Географиялық ақпаратты қайдан табуға болады?

Жаңамен танысу

Сен географиялық ақпарат көздерімен  (мәтіндер, карталар, суреттер, фотосуреттер, кескін материалдар) жұмыс жасауды үйрене отырып, "Географиялық мәліметті қайдан алуымызға болады? Әрбір географиялық ақпарат көзімен жұмыс ерекшеліктері неде?" деген сұрақтарға жауап аласың.

Географиялық зерттеулердің әдістері

Далалық зерттеулері мен бақылаулар әдісі

Өз көзіңмен көру – ең баға жетпес географиялық мәлімет. Географиялық нысандарды сипаттау, үлгілерді жинақтау, құбылыстарды бақылау – осының барлығы зерттеу пәніне қажетті материалды молынан беретін амал.

Сипаттау әдісі

Географияның ең ежелгі әдісі. Жаһангерлер мен зерттеушілер көзімен көргендерін сипаттайтын болған. Қазіргі кезде сипаттау әдісі қайта жаңғырып келеді. Бұл елдерді тануға жаңаша қызығушылықтың артуымен, халықаралық туризмнің дамуымен түсіндіріледі.

Салыстырмалы әдіс

Не нәрсені болмасын артық немесе кем, тиімді немесе тиімсіз, жылдам немесе баяу деген сияқты жүйемен үнемі салыстырып жатамыз. Салыстыру қандай да бір нысандардың ұқсастығы мен айырмашылығын барынша толық сипаттауға, бағалауға, сондай-ақ осы айырмашылықтардың себептерін түсіндіруге мүмкіндік береді.

Географиялық модельдеу әдісі

Географиялық модель құрастыру – географияны зерттеудің маңызды әдісі. Глобус – барынша қарапайым географиялық модельдің бірі.

Қашықтықтан бақылау әдісі

Қазіргі заманғы аэро және ғарыштық түсіру – географияны зерттеу, географиялық карталар құру, шаруашылықты дамыту және табиғатты қорғау, адамзаттың сан алуан проблемасын шешудегі таптырмайтын көмекшілер.

Картографиялық әдіс

Карта – бірегей ақпарат көзі. Ол нысандардың өзара орналасуынан, олардың өлшемінен, қандай да бір құбылыстың таралу шегі және басқа да көптеген мәліметтерден түсінік береді.

Тарихи әдіс

Қазіргі заман географиясын тану үшін Жердің даму тарихын, адамзат тарихын білу қажет. Тарихи әдіс соған жол ашады.

Статистикалық әдіс

Аумақтың алаңы, биіктігі немесе тереңдігі қандай, табиғи ресурстар қоры, халқының саны, демографиялық көрсеткіштері, өндірістің абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштері және т. б. статистикалық мәліметтерді пайдаланбай елдер туралы, халықтар туралы айту мүмкін емес.

Экономикалық-математикалық әдіс

Сандар бар жерде есептеу бар: тұрғындардың тығыздығы, бала туу, өлім-жітім, халықтың табиғи өсімі, көші-қон сальдосы, ресурспен қамтамасыз етілуі, жан басына шаққандағы ішкі жалпы өнім және т. б. есептеу де – бір әдіс.

Адамзат үнемі қоршаған ортаны танып-білуге құмар, яғни ол мыңдаған жылдар бойы жаңа жерлерді (аумақтарды) игерді, өркениеттерді, мәдениеттерді және т.б. зерттеді. Осылайша зерттеулер жүргізді. Өмірде кездесетін кейбір міндеттерді шешу үшін бізге географиялық мәліметтер аса қажет болады. Адамдар мәлімет алу үшін әртүрлі әдістерге жүгінеді. Географиялық зерттеулер әдісі деп — географиялық ақпарат алудың тәсілін айтады. 

Адам өмірінде географиялық әдістерді пайдалану

Әдіс

Не үшін пайдаланды?

Экспедициялық (далалық)

Сатып алған жер теліміне құрылысты жоспарлау үшін.

Бақылау

Қандай киім киюді білу үшін ауа райын бақылау.

Сипаттау

Дұрыс таңдау жасау үшін демалыс орнын сипаттау.

Салыстырмалыгеографиялық

Демалыс немесе оқу үшін қолайлы елді таңдау.

Модельдеу

Қажет жерге бару бағытын қағаз бетіне құрастыру.

Аэроғарыштық

Іздеу жүйелерінің картографиялық қосымшаларынан өз үйіңді, көшеңді немесе мектепті қарау.

Геоақпараттық

Отбасылық көлікте GPS навигациялық жүйесін пайдалану.

Картографиялық әдіс

Көздеген нысанның орналасқан жерін және мекенжайын анықтау үшін түрлі іздеу жүйелерінің электрондық карталарын пайдалану.

Берілген кестедегі әдістерді өз мақсатыңа жету үшін қалай пайдаланғанғаныңды өз тәжірибеңнен (географиямен байланысы жоқ болса да) мысал келтір 

Экспедициялық

Бақылау

Сипаттау

Модельдеу

Аэроғарыштық

Геоақпараттық

Өз ойыңмен бөліс!

Параграфта сипатталған ақпаратқа сәйкес әрбір ғалым немесе жаһангер, көбінесе қандай әдіс қолданғанын пайымдаңдар. Ол үшін географиялық зерттеулердің әдістері туралы мәліметке сүйеніңдер. Өз жауаптарыңды дәйектермен растаңдар.

Географиялық ақпарат көздері

Географиялық ақпарат көздері

Карталар, атластар, топографиялық жоспарлар

Әртүрлі аумақтардың географиялық сипаттамалары

Энциклопедия, анықтамалық, статистикалық материалдар және т.б.

Ғарыштық және аэрофотосуреттер

Географиялық ақпараттық жүйелер (ГАЖ)

Географиялық ақпарат көздерінен іздеу жолдары

Сен зерттеушісің

Бурабайда бұрын болып көрмеген адам жазғы каникулын қалай қызықты етіп өткізе алады? Қандай ақпарат көздерінен мәлімет іздейсің?

Демалыс орны туралы географиялық ақпарат іздеу тәсілдері

-1-

Іздеу жүйесінің арнайы жолына «Бурабай» сөзін жазып, ұсынылған сілтемелердің бірімен веб-парақшаға өту керек.

-2-

-3-

Ғаламторға қосылу мүмкіндігі жоқ болған кезде, кітапхана қызметін пайдаланыңдар. Қазақстан туралы энциклопедияны сұрап алып, Бурабай туралы мәліметті табыңдар.

9-сурет. Энциклопедиялар

-4-

Энциклопедия – анықтамалық мәліметтердің әліпби тәртібімен орналасуы (9-сурет). Олар қарастырылатын тақырыпты кеңінен қамтитындықтан, көп томнан тұрады. Энциклопедияны пайдалану – көбінесе ғылыми немесе жеке мақсатта белгілі бір нәрсені зерттеудегі бірінші қадам. Олар қосымша ақпарат көздерін іздеу үшін де қолданылады. Энциклопедияның керекті томын іздегенде сөздің бірінші әріптерін пайдаланыңдар. Мәселен, Бурабай туралы мәлімет табу үшін «Б» әрпінен басталатын томды таңдаңдар. Әліпбилік ретпен қойылған кітаптар бөлімінде «Б» әрпінің қажетті томын табыңдар. 

-5-

Әдетте бірінші бетте орналасатын кітаптың мазмұны мен әліпби көрсеткішінен «Бурабай» сөзін және мақала орналасқан бетті табыңдар. Қажетті парақты ашып, берілген мақаладан өздеріңнің зерттеу сұрақтарыңа жауап іздеңдер. Анықтамалықтармен жұмыс жүргізу тәсілі де энциклопедиямен жұмыс тәсіліне ұқсас келеді.

-6-

Ауа райы туралы мәліметті газет-журналдар мен арнайы вебпарақшалардан алуға болады (10-сурет).

10-сурет. Ауа райы туралы мәлімет орналасқан веб-парақша экранының суреті (скриншот)

-7-

Өзің тұратын елді мекеннен Бурабайға дейінгі қашықтықты білу үшін, картаның көмегіне жүгінуге және оның ауқымы бойынша есептеуге болады (11-сурет).

11-сурет. Қазақстан картасында Бурабайдың географиялық орналасуы

-8-

Егер ғаламторға қосылу мүмкіндігі болмаса, автокөлік және темір жолдар картасын қарастырып, ол бойынша бағытты белгілеуге болады. Бұл істе бізге соңғы үлгідегі көліктердегі навигаторлар көмектеседі. «Бурабай» демалыс орны туралы жан-жақты көрнекі түрде хабардар болу үшін фотосуреттер мен бейнересурстарды қарастыру қажет. Ғаламтордағы арнайы картографиялық қызметтер сендерге «Бурабай» демалыс орнындағы елді мекеннің біріне дейінгі қашықтықты автоматты түрде есептеп береді. Бұдан басқа, бұндай карталарда қолданыстағы көлік жолдары бойынша оған жетудің қысқа жолын анықтауға болады (12-сурет).

-9-

12-сурет. Екі елді мекен арасындағы қашықтықты автоматты түрде есептеу қызметін ұсынатын веб-парақша экранының суреті

-10-

Сендер «Бурабай» демалыс орны туралы географиялық зерттеу жүргіздіңдер. Енді өздеріңнің ізденіс жұмыстарыңның нәтижелерін ұсынуларың қажет. Қойылған сұрақтардың жауаптарын бейнепостер түрінде жасап, оның мазмұнын бүкіл сыныпқа айтып беріңдер. (Постер туралы мәліметті келесі айдардан қара)

1. Бурабай қайда орналасқан?

  • Ақмола облысының солтүстігінде
  • Қостанай облысында
  • Қызылорда облысында

2. Бурабай .   
3. Онда қандай көрнекі жерлер бар? Олар қаншалықты әдемі? 

4.  Біз баруды жоспарлаған кезде Бурабайда ауа райы қандай болады? 
5. Бұл курортта қандай белсенді демалыс түрлерімен айналысуға болады? 
6. Бурабай өзің тұратын елді мекеннен қаншалықты алыс орналасқан және ол жаққа қалай баруға болады? 

Постер деген не?

Постер – ақпараттық немесе оқу мақсатында жасалып, қысқа мәтінмен қоса берілген ірі форматты, көзге тартымды бейне, плакат. Бүкіл сынып алдында постер көрсетіп, түсіндіріңдер. Туындаған сұрақтарға жауап беріңдер. Сыныптастарыңның постеріне баға беріңдер және өз постеріңнің бағалануына дайын болыңдар. Постер үлгісі 14-суретте берілген.

14-сурет.Постер үлгісі

Ойыңды тұжырымда

1. Географиялық сұрақтарға жауап іздеу үшін бір ғана ақпарат көзі жеткілікті ме? Жауаптарыңды дәйектермен растаңдар.

2. Ақпарат көздерінің қайсысы дәстүрлі, ал қайсысы жаңа?

​3. Әрбір ақпарат көзіндегі қандай ақпарат географиялық болып табылады? Жауаптарыңды негіздеңдер.

​4. Әрбір географиялық ақпарат көзінің артықшылығы мен олқылықтары қандай? Өз тәжірибелеріңнен оларды пайдалануға қатысты мысалдар келтіріңдер.

5. Әрбір ақпарат көзімен жұмыс ерекшелігі неден көрінеді?

​6. Географиялық ақпарат көзіндегі мәлімет уақыт өте келе ескіруі мүмкін бе? Жауаптарыңды мысалдармен растаңдар.

7. Әртүрлі дереккөздерде бірдей нысан немесе құбылыс туралы мәліметтер бір-бірімен сәйкес келмеуі мүмкін бе? Мұндай ақпаратты қалай қайта тексеруге болады? Өз тәжірибелеріңнен мысалдар келтіріңдер. 

​8. Бір географиялық нысан түрлі ақпарат көздерінде әртүрлі аталуы мүмкін бе? Өз зерттеу тәжірибелеріңнен мысал келтіріңдер? Атаудың ішінен қайсысын қалай таңдадыңдар?

​9. Неліктен өздерің пайдаланған географиялық ақпарат көзі мен авторын үнемі көрсеткен өте маңызды деп ойлайсыңдар

10. Географиялық ақпарат көздерімен бірінші рет жұмыс істегелі отырған адамға арнап, бес ұсыныс құрастырыңдар.

​11. Географиялық зерттеулердің нәтижелерін қандай түрде ұсынуға болады?

Өтінемін күте тұрыңыз