3.5 Шартты форматтау

Электрондық кестеде шартты форматтау әдістерін қалай қолдануға болады?

   Шартты форматтау түрлері

Ойлан

  • Күнделікті керекті әрі маңызды ақпараттарды әртүрлі дереккөздерден пайдалану үшін ерекшелеудің қандай түрлерін қолданасыңдар?
  • Кестедегі санды мәндерді (ең үлкен, ең кіші мәнін, ең көп және ең аз кездесетінін) көзмөлшерімен қалай ажыратады?

   Жаңа білім

   Excel программасында кестелерді шартты түрде форматтауға болады. Форматтаудың бұл әдісі деректерді талдауда, пішіндеуде өте қолайлы әдіс. Шартты форматтау – ұяшықтардағы деректерді белгілі шарттар бойынша форматтау. Қабылдауға оңтайлы болу үшін санды деректерді гистограмма, таңбалар және әртүрлі түстер арқылы беру тиімді. Бұл әдіс арқылы проблемалық жерлерге бірден визуалды түрде баға беруге болады. Шартты форматтауды іске қосу үшін «Бас» (Главная) құралдар тақтасында орналасқан «Мәнерлер» (Стили) бөліміндегі «Шартты форматтау (Условное форматирование) пәрмендерін (команда) орындасақ, «Шартты форматтау» диалогтік терезесі ашылады. «Шартты форматтау терезесінің» құрылымымен танысайық.

   Шартты форматтау терезесінің құрылымы

  • Ұяшықтарды ерекшелеу ережесі – (Правила выделения ячеек) – нақты мәндері бар ұяшықтарды форматтау ережесін жасау үшін қажетті түрлі параметрлер орналасқан контекстік мәзірді ашады.
  • Бірінші және соңғы мәндерді іріктеу ережесі (Правила отбора первых и последних значений) – ұяшықтардағы мәндердің алғашқы немесе соңғы элементтері топтарын анықтау форматын тағайындайтын мәзірдің қосымша режімін ашу.
  • Гистограмма – таңдалған ұяшықтардағы мәндерді көру ыңғайлы болу үшін әртүрлі түстегі гистограммаларды қоюға мүмкіндік береді.
  • Түрлі-түсті шкалалар (Цветовые шкалы) – орналасқан мәндеріне қарай ұяшықтарды екі немесе үш түске бояу арқылы ерекшелеу.
  • Белгіше жинақтары (Набор значков) – ұяшықтарға қойылатын белгішелерді көрсетеді. Ұяшықта қандай белгіше болуы ұяшықтағы мәннің басқа ұяшықтардағы мәндермен салыстыру арқылы анықталады.

   Сонымен бірге, шартты форматтау терезесінің мәзірінде қосымша төмендегідей әрекеттерді орындауға береді.

  • Ереже жасау (Создать правила...) – таңдаған ұяшыққа пайдаланушы өзі форматтау шартын ұсынатын «Форматтаудың жаңа ережесін жасау» диалогтік терезесін ашады. Ережені өшіру – (Удалить правила) – ұяшыққа параққа берілген ережелерді өшірге мүмкіндік беретін диалогтік терезені ашады.
  • Ережелерді басқару (Управление правилами ...) – «Шартты форматтау ережелер диспетчері» диалогтік терезесін ашады. Бұл диалогтік терезесі арқылы ережелерге өзгерістер енгізу, өшіруге және тізімдер бойынша жоғары-төмен жылжытуға болады. Сендер-мен бірге шартты форматтау командаларымен таныса отырып, теориялық білімді практикамен ұштастырамыз. Ол үшін төмендегі тапсырманы орындау барысымен танысайық.

Практикалық жұмыс

   Оқулық атауы, бағасы және оның саны көрсетілген кесте берілген. Осы кесте бойынша төмендегі тапсырмаларды орындаңдар:
   ​1. «Бағасы» бағанынан құны 600 теңгеден жоғары оқулықтарды ерекшелеңдер;
   ​2. «Саны» бағанындағы саны ең көп болатын 5 оқулықты ерекшелеңдер;
   ​3. «Саны» бағанындағы ұяшықтардағы мәндерді үлкенінен-кішісіне қарай бояңдар;
   ​4.«Бағасы» бағанындағы арзан және қымбат кітаптарды визуалды түрде анықтауға болатындай ерекшелеу енгізіңдер.

   «Ұяшықтарды ерекшелеу ережесі (Правила выделения ячеек)» бөлімінде «Үлкен», «Кіші», «Тең», «Аралығында», «Мерзім», «Мәтінді анықтау»және «Қайталанатын белгілер» сияқты қызметтер бар (4.25-сурет).


​   1-тапсырма

   1-тапсырманы орындауда «Ұяшықтарды ерекшелеу ережесі (Правила выделения ячеек)» бөліміндегі «Үлкен (Больше...)» ережелерін басамыз. Экранда 4.25-суреттегі диалогтік терезе шығады. Диалогтік терезедегі жолға 600 санын тергенде, 600 теңгеден қымбат оқулықтар ақ-қызыл түспен боялып, ерекшеленеді (4.6-кесте). 4.26-суретте 650-ден жоғары болған жағдайды көріп тұрмыз.


​   2-тапсырма

   2-тапсырманы орындауда «Бірінші және соңғы мәндерді іріктеу ережесі (Правила выделения ячеек)» (4.27-суреттегі) көрсетілген ережелерден тұрады. Бұл бөлімдегі «10 алғашқы элемент... (10 первых элементов)» ережесін орындағанымызда, экранда 4.28-суреттегі суреттегі диалогтік терезе ашылады. Диалогтік терезедегі 10 деп көрсетілген ұяшықтағы санды 5-ке өзгерткенімізде 4.7-кестеде көрсетілгендей саны ең көп боялған 5 оқулық ерекшеленеді.


​   3-тапсырма

   3-тапсырманы орындау үшін «Гистограмма» батырмасын  басамыз. Ол бірнеше батырмадан тұрады (4.29-сурет). Соның ішінде көк түсті гистограмманы таңдаймыз. 4.8-кестеде көрсетілгендей, «саны» бағанындағы ұяшықтар мәнінің артуына немесе кемуіне қарай боялады. Назар аударсаңдар, ұяшықтардағы ең аз оқулық пен ең көп оқулық сандары бір қарағаннан байқалады. Сондай-ақ шарт-ты форматтаудың артықшылықтарын да анық байқауға болады.

   Талдау

   4-тапсырма

​   4-тапсырманы орындауда «Бағасы» ұяшығын ерекшелеп, «Белгіше жинақтары» (Набор значков) – батырмасын басып, белгішелер жиынтығы орналасқан терезеге басамыз (4.30-сурет). Ол жерден 5 түсті бағдаршаны таңдаймыз. Ерекшеленген ұяшықтарға бағдаршаны орналастыру төмендегі әдіспен жүзеге асады. Ерекшеленген ұяшықтардағы мәнді 100% деп алып, мәндеріне қарай 0-20%, 21-40%, 41-60%, 61-80%, 81-100% болатын 5 түрлі мәндер аралығына ажыратамыз (4.8-кесте). Ұяшықта белгішенің орналасуына байланысты, сол ұяшықтағы мәннің қай мәндер аралығында жатқанын салыстыру негізінде анықталады. Егер 3 түрлі түсті бағдаршаны таңдасақ, онда 100% мәндер аралығы 0-33%, 34-67%, 68-100%-ға тең үш бөлікке ажырайды.

4.9-кестеге талдау жүргізсек, ерекшеленген ұяшықтар аралығындағы мәндер 450 – 800 теңге аралығында. Ал 600 теңгелік кітаптардың бағасы орташа. Жасыл бағдаршадағы кітаптар бағасы ең қымбат, қызыл түстегі бағдарша қатарындағы кітаптар бағасы ең төмен деп оқуға болады. Ал жартылай төмен және жартылай жоғары қараған бағдаршаларды арзандау және қымбаттау деп оқуға болады.
Шартты форматтау – Excel программасының ең қызық әрі танымал құралдар қатарына жатады. Оның көмегімен жазылған мәндерге әртүрлі түс беруге болады. Шартты форматтау ұяшықтардағы мәндерді визуалды бағалау үшін өте тиімді, кейбір жағдайларда диаграммалардың орнына қолдануға болады.

4.30-сурет. Белгішелер жинағы

   Жинақтау

   Шартты форматтау әдісін қолдануға екі нақты мысал құрастырып, ұсыныңдар.

   Сұрақтар

   Бағалау

   Шартты форматтау бөлімін пайдаланудың тиімділігін атаңдар.

   1. Шартты форматтау деген не?
   ​2. Шартты форматтау құралдары қандай бөлімдерден тұрады?
   ​3. Шартты форматтау бөлімінде қандай қызмет түрлері бар және олардың қызметтері қалай сипатталады?
   ​4. «Белгіше жинақтары» (Набор значков) бөлімінде ұяшықтарға белгішелерді қою әдісін түсіндіріп беріңдер.
   ​5. Түс беруші шкалаларды қалай жүзеге асыруға болады?
   ​6. Бірінші және соңғы мәндерді іріктеу ережесін түсіндіріп беріңдер.
   ​7. Шартты форматтаудың пайдаланушыға қандай пайдасы бар?

   Тапсырма

   «Сынып үлгерімі» жобасын жасаңдар

   Өздерің оқитын сыныптағы оқушылардың 1-тоқсан бойынша білім сапасын кестеге түсіріңдер. Үлгі ретінде 4.10-кестеге қараңдар. Кестені шартты форматтау ережесі бойынша толтырыңдар. Жасалған жобаны көпшілік ортада талдаңдар.

4.10-кесте. Үлгі

   Жеңіл атлеттер жарысы

   Жүгіру мен ұзындыққа секіру жарысының қорытындысы кесте түрінде берілген (4.11-кесте).
   ​Жүгіру мен ұзындыққа секіру жарысының үздік нәтижесін анықтаңдар. Жүгіру бойынша жеңімпаздың аты-жөнін қызыл түспен ерекшелеңдер. Ұзындыққа секіру жарысының жеңімпазының аты-жөнін көк түспен ерекшелеңдер.

4.11-кесте. Жарыс нәтижесі

Аты-жөні

100 м жүгіру нәтижесі, с

Ұзындыққа секіру нәтижесі, м

Зиятбек А.

10.2

2.5

Байымбет М.

12.3

2.58

Қаражан А.

9.1

2.42

Алау Г.

8.5

2.81

Елтай Т.

7.6

2.76

Дәнебек С.

6.9

2.9

Атахан К.

11.3

2.78

Мәулен Б.

10.8

2.8

Сұлтан Ғ.

8.2

2.83

  • Гистограмма –
  • Түрлі-түсті шкалалар (Цветовые шкалы) –
  • Белгіше жинақтары (Набор значков) –
  • таңдалған ұяшықтардағы мәндерді көру ыңғайлы болу үшін әртүрлі түстегі гистограммаларды қоюға мүмкіндік береді.
  • орналасқан мәндеріне қарай ұяшықтарды екі немесе үш түске бояу арқылы ерекшелеу.
  • ұяшықтарға қойылатын белгішелерді көрсетеді.

Ұяшықтарды  ережесі – (Правила выделения ) – нақты  бар ұяшықтарды  ережесін жасау үшін  түрлі параметрлер орналасқан   ашады.

Өтінемін күте тұрыңыз