«Биосфера» тарауы бойынша қорытынды тапсырмалар

1- тапсырма

26-суретті пайдалана отырып, топырақ ортасының қандай түрткіжайттары биосфера шегараларына ықпал ететінін түсіндіріңдер.

1 – озон қабатының деңгейі;

2 – қардың шегарасы;

3 – топырақ;

4 – үңгірлерді мекендейтін жануарлар;

5 – мұнай ұңғымаларындағы бактериялар;

6 – су түбіндегі организмдер.

26-сурет. Биосферада организмдердің таралуы
1
2
3
4

2 - тапсырма

a) Сурет бойынша биосфера құрамын анықтаңдар.

ә) Олардың биосферадағы рөлі.

27-сурет. Биосфера және өзге қабықтар
28-сурет. Топырақ қабаттары

3 - тапсырма

27-суретті пайдалана отырып тапсырманы орында.

«Биосфераның Жердің өзге сфераларымен өзара байланысы» атты мақала жазыңдар.

а) Топыраққа анықтама беріңдер. Оның бірегейлігі неде?

ә) 28-суретті пайдалана отырып, топырақ жиектерін анықтаңдар және сипаттаңдар. 

б) Топырақ құнарлылығын оның қандай қабаты айқындайды? Неліктен осы қабат ауылшаруашылығы үшін маңызды? 

5-тапсырма

Неліктен тау топырағының құрамында сынық материалдар көп екенін түсіндіріңдер.

29-сурет. Топырақ кескіндері

1. 29-суретті пайдалана отырып, топырақ кескіндерін, олардың айырмашылықтарын анықтаңдар.

2. Қандай топырақ құнарлырақ болады?

3. Ауылшаруашылығында мұндай топырақтар қалай пайдаланылады?

4. Ауылшаруашылығында осы топырақтардың қасиеттерін жетілдіру және сақтау үшін қандай мелиоративті жұмыстар өткізу қажет? Өз жауаптарыңды негіздеңдер.

Егер Қазақстан жан басына шаққанда, жермен қамтамасыз етілуі бойынша дүниежүзінде үшінші орынды иеленетін болса, Қазақстан егістік алаңының мөлшері бойынша қандай орында екенін анықтаңдар. Себебін түсіндіріңдер.

Шығыс Африка елдерінде тұратын адамдар бір-бірімен кездескенде: «Топырағың құнарлы болсын!» – деп амандасады екен. Ол қандай мағына білдіретінін түсіндіріңдер.

30-сурет. Егістік алқаптарының көлемі бойынша дүниежүзінің ірі елдері
30а-сурет. Топырақтың экологиялық проблемалары
31-сурет. Шөлейттену


9-тапсырма

30а-суретті пайдалана отырып:

а) Топырақтың экологиялық проблема түрін анықтаңдар;

ә) Топырақтың осы экологиялық проблемасының себептерін түсіндіріңдер;

б) Қандай қорғаныс шаралары пайдаланылады?​


10-тапсырма

31-суретті пайдалана отырып, тапсырманы орында.

«Жердің шөлейттенуі: себептері мен салдары, қорғаныс шаралары» тақырыбында мақала жазыңдар.​


11-тапсырма

Топырақтың экологиялық проблемасының салдары мен шешімі кешенді сипат алатынын түсіндіріңдер.​

Өтінемін күте тұрыңыз