі мүмкін?


​Топтық жұмыс

Географияны зерттеген сайын, бізге алуан түрлі табиғи-аумақтық кешендерге сипаттама беру қажет болады. Олар көп, бірақ олар бірдей компоненттерден тұратыны бізге белгілі. Сондықтан жалпы сипаттама жоспары бар. Ол келесі тармақтардан тұрады:

● Атауы
​● Географиялық орналасуы, шегарасы
​● Жер бедері
​● Климат жағдайы (қаңтардағы, шілдедегі орташа температура, орташа жауын-шашын мөлшері, түсу режімі)
​● Ішкі сулары
​● Топырақтары
​● Өсімдіктері
​● Жануарлар әлемі
​● Шаруашылықта пайдалануы


​Ескерту:

ТАК-ты сипаттай отырып, оның табиғат компоненттері арасындағы өзара байланысты ашыңдар.

Бұл жоспар сендердің географиялық білімдеріңді жетілдірулеріңе, сондай-ақ ТАК ерекшеліктеріне қарай жаңа тармақтармен толықтыруларыңа болады.

Бұл жоспар бойынша бір локальдық деңгейдегі, бір аймақтық және бір ғаламдық деңгейдегі табиғи-аумақтық кешенді сипаттап көріңдер. Өздерің таңдаған нысандардың сипаттама жоспарына қандай тармақтар қосасыңдар? Оларды қалай шештіңдер?

Ойыңды тұжырымда

1. Бір табиғи-аумақтық кешен өзінен ірілеу басқа бір кешеннің бір бөлігі болып табылатынына мысал келтіріңдер.

2. Мұндай бағытта жер бедерінің пішіні өзгере ме? Қандай ТАК жер бедері ерекшелігі салдарынан қалыптасады?

3. Көл, орман, жазықтық, тау, теңіз, материктің сипаттама жоспарын қандай тармақтармен толықтырар едіңдер?

1. Материктерде қандай гипотетикалық жағдайда секторлық болмайтын еді?

2. Метеорологиялық элементтер экватордан полюске қарай өзгеретіні мәлім. Жердің қандай сфераларының компоненттері осылай өзгереді? Қандай табиғи-аумақтық кешендер осы заңдылықтың арқасында құрылады?

3. Секторлық мұхиттардың қашықтығына байланысты екені анықталды. Материктер ішіндегі бедер пішіні секторлықтың қосымша түрткіжайты бола ала ма?

Өтінемін күте тұрыңыз