3.1 Мәтіндік процессордағы кестелер

   1-тапсырма. Қазақстан халықтарының құрамы туралы деректерден кесте құрастырыңдар.
   ​2017 жылғы дерек бойынша Қазақстан халқының саны 18 млннан асып, ұлт құрамы келесідей болды:
   ​қазақтар – 12,06 млн немесе 67%,
   ​орыстар – 4,14 млн немесе 23%,
   ​украиндар – 0,36 млн немесе 2%,
   ​өзбектер – 0,34 млн немесе 1,8%,
   ​немістер – 0,2 млн немесе 1,1%,
   ​татарлар – 0,2 млн немесе 1,1%,
   ​ұйғырлар – 0,2 млн немесе 1,1%,
   ​кәрістер – 0,1 млн немесе 0,5%,
   ​белорустар – 0,06 млн немесе 0,3%,
   ​әзірбайжандар – 0,09 млн немесе 0,5%,
   ​түріктер – 0,15 млн немесе 0,8%,
   ​басқалары – 0,15 млн немесе 0,8%.

   Орындаушыға арналған дескрипторлар:

   • Кестенің қатар мен бағандар санын дұрыс қою;

   • Қатарлар мен бағандарды дұрыс құру;

   • Кестеге деректерді дұрыс енгізу.

   3.2 Электрондық кестелер

   №1-тапсырма: Баған мен қатарда орналасқан сандарды қосу

   Берілген электрондық кестені жасаңдар. А, B,C, D бағандарында орналасқан сандардың қосындысын Е бағанына жазыңдар:
   ​Е = А+ B + C + D өрнегі бойынша 1 мен 5-ке дейінгі қатардағы сандарды қосыңдар, нәтижесін 6-шы қатардағы және Е бағанын-дағы ұяшықтарға жазыңдар.

A

B

C

D

D

E

1

15

12

205

205

164

2

-22

156

56

56

263

3

0

-29

54

54

23

4

36

0

3

3

-69

5

-4

9

12

12

53

6

   Орындаушыға арналған дескрипторлар:

   • Кестеге санды орналастырып шығу;
   ​• Баған бойынша ұяшыққа қосу формуласын қойып есептеу;
   ​• Қатар бойынша ұяшыққа қосу формуласын қойып есептеу.

   № 2-тапсырма: Баған мен қатардағы сандардың арифметикалық орта мәнін есептеңдер.

   №1 тапсырмадағы электрондық кестенің А, B, C, D бағандарында және 1 мен 5 аралығындағы қатарларда орналасқан сандардың арифметикалық орта мәнін есептеңдер.

A

B

C

D

D

E

1

15

12

205

205

164

2

-22

156

56

56

263

3

0

-29

54

54

23

4

36

0

3

3

-69

5

-4

9

12

12

53

6

   Орындаушыға арналған дескрипторлар:

   • Арифметикалық орта мәнін есептеу формуласын дұрыс жазу;
   ​• Кестеге санды орналастырып шығу;
   ​• Бағана бойынша арифметикалық орта мәнін есептеу;
   ​• Қатар бойынша арифметикалық орта мәнін есептеу.

   3.3 Электронды кестелердің элементтерін форматтау

   Қазақстандағы мерекелер жылдың қай мезгілінде көп болатынын анықтаңдар.

   Орындаушыға арналған дескрипторлар:

   • Кесте шегараларын белгілеу;
   ​• Кестеге бастапқы мәліметтерді орналастыру;
   ​• Ұяшықтарды бояу;
   ​• Ай аттарын, айдағы күн сандарын, сол айдағы мереке күндерін дұрыс енгізу.
   ​• Жылдың қай мезгілінде демалыстың көп екенін анықтау.

   № 4-тапсырма: Жалақы мөлшерін есептеу

   Кәсіпорындағы қызметкерлердің айлық жалақысын есептеңдер. Айлық жалақыны есептеуде математика пәнінде үйренген пайызбен есептеу білімдеріңді пайдаланыңдар.
   ​Мысалы, қызметкерге есептелген жалақы 80000 теңге болса, онда жалақыдан ұсталымдар төмендегідей есептеледі:
   ​20%= 0,2 11%= 0,11
   ​Табыс салығы = 80000* 0,2 => 16000
   ​Әлеуметтік салық = 80000* 0,11 =>8800

   Орындаушыға арналған дескрипторлар:

   • Кесте шегараларын белгілеу;
   ​• Кестеге мәліметтерді жазу;
   ​• Қызметкерлердің аты-жөнін, жалақы берілген күнді, есептелген жалақының мөлшерін ойдан құрастырып жазу;
   ​• Табыс салығы, әлеуметтік салық және жалақыны есептеу формулаларын табу, есептеу.

   3.4 Мәліметтер форматы

   №5-тапсырма: Ұяшықтарды бірдей бүтін сандармен толтыру

   7-сыныпта 20 оқушы білім алады. Тоқсан қорытындысы бойынша информатика пәнінен барлық оқушылар «5» бағамен, математика пәнінен «4» бағамен аяқтады. Осы ақпаратты пайдаланып, кестені толтырыңдар.

   Орындаушыға арналған дескрипторлар:

   • Кесте шегараларын белгілеу;
   ​• Ұяшықтарды біріктіру;
   ​• Ұяшықтарға мәліметтерді қатесіз жазу;
   ​• Қатар нөмірлерін автоматты толтыру;
   ​• Бағаларды кестеге автоматты енгізу.

   №6-тапсырма: Ұяшықтарды автоматты толтыруды ұйымдастыру

   Орындаушыға арналған дескрипторлар:

   • Кесте шегараларын қою, ұяшықтарды біріктіру, мәліметтерді енгізу;
   ​• Кестені бірдей санмен толтыру;
   ​• Кестені сандар аралықтарымен толтыру;

   • Кестенің барлық бағандарындағы сандарды автоматты қосу;
   ​• Бір қатарда орналасқан үш санның арифметикалық орташа мәнін табу формуласын жазып, есептеу формуласын қалған ұяшыққа автоматты қолдану.

   Шартты форматтау

   №7-тапсырма

   Excel бағдарламасын іске қосыңдар. Кестенің 5-бағанын таңдап, төмендегі ереже бойынша толтырыңдар.
   ​1-бағанада –50 мен 50 арасындағы сандар;
   ​2-бағанда –20 мен 80 арасындағы сандар;
   ​3-бағанда –60 пен 40 арасындағы сандар;
   ​4-бағанда –30 бен 70 арасындағы сандар;
   ​5-бағанда –40 пен 60 арасындағы сандар.

   Шартты форматтауды қолданып, деректерді ерекшелеңдер

   • Қызыл түспен теріс сандарды;
   ​• Жасыл түспен 0 – 10 арасындағы сандарды;
   ​• Көк түспен 30 – 40 арасындағы сандарды;
   ​• Сары түспен 50 – 80 арасындағы сандарды ерекшелеңдер.

   Орындаушыға арналған дескрипторлар:

   • Кестенің шегараларын қою;
   ​• Бағаналарды ережеге сәйкес санды мәліметтермен толтыру;

   №8-тапсырма: Ең ұзын өзен

   Сендерге әлем өзендерінің арасынан 15 өзен ұзындығы және су бассейнінің көлемі бойынша берілген. Осы мәліметтерді өңдеңдер.

   Орындаушыға арналған дескрипторлар:

   • Кесте шегарасын белгілеу, мәліметтермен толтыру;

   • Ең ұзын 5 өзенді анықтау;

   • Су бассейнінің көлемі бойынша ең үлкен 5 өзенді анықтау;

   • Ең қысқа 5 өзенді анықтау;

   • Су бассейнінің көлемі бойынша ең аз 5 өзенді бөліп көрсету.

   3.6 Кестелік мәліметтердің графикалық көрінісі

   № 9-тапсырма: Денелердің жылдамдығы

   Төменде берілген суреттердегі физикалық денелердің жылдамдықтарының кестесін құрастырыңдар. Құрастырған кестелерің бойынша «Цилиндрлік» гистограмма жасаңдар.

   Орындаушыға арналған дескрипторлар:

   • Суреттегі мәліметтерді пайдаланып, кесте құру;
   ​• Кестені, ұяшықтарды форматтау;
   ​• «Цилиндрлік» гистограмманы жасау;
   ​• Диаграммалардың тақырыбын, мәндерін жазу, әсемдеу.

   №10-тапсырма: Ауаның құрамы

   Ауаның құрамын сипаттайтын кесте берілген. Кестедегі мәліметтерді негізге алып, ауа құрамындағы газдың массалық үлесін «Көлемді» диаграмма арқылы, ал көлемдік үлесін «Пирамидалық» гистограмма арқылы көрсетіңдер.

   Орындаушыға арналған дескрипторлар:

   • Ұяшықтарды пайыздық форматқа ауыстыру;
   ​• Массалық үлесі бойынша «Көлемді» дөңгелек диаграмма жасау; • Көлемдік үлесі бойынша «Пирамидалық» гистограмма жасау;
   ​• Диаграммалардың тақырыбын, мәндерін, аңызын орналастыру, әсемдеу.

   3.7 Процесстерді электронды кестелерде модельдеу

   № 11-тапсырма: Параболалық функция графигін модельдеу: у=x2 фунциясының графигін модельдеңдер. Диаграмманың «Нүктелік» түрін таңдап, парабола графигін салыңдар.

   Орындаушыға арналған дескрипторлар:

   • Кестені, ұяшықтарды форматтау;
   ​• у=x2 формуласын ұяшыққа орналастырып, есептеу жүргізу;
   ​• Функцияның графигін салу.

   № 12 - тапсырма: Мәтін теруші

   Самат және оның сыныптас достары компьютерде мәтін теруді жақсы көреді. Самат компьютерде минутына 180 символ тереді. Самат және мәтін теру жылдамдығы Самат сияқты 9 сыныптасы жазғы демалыста мектеп кітапханасындағы барлық кітап, журналдардың электрондық нұсқасын жасауға қанша жұмыс күнін жұмсайды (жұмыс аптасы 5 күннен және жұмыс күні 8 сағаттан тұрады)?
   ​Мектеп кітапханасында әр беті орташа 3000 символы бар 50 беттен тұратын 1200 журнал және әр беті орташа 2500 символы бар 400 беттен тұратын 25000 кітап бар.
   ​• Кестені форматтау;
   ​• Ұяшықтарға тапсырмада берілген шамаларды, өлшемдерді таңдау, орналастыру;
   ​• Тапсырманың математикалық моделін жасау;
   ​• Нәтижесін шығару.

Өтінемін күте тұрыңыз