II тоқсанның қорытындысы бойынша тест

1. MS Excel программасы:

  • кестелік процессор
  • мәтіндік редактор
  • графикалық редактор
  • мәліметтер қоры

3. Электрондық кесте – ...

  • латын әліпбиі әріптерімен аталған жолдар мен нөмірленген бағандар жиынтығы
  • нөмірленген жолдар мен латын әліпбиі әріптерімен аталған бағандар жиынтығы
  • нөмірленген жолдар мен бағандар жиынтығы
  • пайдаланушы өз еркімен атау берген жолдар мен бағандар жиынтығы

5. Excel программасындағы өңдеу нысаны қалай аталады?

  • Кітап
  • Мәтін
  • Кесте
  • Парақ

7. Excel программасы файлының кеңейтілімі қандай болады?

  • .doc
  • .xlsx
  • .txt
  • .pptx

9. Excel программасындағы «жұмыс парағы» ұяшығының мекенжайы неден құралады?

  • баған атауынан
  • баған нөмірінен
  • баған атауынан және жол нөмірінен
  • жол нөмірінен

11. Excel программасында ұяшықтағы мәліметтерді қалай жоюға болады?

  • ұяшықты бөлектеу және <Ctrl>-ді басу арқылы
  • ұяшықты ерекшелеп, пернетақтадағы <Del> пернесін басу арқылы
  • ұяшықты бөлектеу, тінтуірдің сол жақ батырмасын басу
  • ұяшықты бөлектеу және «Көрініс – Кәдімгі» пәрменін орындау арқылы

13. Excel программасындағы жұмыс парағында жолдар атауы ... белгіленеді.

  • еркін түрде пайдаланушы тарапынан
  • орыс әліпбиі әріптерімен
  • латын әліпбиі әріптерімен
  • сандармен нөмірленіп

15. Excel программасындағы кесте деректерінің қайсысы негізгі деп аталады?

  • басқа ұяшықтар бойынша анықтауға болмайтын деректер
  • басқа ұяшықтар бойынша анықтауға болатын деректер
  • туынды деректер
  • электрондық кестенің барлық деректері

17. Excel программасының жұмыс парағындағы бағанның дұрыс белгіленуі ...

  • AB
  • A12
  • 21
  • FAS

19. Excel программасындағы ұяшықтың дұрыс мекенжайын көрсетіңдер.

  • B1
  • «A10000
  • #A10
  • И99

21. Excel ұяшықтарына пішімдеудің қандай түрін қолдануға болады?

  • безендіру мен бояу
  • мәтінді туралау және қаріп пішімі
  • деректер типі, ені және биіктігі
  • нұсқалардың бәрі дұрыс

23. Берілген формулалар арасынан электрондық кестеге арналған формуланы тап:

  • A3B8 + 12
  • =A3*B8+12
  • А1=A3*B8+12
  • A3*B8+12

25. MS Excel-де А10:А20 диапазонындағы сандардың қосындысын табу формуласын көрсетіңдер:

  • СУММ(А10:А20)
  • СУММ(А10;А20)
  • СУММА(А10:А20)
  • СУММ(А10+А20)

27. MS Excel-де формула қандай белгімен басталады?

  • + таңбасынан
  • ! таңбасынан
  • $ таңбасынан
  • = таңбасынан

29. MS Excel-де А1, А23 және В4 ұяшықтарындағы ең кіші мәнді табу үшін қолданылатын формула қандай?

  • МИН(А1;А23;В4)
  • МИН(А1;А23:В4)
  • МИН(А1:А23:В4)
  • МИН(А1-А23;В4)

2. Microsoft Excel – …

  • кодтық кестені өңдеуге арналған қолданбалы программа
  • кесте түріндегі мәліметтерді өңдеу процесінде компьютердің торкөздерін басқаратын құрылғы
  • Microsoft Office кестесі қосымшаларының құрамына енетін электрондық кестелермен жұмыс істеу программасы
  • компьютердің қор көздерін басқаратын жүйелік программа

4. Excel программасын қандай команда көмегімен іске қосуға болады?

  • Бастау – Программалар – Microsoft Office – Microsoft Excel
  • Бастау – Программалар – Стандартты
  • Программалар – Microsoft Office – Microsoft Excel
  • Бастау – Программалар – Windows каталогы

6. Excel программасында жаңа кітап жасау үшін не істеу керек?

  • «Файл» мәзіріндегі «Жаңа» командасын орындау
  • Құралдар үстелінде «Қайтару» батырмасын басу
  • «Файл» мәзіріндегі «Ашу» командасын орындау
  • Құралдар үстелінде «Ашу» батырмасын басу

8. Excel программасындағы кестенің ең кіші элементі.

  • Ұяшық
  • Өрнек
  • Кітап
  • Дұрыс жауабы жоқ

10. Excel программасы кестесіндегі белсенді ұяшық – ...

  • пәрменді жазуға арналған ұяшық
  • енгізу пәрмені орындалатын ұяшықтың атауын қамтитын өрнегі бар ұяшық
  • тәуелді ұяшық мәліметтеріне сілтеме бар өрнек
  • ерекшеленген ұяшық

12. Excel программасында ұяшыққа мәліметтерді енгізу аяқталған кездегі дұрыс әрекетті атап көрсетіңіз.

  • <Enter> пернесін басу
  • Өрнектер үстелінің «Болдырмау» батырмасын басу
  • <End> пернесін басу
  • <Space> пернесін басу

14. Excel программасындағы ұяшыққа ақпаратты енгізбестен бұрын ... қажет.

  • ұяшықты белсенді ету
  • жаңа ұяшықты әзірлеу
  • тінтуірдің оң жақ батырмасын шертіп, «Контекстік мәзірді» шақыру
  • <Del> пернесін басу

16. Excel программасындағы жұмыс парағында бағандар атауы ... белгіленеді.

  • еркін түрде пайдаланушы тарапынан
  • орыс әліпбиі әріптерімен
  • латын әліпбиі әріптерімен
  • сандармен нөмірленіп

18. Excel программасы кестесі деректерінің қайсысы туынды деп аталады?

  • басқа ұяшықтар бойынша анықтауға болмайтын деректер
  • басқа ұяшықтар бойынша анықтауға болатын деректер
  • негізгі деректер
  • электрондық кестенің барлық деректері туынды болып табылады

20. Excel программасының жұмыс парағындағы жолдың дұрыс белгіленуі ...

  • A1
  • 18
  • 21A
  • DD

22. Excel программасындағы ұяшыққа қандай деректерді енгізуге болады?

  • Сан
  • Мәтін
  • Өрнек
  • Аталғандардың бәрін

24. Excel программасы кестесін автоматты біртекті деректермен толтыру үшін қандай командаларды орындау қажет?

  • Өңдеу – Толтыру – Прогрессия
  • Көрініс – Толтыру – Прогрессия
  • Пішім – Толтыру – Прогрессия
  • Құралдар – Автоматты толтыру

26. Ms Excel-де А11:А23 ұяшық диапазонындағы ең үлкен мәнді табу үшін формуланың қайсысын қолдану керек?

  • МАКС(А11:А23)
  • МАКС(А11;А23)
  • МАКС(А11-А23)
  • МАКС{А11:А23}

28. MS Excel-де ұяшықтың абсолютті адресін көрсету үшін қолданылатын таңба:

  • x
  • &
  • *$
  • @
Өтінемін күте тұрыңыз