5-сарамандық жұмыс

129-сурет. Табиғаттағы су айналымы.

ГИДРОСФЕРА

Құрлық сулары

Атмосфера сулары

a) Дүниежүзілік су айналымы қалай болатынын әңгімелеңдер;

ә) Гидросфера Жердің барлық қабықтарымен өзара байланысты екенін дәлелдеңдер;

б) Дүниежүзілік мұхит тұщы су жеткізуші екенін дәлелдеңдер;

в) Неліктен гидросферада су азаймайды?

1. а) Дүниежүзілік мұхитқа анықтама беріңдер;

ә) «Дүниежүзілік мұхит бөліктері» сызбасын толтырыңдар;

б) Дүниежүзілік мұхит бөліктеріне анықтамалар беріңдер;

в) Дүниежүзілік мұхит бөліктеріне мысал келтіріңдер және оларды картадан көрсетіңдер.

2. Атлант, Үнді, Солтүстік Мұзды мұхиттар Тынық мұхиттан неше есе кіші екенін салыстырыңдар.

ГИДРОСФЕРА

Жеке жұмыс

1. 130-сурет бойынша Дүниежүзілік мұхит түбінің құрылымы туралы әңгімелеңдер. Дүниежүзілік мұхит түбінің бедер пішініне мысал келтіріңдер.

130-сурет. Дүниежүзілік мұхит түбінің құрылымы.

Топтық жұмыс

Ауызша жауап бер.

1. Екі сызбаны салыстырыңдар, ұсынылған сұрақтарға жауап беріңдер.
​а) Мұхит бетінде су температурасы қалай өзгереді? Себебін түсіндіріңдер.
​ә) Тереңдеген сайын су температурасы қалай өзгереді? Себебін түсіндіріңдер.
​б) Қорытынды жасаңдар.

Мұхит бетіндегі су температурасының өзгеруі
Тереңдеген сайын су температурасының өзгеруі

Топтық жұмыс​

1. 131-сурет бойынша Дүниежүзілік мұхиттағы су қозғалысының түрлерін анықтаңдар, олардың туындау себептері мен олардың ерекшеліктерін анықтаңдар.

Топтық жұмыс

​132-суретті пайдалана отырып:
​a. Суретте қай мұхиттың ағысы бейнеленгенін анықтаңдар.
​ә. Осы мұхит ағысының айналым ерекшеліктері туралы әңгімелеңдер.

132-сурет. Мұхит ағыстары


№1 Тапсырма

Бұл мәліметтерге өз түсіндірмелеріңді беріңдер, қалыптасқан жағдай себептерін түсіндіріңдер. БҰҰ баяндамасына сәйкес, соңғы жүз жылда суды екі еседен астам тұтыну халық өсімінің қарқынын арттырды.

1. Қазірдің өзінде 2,8 миллиард адам (жер тұрғындарының 40%-ы) қандай да бір жағдайда су тапшылығын тартады.

2. 1,2 миллиардтан астам адам су тапшылығы жағдайында өмір сүреді, түрлі қажеттілік үшін 75% өзен суын пайдаланады (ең алдымен бұл – Солтүстік Африка, Таяу Шығыс және Қытай мен Үндістанның кейбір аймақтары).​

адам үшін;

шаруашылықты дамыту үшін;

Жер ғаламшары үшін.

a) Еуропа мен Африканы ә) Солтүстік және Оңтүстік Американыб) Азия мен Африканы.

№4 тапсырма

133-суретті пайдалана отырып, Жапония жағалауында цунами қалай пайда болғанын әңгімелеп беріңдер.​

133-сурет. Цунамидің туындауы

а) Жапония цунамиіне байланысты қауіп пен салдарды анықтаңдар. 

ә) Экономиканы қалыптастырудың қандай жолдарын ұсынасыңдар?

б) Өз пікіріңді білдір: Бұл цунами Жапония экономикасына қалай әсер етті?


№6 тапсырма

Мәтінді оқып, берілген сұрақтарға жауап беріңдер. Суасты атом қайықтарымен бірге суға батып кеткен атом реакторлары мен атом оқтұмсықтары Дүниежүзілік мұхит суына радиоактивті заттардың қосылуы қаупін туғызды. 2009 жылға қарай мұндай апат салдарынан алты ядролық энергоқондырғы мен бірнеше ондаған ядролық оқтұмсық суға батып кетті.

1. Дүниежүзілік мұхиттың ластану түрін анықтаңдар.

2. Бұл ластану қаупі неде екенін түсіндіріңдер.

3. Бұл ластануға қатысты мәселені шешу және қорғаныс жолдарын ұсыныңдар.​

Қосымша ақпарат

2011 жылы 11 наурызда Жапония жағалауында Рихтер бағанымен магнитудасы 8,9 балдық жер сілкінісі болды. Жағалау маңындағы көптеген қалаларда эвакуация жүргізілді. Жапон метеорологиялық агенттігінің цунами туралы жасаған ескертуі «ірі» деп бағаланды. Толқынның биіктігі 40,5 м жетті. Жапония жағалауына жақын жерден 70 км жуық қашықтықта жер сілкінісі болды.

 Бастапқы есеп бойынша, цунами жағалауға жетуі үшін 10–30 минут жеткілікті болған. Жер сілкінісінен соң бір сағаттан кейін цунами салдарынан Сендай әуежайын су басты. Цунамидің қатты толқындары автокөліктер мен ұшақтарды шайып әкетті, ғимараттарды су басып, бүлінді.Материалдық шығын 200 миллиард доллардан асты.

Сонымен қатар Токио Фукусима тұрғындарының денсаулығына мониторинг жүргізуге қомақты қаржы бөлінді. Жапония үкіметінің мәліметі бойынша, зілзаладан ғимараттар мен өзге инфрақұрылым нысандарына келтірілген шығын 210 миллиард долларды құрады. Оның үстіне биліктің бұл есебінде «Фукусима-1» АЭС-тегі апат салдарынан болған зиян қамтылмаған.

Көп адам шығыны орын алды. Жапонияның 12 префектурасында жер сілкінісі мен цунами салдарынан қайтыс болғандар туралы ресми деректерге сүйенсек, 15 869 адам құрбан болды, 6 префектурада 2 847 адам із-түзсіз жоғалды, 20 префектурада 6 109 адам жарақат алды. Қаланы су басып, Рикудзентаката, Сендай және Ямада қалалары су астында қалды.

134-сурет. Жер сілкінісі көрсетілген карта
Өтінемін күте тұрыңыз