Ауа райы қалай және не себепті өзгереді?

Сабақтың мақсаты:

​● Ауа райы элементтерінің өзара байланысын анықтау.
​● Ауа райы болжамының маңызын анықтау.
​● Ауа райы элементтері деректерінің негізінде графикалық бейнелер құрастыру/жасау.
Мақсатқа жету үшін мыналарды білу қажет:

​● Ауа райы және оның элементтері дегеніміз не?
​● Ауа райы элементтері қалай және неліктен өзгереді?
​● Ауа райы болжамының маңызы қандай?

Метеорологиялық элементтер

-1-

Бұқаралық ақпарат құралдарында, ғаламтор парақшаларында күн сайын жер шарының түрлі бөліктеріндегі әртүрлі ауа райы болжамын береді. Бұл ауа райының уақыт пен кеңістікке қарай өзгеретінін айғақтайды.

Ауа райының өзгеруін қандай элементтер мен құбылыстар сипаттайды?

-2-

Температура, ылғалдылық, атмосфералық қысым, жел жылдамдығы мен бағыты – ауа райының негізгі элементтері. Негізгі ауа райы құбылыстарына бұлт, атмосфералық жауын-шашын, жел жатады. Ауа райы элементтері мен ауа райы құбылыстарының бүкіл өзгерістері атмосфераның төменгі қабатында – тропосферада орын алады.

Өз ойыңмен бөліс!

1. Терезеге мұқият қараңдар, терезе сыртындағы ауа райын сипаттаңдар. Кеше қандай ауа райы болғанын еске түсіріңдер. Өзгерістер болды ма? Өз жауаптарыңды түсіндіріңдер. 

Өз ойыңмен бөліс!

2. Берілген суреттерді мұқият зерделеңдер. Бұл суреттердегі айырмашылықтарды түсіндіріңдер. Қорытынды жасаңдар. 

Өз ойыңмен бөліс!

3. Орындалған екі тапсырма негізінде ауа райына анықтама беріңдер

Ауа райы

Сен зерттеушісің

Ауа температурасы қалай және неліктен өзгереді?
​Тәжірибе жүргізіңдер және «Ауа температурасының өзгеруі неге тәуелді?» деген сұраққа жауап беріңдер.
Тәжірибе жүргізу үшін қолшам мен мектеп тақтасы/қабырғасы қажет. Тақта/қабырға – күн сәулелері (бұл жағдайда қолшам сәулелері) түсетін жер беті.​

Сен зерттеушісің

1. Қосылған қолшамды тақтаға/қабырғаға бағыттаңдар. a). Сәулені жарық түскен беткей шеңбер болатындай етіп, тақтаға тік бағыттаңдар. ә). Сол қашықтықтан қолшам сәулесін бұрышпен бағыттаңдар. б). Қолшамның қай сәулелерінің астында жылырақ болады және неліктен деп ойлайсыңдар? 

Сен зерттеушісің

2. Берілген сурет пен тәжірибе нәтижелерін пайдаланып, келесі сұраққа жауап беріңдер: Ауа температурасының өзгеруі неге тәуелді?

-1-

Ауа райы – бұл тропосфераның белгілі бір орында белгілі бір уақыттағы физикалық күйі. Ауа райы неліктен уақыт пен кеңістікке қарай өзгереді? Ауа райы элементтерінің бірінің өзгеруі –ауа райы өзгеруінің басты себебі. Мысалы: температура көтерілген жағдайда ауаның ылғалдылығы жоғарылайды және атмосфералық қысым төмендейді. Ылғалдылықтың жоғарылауымен бұлттылық артады. Ал желдің пайда болуы не жоғалуы атмосфералық қысымның өзгеруіне байланысты. Сонымен ауа райының барлық элементтері өзара байланысты.

-2-

Жазда тұрақты жылы ауа райы салқын жаңбырлы ауа райына ауысады, ал қыста аязды ауа райы жылымыққа ауысуы мүмкін. Ауа массаларының бір аумақтан басқа аумақтарға көшуі – ауа райының осындай өзгерістерінің себебі. Егер ауа жер бетінің белгілі бір аумағының үстінде ұзақ уақыт тұрса, ол белгілі бір қасиеттерге: температураға, ылғалдылыққа ие болады. Сондықтан бүкіл тропосфера жеке бөліктерге – ауа массаларына бөлінген.

-3-

Ауа массасы – бұл біртектес қасиеттері бар тропосфера ауасының мол көлемі. Мысалы: Солтүстік Мұзды мұхиттың үстінде шамалы абсолютті ылғалдылығы бар суық ауа массасы қалыптасады. Ал тропиктік шөлдердің үстіндегі ауа массасы ыстық және құрғақ. Атмосфералық қысымдағы айырмашылыққа байланысты ауа массалары бірін-бірі ығыстырып, үздіксіз ауысып отырады. Сондықтан қандай да бір аумақтағы бір ауа массасының келесі бір ауа массасына ауысуы ауа райының өзгеруін тудырады.

Ауа температурасы

71-сурет. Метеорологиялық үйшік

Ауа температурасын қалай өлшейді?

​Ауа температурасы метеорологиялық аспап – термометр көмегімен өлшенеді. Термометр пердешесі бар арнайы үйшікте – жер бетінен 2 метр биіктікте орнатылады (71-сурет).Үйшік аспапқа күн сәулелері түспеуі және термометрдің ауа температурасын көрсетуі үшін қажет. Заманауи метеостансылар өздігінен жазатын аспаптармен жабдықталған.

Сен зерттеушісің

Параграф мәтіні мен 72-суретті пайдаланып, таңның атуына бір сағат қалғанда ауаның неліктен ең суық болатындығын түсіндіріңдер.

Ауа температурасының тәуліктік барысы

72-сурет. Күн сәулелерінің түсу бұрышы

Жеке жұмыс

Мысалдарды берілген үлгіде дәптерлеріңде шешіңдер.

1-мысал. Ең жоғары тәуліктік температура +30°С, ең төмен температура +20° С болса, тәуліктік ауа амплитудасын анықтаңдар.

2-мысал. Ең жоғары тәуліктік температура +10°С, ең төмен температура –10° С болса, тәуліктік ауа амплитудасын анықтаңдар.

-1-

Ауа температурасының тәуліктік барысы.
Күн энергиясы – бұл негізгі жылу көзі. Күн сәулелері жер бетіне түсіп, оны қыздырады, ал жер бетінен тропосфера ауасы да қызады. Сондай-ақ температураның өзгеруі Жердің өз білігін айналуымен де байланысты. Осы себептерге байланысты ауа температурасы тәулік ішінде өзгереді. Ауа температурасының ең жоғары көрсеткіші сағат 14-те, ал ең төмен температура Күн шығар алдында болады. Бұл осы уақытта Күннің көкжиектен биікке көтеріліп, Жерді тік сәулелермен жарықтандыруымен байланысты. Ауа температурасының тәулік ішіндегі үлкен айырмасы осыдан туындайды.

-2-

Тәулік ішіндегі ең жоғары және ең төмен температура арасындағы айырманы ауа температурасының тәуліктік тербеліс амплитудасы деп атайды. Мысалы: егер тәулік ішіндегі ең жоғары ауа температурасы +25 ˚С, ал ең төмен температура +10 ˚С болса, онда тәуліктік амплитуда +15 ˚С-ты құрайды.
Тәуліктегі орташа температураны есептеп шығару үшін метеостансыларда ауа температурасын тәулік ішінде 4 рет өлшейді. Орташа тәуліктік температураны әртүрлі тәуліктегі ауа температурасын салыстыру үшін есептейді.

-3-

 Орташа тәуліктік температура нәтижелерін қосады (0°С-тан жоғары (+) және төмен (–) температураларды бөлек қосады), алынған шаманы өлшем санына бөледі. Санның үлкен мәнінен кішірек мәнді алады, алынған шаманы бақылау санына бөледі. Ал нәтиже алдына үлкен санның белгісі («+» не «–») қойылады. Мысалы: 20-сәуірдегі өлшеу нәтижелері:

Шешуі: Тәулік ішіндегі қосынды: +5°С – 2°С + 10°С + 9°С = +22°С (тәулік ішіндегі орташа температура). +22°С : 4 = +5,5°С (орташа тәуліктік ауа температурасы).

Жұптық жұмыс

График құрудың математикалық қағидалары мен 23-қазандағы ауа температурасының деректерін пайдаланып:


​а) ауа температурасының өзгеру графигін сызыңдар;

​ә) ауа температурасының көтеріле бастау, ең жоғары болу, төмендей бастау және ең төмен болу себептерін түсіндіре отырып, графикті оқыңдар; 


​б) тәуліктік ауа амплитудасын есептеңдер;

в) орташа тәуліктік ауа температурасын есептеңдер;

​ г) таңертеңгі сағат 11-дегі ауа температурасын график бойынша анықтаңдар; ғ) графикті оқи білудің қандай мақсаттарда қажет екендігін түсіндіріңдер.

Күн сәулелерінің түсу бұрышы

Ауа температурасының жылдық барысы

-1-

Ауа температурасының айтарлықтай өзгеруі жыл ішінде байқалады. Жарық күн ұзақтығы мен 20-сәуірдегі өлшеу нәтижелері: Сағ. 01.00 Сағ. 13.00 Сағ. 07.00 Сағ. 19.00 +5°С +10°С –2°С +9°С температурасының деректерін пайдаланып: Сағ. 01.00 Сағ. 13.00 Сағ. 07.00 Сағ. 19.00 +4°С +11°С –3°С +10°С 143 күн сәулелерінің түсу бұрышы – бұл оның себебі. Күн сәулелері түскеннен кейін жер беті мен оның бетіндегі ауаны әркелкі қыздырады. Бұл күн сәулелерінің түсу бұрышына (90°, 60º, 30º) байланысты (72-сурет).

Күн сәулелерінің түсу бұрышы неғұрлым үлкен болса, ауа температурасы соғұрлым жоғары болады. Сондықтан полюстер бетіндегі ауа экваторға қарағанда суықтау. Жердегі температура айырмасы өте үлкен: Солтүстік Африкада +58,1°С-тан Антарктидада – 89,2 °С-қа дейін.

-2-

Беткейдің қызуы және тиісінше оның бетіндегі ауа температурасы беткейдің жылуды сіңіру және күн сәулелерін шағылыстыру қабілетіне, яғни төсемелі беткейіне де тәуелді болады. Төсемелі беткей – атмосферамен жылу және ылғалмен алмасып, өзара әрекеттесетін Жер беті.
​Жылдың ең жылы айы мен ең суық айындағы орташа температура айырмасы ауа температурасының жылдық тербеліс амплитудасы деп аталады. Жылдық температура амплитудасы экватордан полюстерге қарай артады. Экваторда ол бар-жоғы 1°С, ал біздің ендіктерде 25–30°С-ты құрайды.Бүкіл орташа айлық температураларды біліп, температураның жылдық барысының графигін құрастыруға және орташа жылдық ауа температурасын есептеуге болады.

-3-

Орташа жылдық ауа температурасын есептеу үшін орташа айлық температуралардың нәтижелерін қосу керек (0°С-тан жоғары (+) және төмен (–) температураларды жеке қосады), алынған шаманы өлшем санына, бұл ретте 12 айға бөледі. Үлкен санның мәнінен кіші мәнді алады, алынған шаманы бақылау санына бөледі. Ал нәтиже алдына үлкен санның белгісі («+» не «–») қойылады.

Сонымен ауа температурасы тәулік ішінде жыл мезгілдері бойынша географиялық ендікке қарай өзгеруі мүмкін. Жердің өз білігі мен Күнді айналуы, Жер бетінің қызуы, күн сәулесінің түсу бұрышы және жарық күн ұзақтығы, төсемелі беткей – бұлар ауа температурасының өзгеру себептері.

Жеке жұмыс

Параграф мәтіні мен кестені пайдаланып:

​​​• Антарктидада неліктен қатты суық және Сахара шөлінде қатты ыстық екендігін;

​​• төсемелі беткейдің маңызын түсіну бізге қандай мақсаттар үшін қажет екендігін түсіндіріңдер.

• түрлі ендіктердегі жылдық температура себебін түсіндіріңдер.​

Сен зерттеушісің

А нүктесінің жылдық барысының графигін пайдаланып:
​​а) ең жылы айдың орташа температурасын;
​​ә) ең суық айдың орташа температурасын;
​​б) ауа температурасының жылдық амплитудасын анықтаңдар.

Үйде немесе мектептегі география алаңында өз бақылауларыңды жүргізіңдер. Жинақталған деректер негізінде ауа температурасының тәуліктік/айлық барысының графигін құрастырыңдар. Өз жұмыстарыңды ресімдеңдер. Ауа температурасының тәуліктік және айлық барысы маңыздылығына қатысты өз мақсаттарыңды анықтаңдар.

Қосымша ақпарат

Жыл ішінде әртүрлі айдағы ауа температурасын салыстыру үшін орташа айлық температураны есептеп шығарады. Орташа тәуліктік температурадан орташа айлық температураны анықтайды. Ол үшін ай ішіндегі күнделікті орташа тәуліктік температураны қосады және ай ішіндегі күн санына бөледі. Мысалы: қыркүйек айындағы орташа тәуліктік температура қосындысы: +210°С : 30 = +7°С. 

Орташа айлық температуралар туралы деректерді өңдеу температураның жыл ішінде қалай өзгергенін, қай айдың суық, қай айдың жылы болғанын анықтау үшін қажет. Көпжылдық деректерді талдау Солтүстік жартышарда ең жоғары орташа температураның шілдеде, ең төмен температураның қаңтарда, ал оңтүстік шарда керісінше байқалатынын көрсетеді. Бұл жер бетінің қызуымен байланысты. 

Жазда жылу ұзақ уақыт бойы жер бетінен ауаға беріледі және шілдеде қыздырылған беткей жылуды көп дәрежеде ауаға береді. Қыста күн жылуының жер бетіне түсуі артады, алайда беткей әлі суық және ауа одан әрі салқындай береді.

Атмосфералық қысым

-1-

Ауаның атмосфералық қысымы қалай және неліктен өзгереді?
​Біз ауаның газ заттарынан тұратынын білеміз. Ауаның масса және салмақ секілді қасиеттері де бар, тиісінше өзі шектесетін беткейге қысым көрсетеді. Қысым биіктігі бойынша атмосфераның бүкіл қалыңдығына тең баған салмағымен анықталады. Ғалымдар ауа бағанының 1 см2 ауданды 1 кг 33 г салмақпен қысатынын есептеп шығарды. Жер бетіне және онда орналасқан барлық заттарды қысатын ауа күші атмосфералық қысым деп аталады.

-2-

Атмосфералық қысымды қалай өлшейді?
Ауа қысымы барометр аспабының көмегімен өлшенеді (73-сурет). Барометрлердің екі түрі бар: сынапты және металл немесе барометр-анероид. Сынапты табақшалы барометрдің жоғарғы жағы дәнекерленген шыны түтікшеден тұрады. Оның төменгі ашық ұшы сынабы бар металл ыдысқа салынған. Шыны түтікшедегі сынап бағанасы ыдыстағы сынапқа әсер ететін ауа қысымын өз салмағымен тепе-теңдікке келтіреді.

-3-

Қысым өзгерген кезде, сынап бағанасының биіктігі де өзгереді. Бұл өзгерістер бақылаушы тарапынан шыны барометр түтігінің жанында бекітілген шәкіл бойынша тіркеледі. Металл барометр немесе анероид герметикалық жұқа қабырғасы қатпарланған, ішіндегі ауасы сейілтілген металл қорапшадан тұрады. Қысым өзгерген кезде қорап қабырғалары тербеліп, ішке қарай қысылады не сыртқа қарай шығады. Бұл тербелістер иінтірек жүйесі арқылы бөліктері бар шәкіл бойымен қозғалатын тіліне беріледі.

-4-

Қысым өзгерістерін тіркеу үшін өздігінен жазатын барометрлер – барографтарды қолданады. Барограф жұмысы анероид қорап қабырғалары тербелістерінің өз білігін айналатын барабанның таспасында сызық сызатын қаламұшқа әсер етуіне негізделеді. Сынап бағанасының миллиметрі – бұл атмосфералық қысымның өлшем бірлігі. Атмосфералық қысым көрсеткіштерін алу кезінде 2 ең жоғарғы (таңертеңгі сағат 9–10 және кешкі сағат 21–22) және 2 ең төменгі (таңғы сағат 3–4 және күндізгі сағат 15–16) көрсеткіш айқындалады.

-5-

Сондықтан атмосфералық қысым көрсеткіштерін тәуліктің осы мезгілінде алады. Ауа температурасы секілді атмосфералық қысым да – құбылмалы шама. Неліктен? Атмосфералық қысымның өзгеруіне қандай түрткіжайттар әсер етеді? Бірінші түрткіжайт – бұл мекеннің теңіз деңгейінен биіктігі, яғни теңіз деңгейінен биіктік жоғарылаған сайын, қысым төмендейді. Бұл биіктеген сайын ауа салмағының азаюы және қысымның аз күшпен қысуымен байланысты (74-сурет).

-6-

Сонымен қатар ғалымдар 10,5 метрге көтерілген кезде, атмосфералық қысымның 1 мм сынап бағанасына төмендейтінін есептеп шығарды. Қысымның қалай өзгеретінін біле отырып, жергілікті жердің биіктігін есептеп шығаруға болады. Екінші түрткіжайт – бұл температураның өзгеруі, ауа температурасы неғұрлым төмен болса, атмосфералық қысым соғұрлым жоғары болады. 

-7-

Бұл жылы ауаның суық ауадан жеңіл болуына байланысты, яғни ауа салмағы температураға тәуелді. Ауа неғұрлым суық болса, ауа салмағы да соғұрлым ауыр болады, тиісінше атмосфералық қысым артады. 45° ендіктегі теңіз деңгейінде және 0°С температурада атмосфералық қысым 760 мм сынап бағанасына тең болуы қалыпты деп саналады. Қысым бұл көрсеткіштен жоғары болса, қысым көтеріңкі болады. Ал бұл көрсеткіштен төмен болса, қысым төмендетілген болады.

74-сурет. Атмосфералық қысымның биіктікке тәуелділігі

Жел

75-сурет. Желдің пайда болуы

Жел дегеніміз не? Жел неге пайда болады?
​Біз ауаның құрамы, салмағы және күші бар екенін білеміз. Ауаның келесі қасиеті– бұл қозғалыс. Ауаның қозғалысы жел арқылы көрініс табады. Ауаның көлденең бағыттағы қозғалысын жел деп атайды. Жел неге пайда болады? Жел төсемелі беткейдің түрлі бөліктерінің үстіндегі атмосфералық қысымның ауысуы салдарынан туындайды. Яғни жел жоғары қысым аймағынан төмен қысым аймағына қарай жылжиды.
Жер бетінің әркелкі қызуының себебі.
Жылы ауа жоғары көтеріледі, ал оның орнына анағұрлым ауыр және тығыз, суық ауа келеді (75-сурет).

Тұрақты желдер мен уақытша желдер

76-сурет. Бриздің пайда болуы
77-сурет. Муссонның қалыптасуы

Пассаттар

Ғаламшарымыздың кең аумақтарының үстінде тұрақты және ауыспалы желдер жүйесі қалыптасады. Тұрақты желдерге пассаттар мен батыс желдер жатады, уақытша желдерге муссондар мен бриздер жатады.
Пассаттар жоғары қысым аймақтары қалыптасатын Солтүстік және Оңтүстік жартышарлардың тропиктерінен төмен қысым аймағында орналасқан экваторға қарай соғады. Батыс желдер жоғары қысым аймақтары қалыптасатын Солтүстік және Оңтүстік жартышарлардың тропиктерінен төмен қысым қалыптасатын 60° ендіктерге қарай соғады.

Бриз

Бриз – бұл өз бағытын тәулік ішінде екі рет өзгертетін, яғни күндізгі және түнгі, ірі суқойма жағалауындағы жергілікті жел (76-сурет). Күндіз құрлық суға қарағанда жылдамырақ қызады және оның бетінде анағұрлым төмен атмосфералық қысым орнайды. Сондықтан күндізгі бриз суқоймадан қыздырылған жағалауға қарай соғады. Түнде құрлық суға қарағанда жылдамырақ салқындайды. Суқойма үстінде түнде төмен қысым аймағы қалыптасады. Сондықтан түнгі бриз салқындаған жағалаудан қыздырылған суға қарай соғады.

Муссондар

Муссондар – бұл өз бағытын жылына екі рет өзгертетін тұрақты желдер. Муссон желдері қысқы және жазғы болып бөлінеді (77-сурет). Муссондардың туындауы құрлық пен мұхиттың жыл ішінде әркелкі қызуымен байланысты. Мұхит жазда баяу қызады, нәтижесінде жоғары қысым аймағы қалыптасады. Құрлық жазда тез қызады, одан ауа да тез қызады. Нәтижесінде төмен атмосфералық қысым аймағы пайда болады. Жазғы муссон – осындай қатынастың нәтижесі. Ол мұхиттан құрлыққа қарай соғып, мұхиттан ылғалды ауа мен көп мөлшерде жауын-шашын әкеледі.


​Қыста құрлық тез салқындайды және жоғары қысым аймағы қалыптасады. Мұхит жаз бойы жинаған жылуын баяу береді, тиісінше төмен қысым аймағы пайда болады. Нәтижесінде құрлықтан мұхитқа соғатын қысқы муссон қалыптасады. Суық, бұлтсыз және құрғақ ауа райы қысқы муссонмен байланысты

Желдің бағыты мен күшін қалай анықтайды?

78-сурет. Жел күші мен бағытын өлшейтін аспаптар
79-сурет. Жел бағыты

-1-

Метеорологиялық стансыларда желдің бағыты мен жылдамдығын (күшін) флюгер, пилот-шарлар көмегімен бақылайды. Ал жел жылдамдығының дәл өлшемдерін анемометр аспабының көмегімен алады (78-сурет).

-2-

Бағытты градустар не румбтар (көкжиек тұстарының атауы) арқылы анықтайды, яғни желді оның соғып тұрған жағына қарай атайды, мысалы: оңтүстіктен соқса – оңтүстік, солтүстіктен соқса – солтүстік (79-сурет).

80-сурет. Жел тармақтары

Аймақтағы басым желді анықтау үшін жел тармақтары деп аталатын график жасайды. Жел тармақтары – белгілі бір аймақтағы түрлі жел бағыттарының белгілі бір уақыт кезеңінде қайталануының графикалық бейнесі (80-сурет).

Жеке жұмыс

Сурет бойынша шығыс румбының градусын анықтаңдар.

Жел тармақтарын құру тәсілдері

81-сурет. Жел күшінің шәкілі

Жел тармақтарын құру тәсілдері:

1. Көкжиектің негізгі және аралық тұстарын сызу қажет.
​2. Белгілі бір күн санына сай келетін кесіндіні графикте айқындаңдар (мысалы: 0,5 см 1 күнге сай келеді).
​3. Белгілі бір уақыт аралығында (апта, ай) қанша күн жел (мысалы: солтүстік, оңтүстік т.б.) соққанын есептейді.
​4. Тиісті бағыттағы сызықтарда ортадан сол бағыттағы желдері бар күндер санын белгілейді. Бөліктерді анықтап алыңдар (мысалы: 1 бөлік – 1 күн / 1 бөлік – 2 күн).
​5. Сызықтарда белгілеген нүктелерді кезекпен өзара біріктіріңдер.
​6. Желсіз (тымық) күн саны жазылатын дөңгелекті ортаға салады.
​7. График бойынша жергілікті жердің басым желін анықтаңдар.
​8. График, бекет/қала, ай атауын жазыңдар.

Метеорологтер желдің секундына жылдамдығын немесе оның балдық күшін анықтауға мүмкіндік беретін жел күшінің шәкілін ойлап тапты (81-сурет).

Жеке жұмыс

1. Кестедегі деректерді пайдалану және құру қағидаларын қадағалау арқылы: а) 2016 жылдың маусым айындағы Астана қаласының жел тармақтары графигін жасаңдар.
​ә) Басым желді анықтаңдар.
​б) Тымық күндер санын анықтаңдар. в) Графикте шағын жел электрстансысын, тұрғын ықшамаудан мен жасыл саябақ аймағын қай жерге салудың дұрыс болатындығын көрсетіңдер.

2. «Жел күшінің шәкілі» суретін пайдаланып, жауап беріңдер:
​ а) Сендер тұратын жерде қандай жел басым?
​ә) Олардың белгілері қандай?
​б) Жел күшінің шәкілін қандай мақсаттарда қолдануға болады? Дәйекті жауап беріңдер.

Ойыңды тұжырымда

1. Ауа райына анықтама беріңдер. Ауа райының негізгі элементтерін атаңдар. 

​2. Ауа массасы деген не? Ол неліктен әртүрлі қасиеттерге ие? 

3. Ауа райының өзгеру себебін түсіндіріңдер.
4. Ауа температурасы қалай және неліктен өзгереді?

1. Ауа райының тәуліктік, айлық және жылдық тербеліс амплитудасын қалай есептейді? 

2. Орташа тәуліктік ауа температурасын, орташа айлық ауа температурасын және орташа жылдық ауа температурасын қалай есептейді? 

І

ІІ

ІІІ

ІV

V

VІІ

VІІІ

ІХ

Х

ХІ

ХІІ

Орта жылдық

Жылдық амплитуда

-80

-70

00

+100

+150

+200

+220

+210

+150

+70

-10

-60

Жұптық жұмыс

Кесте деректері бойынша:

​а) Алматы қаласындағы температураның жылдық барысының графигін құрыңдар;

​ә) орташа жылдық температураны есептеңдер;

б) ауа температурасының жылдық амплитудасын есептеңдер.

Жеке жұмыс

1. Атмосфералық қысымды қандай мақсаттармен анықтайды?

2. Биіктігі 40 метр болатын төбе басында барометр 758 мм-ді көрсетті. Төбе етегіндегі қысымды есептеңдер.

3. Мұхит деңгейінен 200 м биіктікте тау етегінде ауа қысымы 756 мм-ге тең, ал тау басында – 720 мм. Таудың салыстырмалы және абсолютті биіктігін анықтаңдар. Төмендегі кестедегі деректерді мұқият зерделеңдер. Бір жердегі атмосфералық қысым тәулік ішінде неге өзгереді?

1.Қай қысым төмендетілген? Неліктен?  

  • Сынап бағанасы бойынша 600 мм
  • Сынап бағанасы бойынша 790 мм

2. Қай қысым көтеріңкі? Неліктен?

  • Сынап бағанасы бойынша 600 мм
  • Сынап бағанасы бойынша 790 мм

1. Атмосфералық қысым дегеніміз не?  

2. Атмосфералық қысымның өзгеруіне қандай түрткіжайттар ықпал етеді? Олардың әсерін түсіндіріңдер. 

1. Жел ұғымына анықтама беріңдер.

2. Желдің пайда болу себептерін түсіндіріңдер.

3. Желдер қандай түрлерге бөлінеді? 

1. Муссондар мен бриздердің неліктен пайда болатынын түсіндіріңдер.

2. Олардың арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтар неде? 

Өтінемін күте тұрыңыз