Менің жетістіктерім

1-тарау. Географиялық зерттеу әдістері
1.1. Зерттеулер және зерттеушілер

Өзіңді тексер

Өз ойыңмен бөліс

1. Тарау бойынша алған білімдерің зерттеу жүргізуге қалай көмектесті?
2. ​Географиялық білімді дамытуға қосқан өз үлесіңді бағала.
3. ​Зерттеулеріңнің нәтижесі тағы қандай мәселелерді зерттеуге және тағы қандай қажеттіліктерді шешуге пайдалы болуы мүмкін?
​4. Егер келешекте өзге зерттеушілер сендердің зерттеу нәтижелеріңді пайдаланса, бірақ бұл сендердің еңбектерің екенін айтпаса, қандай сезімде болар едіңдер?
​5. Ақпарат көзіне және авторларға үнемі сілтеме жасау маңызды ма?

1. Бұл зерттеу адамдардың қандай қажеттілігін шешеді?
2. Сендер қандай географиялық нысандарды зерттейсіңдер?
3. Олардың шегарасы, координаталары қандай? 
4. Сендердің зерттеулеріңде қайсысы құбылыс, қайсысы үдеріс олмақ?

5. Сендерге қандай мәлімет қажет?  
6. Сендер өзге зерттеушілер құрастырған қажетті мәліметті қандай дереккөздерден ала аласыңдар?  Мәліметті пайдалану кезінде олардың дереккөздерін және авторларын көрсету қажет.
7. Жетіспейтін мәліметті қандай тәсілдермен аласыңдар? 
8. Өздерің қандай әдістерді қолдануды жоспарлайсыңдар? 

1. «Географиялық нысан – қасиеттер – қасиеттерді анықтау тәсілі – өлшеу/бағалау құралы – өлшеу/бағалау шамасы – қасиеттерді пайдалану саласы» сызбасы бойынша географиялық нысандардың қасиеттері туралы әңгімелеңдер.
2. Жинақталған мәліметтерді географиялық түрде көрсетіңдер.
3. Фотосуреттер қай кезде қажет?
4. Бейнедиаграммада нені көрсетуге болады? 
5. Сызба пайдалануға бола ма?  
6. Ақпараттық графика қандай тәуелділіктерді көрсету үшін ең тиімді тәсіл болмақ? Қорытынды жасаңдар. Зерттеу нәтижесін сыныпқа ұсыныңдар.

​1. 

​2. 

3. 

​4. 

​5. 

Қосымша ақпарат

Гант диаграммасы – бұл бағана түріндегі диаграмма (гистограмма). Онда қандай да бір жоба шеңберіндегі жоспар мен кесте, зерттеу кезеңдері көрсетіледі. Онда зерттеу кезеңінің бірі аяқталып, екіншісі басталатыны кез келген пайдаланушыға бірден көрінеді. Ол уақыт білігін бойлай бағытталған жолақтардан тұрады. Диаграммадағы әрбір жолақ жоба құрамындағы жекелеген тапсырманы (жұмыс түрін), жолақтың соңы – жұмыстың басталу және аяқталу уақытын, оның ұзындығы жұмыстың ұзақтығын көрсетеді. Диаграмманың тік білігі тапсырмалар тізбегін қамтиды. Кейіннен сендер Гант диаграммасын барлық пәндер бойынша және күнделікті өмірде тапсырма кезеңін көрсету қажет болған барлық жағдайларда пайдалана аласыңдар.

Өтінемін күте тұрыңыз