2.1 Компьютерлік желілер мен олардың жіктелуі 

Компьютерлердің бір-бірімен өзара ақпарат алмасуы қалай жүзеге асады?

   Компьютерлік желі

   Ойлан

Компьютерлер арасында ақпарат алмасудың болуы пайдаланушы үшін маңызы қандай?

   Жаңа білім

Қазіргі кезде жаңа ақпараттық технологиялар ғылым мен техниканың барлық салаларында кеңінен қолданысқа енуде. Компьютер технологиясының қарқынды дамуына компьютерлік желінің ықпалын ерекше атап өтуге болады. Компьютерлік желі әлемнің басқа елдерімен банк жүйесі, экономика, қорғаныс, медицина, білім, т.б. салаларында ақпарат алмасудың негізгі объектісіне айналды.

Компьютерлік желі – коммуникациялық құрылғыларды (дисктер, файл, принтер) тиімді пайдалану мақсатында бірыңғай деректерді алмасу арнасына біріккен компьютерлік желілер тобы.

   Желілерді таралу ерекшелігіне байланысты 4 түрге бөлуге болады.
   ​1. Аумақтық таралуына;
   ​2. Тиістілігіне;
   ​3. Деректерді тасымалдау жылдамдығына;

   4. Деректерді тарату ортасына қарай бөлінеді.

   Аумақтық таралуына қарай бөлінуі

   Жергілікті желі шектеулі аймақта (бір бөлмеде, мекемеде, зауытта т.с.с.) орналасқан компьютерлерді біріктіреді. Жергілікті желі құрудың негізгі мақсаты – өндірістік процестерді автоматтандыру, керекті құжаттарды жедел өңдеу мен ақпарат алмасуды жылдамдату. Жергілікті желіге қосылған әрбір компьютер кабельдер арқылы желілік бейімдеуіш (адаптер) көмегімен байланысқа түседі.

Корпоративтік немесе аймақтық желібір қала немесе аймақ көлемінде компьютерлердің бір жүйеге бірігуінен пайда болатын желіні айтамыз. Корпоративтік желі – ірі компаниялар, банктер, басқа да құрылымдардың пайдалануы үшін өте ыңғайлы желі. Белгілі бір ұйым немесе мекемеде өзара электронды құжат алмасулар үшін аймақтық желіні қолданады. Аталған желі арқылы олар өзара байланысқа түсе алады.
Дүниежүзілік желі дүниежүзі бойынша компьютерлерді ортақ бір арнаға біріктіру арқылы байланыс жасауды айтамыз. Қазіргі кезде мұндай желі интернет болып табылады. Интернет желісі арқылы бір уақытта, бір мезетте миллиондаған пайдаланушылар өзара қарым-қатынасқа түседі. Желідегі компьютерлер жұмысын арнайы программа басқарады. Желідегі компьютерлер бір-бірімен ақпарат алмасу кезінде бәріне ортақ ережемен, өзара түсінікті тілде байланыс жасауы керек. Осы ортақ ережені желілік хаттама деп атайды.

   Тиістілігіне қарай бөлінуі

Ведомстволық желі

Бір ұйымға немесе мекемеге тиісті болады.

  • Банкоматтар, теміржол кассалары; 
  • Театр кассасы және т.б.

Мемлекеттік желі

Ішкі істер органдары, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Кеден қызметі сияқты мемлекеттік мекемелерге қарасты желілер.

Деректерді тасымалдау жылдамдығына қарай бөлінуі

1. Төменгі жылдамдықта (10 Мбит/с-қа дейін)
2. Орташа жылдамдықта (100 Мбит/с-қа дейін)
3. Жоғары жылдамдықта (100 Мбит/с-тан жоғары) тасымалданады.

Деректерді тарату ортасына байланысты бөлінуі

1. Кабельдік арналар арқылы;
2. Сымсыз арналар арқылы таратылады.

   Кабельдік арналар

   Есулі қосақталған (витая пара) кабельдер бір немесе бірнеше сымдардың бірігуімен өрілген өткізгіштерден тұрады. Кабельдердегі электромагниттік кедергілерді бәсеңдету үшін өткізгіштерді бір-біріне жұптап өреді. Бұл кабельдер арзан әрі кедергілерге төзімді. Тарату жылдамдығы 1000 Мбит/с. Мұндай кабельдерді жергілікті желілерді құруда қолданады.
   ​Коаксиалды кабель жергілікті желілерде қолданылатын кабельдің бір түрі. Оның тұрпаты бір-біріне кигізілген цилиндрге ұқсайды. Ол мыстан жасалған екі өткізгіштен тұрады. Кабельдің бұл түрі есулі қосақталған кабельдерге қарағанда әртүрлі кедергіге төзімді. Деректерді тарату жылдамдығы – 50-100 Мбит/с. Байланысқа қабілетті ұзындығы бірнеше километрге дейін жетеді.
   ​Оптикалық талшықшыны немесе пластикалық жіп. Оның қызметі деректерді тасымалдауда жарықтың таралуы жылдамдығына негізделген. Оптикалық талшықпен байланысқан желі алыспен байланыс жасауда қолданылады. Негізгі ерекшелігі – сигналдар жоғалмайды, бөтендер рұқсатсыз қосылмайды. Деректерді тасымалдау жылдамдығы жоғары (3 Гбит/c.).

Есулі қосақталған (витая пара)

Коаксиалды кабель

Оптикалық талшық

   Сымсыз желі

   Радиотехника дамуының бастапқы сатысында «сымсыз» (wireless) терминін радиобайланысты түсіндіру үшін қолданған, яғни деректерді тасымалдау сымсыз жүзеге асатын барлық жағдайларға қатысты айтылған болатын. Wi-Fi технологиясы қазіргі таңда компьютерлер байланысы саласындағы болашағы зор технологиялардың бірі деп танылуда. Wi-Fi (Wireless Fidelity) – ағылшын тілінен аударғанда “сымсыз дәлдік” деген мағына береді. Алғашында Wi-Fi құрылғысы дәстүрлі кабельдік желілердің орнына қолдануға арналған болатын. Кабельдік желілерді құру қиын болған жерлерге сымсыз желілерді уақытша желі ретінде пайдаланған (1-сурет). Мысалы, көрмелер, конференциялар ұйымдастыратын кабельдік желі тартылмаған ғимараттарда қолданған. Кейіннен «сымсыз желіні» көпшілік орындарда, кафе, мейманхана, әуежайларға орнату арқылы келіп-кетушілердің интернетпен жұмыс жасауына толық жағдай жасау үшін қолдану дәстүрге айналды.
   ​Артықшылығы: Кабельдердің қолданылмауы, ноутбуктармен жұмыс жасаудың қолайлылығы, өте үлкен аймақтарды қамтитын байланыстың болуы.
   ​Кемшілігі: Басқа радио жиіліктермен сәйкессіздіктің болуы, деректер алмасуда ақпаратты сыртқы кедергілерден қорғаудың төмендігі.

3.1-сурет. Сымсыз желіде жұмыс істейтін құрылғылар

   Байланыс арналары:

  • Радиобайланыс 100 м қашықтыққа тарайды (11 Мбит/с –54 Мбит/с)
  •  Инфрақызыл сәулеленуі (5 – 10 Мбит/с)
  • Инфрақызыл лазерлер (100 Мбит/с)

   Желілер топологиясы

Жергілікті желідегі компьютерлердің бір-бірімен геометриялық байланысу тәсілін топология деп атайды. Байланысуына қарай желілерде «шина», «жұлдызша» мен «сақина» түріндегі топологиялар жиі қолданылады.


   «Шина» топологиясы – негізгі байланыс ретінде бір ғана кабель қолданылады. Осы кабельге жеке-жеке бірнеше компьютерлер жалғанады. Шина ретінде коаксиальдық кабельдер қолданылады. Желінің құрылысы қарапайым. Мұндай байланысатын желінің кемшілігі шинаның бір жері үзілсе барлық компьютерлер өзара байланысын жоғалтады.


​   «Сақина» тәріздес желі топологиясы –
бір-біріне тізбектеп жалғанып, жабық шеңбер құрайтын бірнеше компьютерлерден құралған. Желіде сигналдар бір бағытта беріледі. Компьютер көрші компьютерден алған сигналды күшейтіп, өзінен кейінгі компьютерге жеткізіп отырады. Орнатылуы өте қарапайым. Кемшілігі – компьютердің біреуі істен шықса, желі де жұмысын тоқтатады.


   «Жұлдызша» желі топологиясы. Желіні бұлай ұйымдастыруда​ компьютерлер бір-біріне тікелей жалғанбай, желілік бейімдеуішке (адаптер) жалғану арқылы байланысады. Желідегі компьютер істен шыққанмен басқалары өзара байланысын жоғалтпайды. Желіні осылай жалғау арзан әрі тиімді. «Жұлдызша» желі топологиясы бүгінде ең көп тараған желіні құрастыру әдісі.

   Сұрақтар

1. Бөлмеде немесе ғимараттарда компьютер арқылы қалай байланыс орнатуға болады?

2. "Желі" деген не?

3. Компьютерлік желі жұмысы дегенді қалай сипаттауға болады?

4. Желілердің қандай түрлері бар?

5. Компьютерде желі құру үшін қандай құрылғылар қажет?

6. Компьютерлік желінің маңыздылығын қалай бағалайсың?

7. "Желі топологиясы" деген не?

8. Желілер топологиясы түрлерінің қандай ерекшеліктері бар?

   Қолдану

   Компьютер бөлмесінде орналасқан компьютерлердегі жергілікті желінің топологиясын анықтаңдар. Оның сызбасын дәптерге түсіріңдер.

   Жинақтау

   Өздерің оқитын мектепке арнап жаңа корпоративтік желінің жобасын жаса. Мектептегі корпоративтік желінің негізгі элементтері орналасатын орындарды анықтап, сұлбасын сыз.

Бағалау

Компьютерлік техниканың дамуында желілік технологияның маңызын бағалаңдар.

   Үй тапсырмасы

1. Интернеттен желінің негізгі құрылғылары жайлы ақпараттық ізденіс жасаңдар. Жергілікті желілерді ұйымдастыру үшін керекті құрал-жабдықтар тізімін жасап, дәптерге жазыңдар.
Қосымша зерттеу жобасы:
2. Үйде қолданатын желі түріне байланысты жоба жұмысын құрастырыңдар.
3. Үй жағдайында жергілікті желіні құрастыруға керекті құрылғылардың тізімін және желіні орнату үшін қаражат мөлшерінің есебін жуық шамамен табыңдар.

  • «Шина» топологиясы –
  • «Сақина» тәріздес желі топологиясы –
  • «Жұлдызша» желі топологиясы.
  • негізгі байланыс ретінде бір ғана кабель қолданылады.
  • бір-біріне тізбектеп жалғанып, жабық шеңбер құрайтын бірнеше компьютерлерден құралған.
  • Желіні бұлай ұйымдастыруда компьютерлер бір-біріне тікелей жалғанбай, желілік бейімдеуішке жалғану арқылы байланысады.
  • Аумақтық таралуына
  • Тиістілігіне
  • Деректерді тасымалдау жылдамдығына
  • Деректерді тарату ортасына қарай бөлінеді
Өтінемін күте тұрыңыз