Табиғатты пайдалану және тұрақты даму

Сабақ мақсаты:
● табиғатты пайдалану типтері мен түрлерін жіктеу;
​● тұрақты дамудың белгілері мен бағыттарына сипаттама беру;
​● табиғатты пайдалануға (жеткілікті компоненттер негізінде) зерттеу жүргізу;
​● Қазақстандағы табиғат пайдаланудағы қиындықтарды анықтау негізінде оларды шешу жолдарын ұсыну.
Мақсатқа қол жеткізу үшін:
● табиғатты пайдаланудың анықтамасы, типтері мен түрлерін;
​● табиғатты тиімді және тиімсіз пайдалану белгілерін;
​● тұрақты даму белгілерін;
​● Қазақстанда табиғат пайдалануды оңтайландыру бойынша атқарылатын шараларын білу керек.

Табиғат пайдалану анықтамасы, типтері мен түрлері

-1-

   Табиғи-ресурстық әлеуетті игеру үшін табиғатты пайдалану, яғни қоғамның экономикалық, экологиялық және мәдени-сауықтыруға қатысты талап-тілектерін, қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін табиғи ортаны пайдалану жүзеге асырылады.
   ​Қазақстанда халықтың алуан түрлі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін және шаруашылық жұмыстарды жүргізу үшін табиғатты пайдаланудың типтері қалыптасты, олар:
   ​● табиғи ресурстарды игеру және олардан қажетті энергия мен бастап­қы материалдарды алу;
   ● энергия мен бастапқы материал алынатын орындар-дың соңғысынан өнім алу үшін қайта өңдейтін орындар-мен байланысын, ал өнімнің өндіріс орындарын – оны тұтынатын барлық тұтыну орындарымен байланысын қамтамасыз ету;​

-2-

   ● халықтың тіршілік әрекеттері орын алған барлық аудандарының қоршаған ортаның талаптарына икемделуі;
   ​● халықтың тіршілік әрекеттеріне қажетті деп таныл-ған қоршаған ортаның қасиеттерін сақтау.

-3-

Табиғатты пайдалану типтеріне оның нақты түрлерінің қалыптасуы тәуелді болады:

   ● өндірістік түрлері (ауылшаруашылық, энергия беретін, сумен қамтамасыз ететін, тау-кен өнеркәсіптік, орманшаруашылық, аңшылық-кәсіпшілік, қоймалық, фабрика-зауыттық, шеткі-қоқыстық, құрылыстық, қайта қалпына келтірушілік және мелиоративтік);
   ​● кеңістіктік-байланыстырушы түрлері (теңіз, өзен және теңіз- көліктік, көліктік-авиациялық, энергия тасымалдаушы, теміржол, автокөлік, жаяу жүргінші);
   ​● коммуналдық түрлері (қалалық және басқа да қоныстану түрлері, ғылыми-оқу, мәдени, спорттық-сауықтыру, емдеу-демалыс, рекреациялық);
   ● қоршаған ортаны қорғау түрлері (су қорғау, табиғатты қорғау, қосалқы).

-4-

​Табиғат қорғаудың жіктелімі. Табиғатты қорғау жалпы және арнайы деп бөлінеді.

   Табиғатты жалпы пайдалану тұрақты болады. Ол халықтың тіршілік үшін қажетті мұқтаждықтарын қанағаттандыру үшін тегін жүзеге асырылады. Сондай-ақ табиғи ресурстар пайдалануға берілмейді. Бұл – табиғатты қорғауға қатысты міндеттемелерін міндетті түрде сақтай отырып, заңмен кепілдік берілгендей қоршаған ортаны өмірі мен денсаулығына қауіпсіз пайдалану мүмкіндігі.
   Табиғатты арнайы пайдалану – табиғи ресурстарды пайдалануды және (немесе) қоршаған ортаға шығаруды ақылы түрде жүзеге асырушы жеке және заңды тұлғаның іс-әрекеті.​

-5-

   Нысандарына байланысты табиғат пайдалану төмендегідей бөлінеді:
​   – жерді пайдалану;
​   – жер қойнауын пайдалану;
​   – суды пайдалану;
​   – орманды пайдалану;
​   – өсімдік және жануарлар әлемін пайдалану;
​   – атмосфералық ауаны пайдалану.

Топтық жұмыс

1. Табиғатты пайдаланудың әр түріне жататын, өздерің тұратын аймақтағы нақты кәсіпорынды атаңдар.
​2. Табиғатты жалпы пайдалану шеңберінде қандай жұмыс түрлерін жүзеге асыруға құқылы боласыңдар?3. Нысандар бойынша бөлінген табиғат пайдаланудың әр бағытына шаруашылық іс-әрекеттердің қандай түрлері кіреді? Сен тұратын өңірде қайсысы басымырақ?

Табиғат қорғау мәселелері және тұрақты даму

-1-

   Адамзат баласының өмір тәжірибесінде табиғат пен адамдардың арақатынасын көрсететін табиғатты пайдаланудың екі қағидасы бар:
  ​1. Адам табиғатқа өзін бейімдейді.
  2. Адам табиғатты өзіне бейімдейді.
  ​Мұндай іс-әрекет келесі қиындықтардың туындауына әкеледі:
   ​1) ресурстық-шаруашылық (табиғи ресурстардың таусылуы);
​   2) табиғи-ландшафттық (түрлердің алуан түрлілігі азаяды, табиғи ландшафттар бұзылады);
​   3) антропологиялық-экологиялық (адам денсаулығының нашарлауы).

-2-

   Осыған ұқсас қиындықтар туындамау үшін табиғатты пайдаланудың негізгі қағидасы жасалды. Ол экономика-ның өсу қарқыны табиғи ресурстардың ұдайы өсіп отыру қарқынымен және қоршаған орта сапасының ұдайы артып отыру қарқынымен теңгерімде болуы тиіс. Адамзат баласы табиғи ресурстарды қаншалықты қалпына келтіре алса, соншалықты игеруі және табиғи ортаның сапасы қайта қалпына келіп үлгеретіндей жағдайда игеруі тиіс.
   ​Осы қағиданың сақталуы – табиғатты тиімді пайдала-нудың басты белгісі. Табиғатты тиімді пайдалану табиғи ресурстардан пайдалы өнімдерді барынша көбірек ала отырып, оларды үнемді және тиімді пайдалану режимі қамтамасыз етіледі.

-3-

  Табиғатты тиімді пайдалану табиғи ресурстар әлеуетінде шұғыл (күрт) өзгерістердің орын алуына әкеліп соқтырмайды және табиғи ортада үлкен өзгерістер туындатпайды. Сонымен қатар табиғатты қорғау және оған келетін зиянды барынша азайту талаптарын басшылыққа алып, оған әсер ету нормасы сақталады.
   ​Табиғатты тиімсіз пайдалану табиғат заңын бұзатын, табиғи ресурстар кешенінің сақталуын қамтамасыз етпейтін, табиғи ресурстарды жоғары қарқынмен пайдалануға қатысты іс-әрекетті білдіреді. Осындай іс-әрекеттердің нәтижесінде табиғи ортаның сапасы нашарлап, азып-тозады, табиғи ресурстар таусылып, адамдардың тіршілік әрекеттерінің шынайы негізі бұзылады, денсаулықтарына зиян келеді.

-4-

   Табиғатты бұлай пайдалану экологиялық қауіпсіздікті бұзып, экологиялық дағдарысқа, тіпті апатқа әкелуі де мүмкін.
   ​Табиғатты тиімді пайдалану тұрақты дамуға өтуді қамтамасыз етеді. Тұрақты даму – бұл қоғамның сол кездегі ұрпақтың қажеттіліктерін қамтамасыз ету ісі болашақ ұрпаққа ешқандай зиян келтірмейтіндей жүзеге асырыла дамуы, бұл өзінің табиғи негізін бұзбайтын және адамзат өркениетінің үздіксіз алға басуын қамтамасыз ететін қоғамның басқарылатын теңгерілген дамуы.
   ​Тұрақты даму кезінде, табиғи ресурстарды өзімізге де, болашақ ұрпаққа да жететіндей етіп тұтынуымыз қажет. Ресурстарды игеру табиғаттағы бүтіндікті (тұтастықты) бұзбауы тиіс.

Геодерек

Нұр-Сұлтаннан 35 км жердегі Ақмола облысы Аршалы ауданы Арнасай ауылында 2015 жылдың қыргүйек айынан бастап «Арнасай – Қазақстанның жасыл елді мекені» жобасы жүзеге асырылуда. Жасыл технологиялар орталығында жаңа буынның жылыжайы – күн биовегетарийі салынды. Онда жылумен қамтамасыз етудің алуан түрлері, көгөніс өнімдерін өсіру барысындағы энергия және су үнемдейтін технологиялар сынақтан өткізіледі. Жертөледе жыл бойы экологиялық таза көгөніс өнімдері өсірілетін фитодиодты жылыжай және балық өсіру үшін сумен қамтамасыз ететін тұйық жүйе орнатылған.

ОЙЫҢДЫ ТҰЖЫРЫМДА

Топтық жұмыс

1. Өз тәжірибеңе сүйеніп, өздерің тұратын өлкедегі
​1) ресурстық-шаруашылық,
​2) табиғи-ландшафттық және
​3) антропология-экологиялық мәселелеріне мысал келтіріңдер. Нысан бойынша табиғатты пайдалану түрін көрсете отырып, осы мәселелердің орын алу себептерін және кәсіпорынның атауын, салдарын, оларды шешу бойынша атқарылатын іс-шараларды атаңдар. Қиындықтарды шешу бойынша өз ұсыныстарыңды айтыңдар.2. Өздеріңнің көзқарастарың бойынша, табиғатты тиімсіз пайдаланудың себебі неде?

Табиғатты пайдалану, яғни қоғамның экономикалық, экологиялық және мәдени-сауықтыруға қатысты талап-тілектерін, қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жүзеге асырылады.

  • Кішкентай және үлкен
  • Жеке және мемлекеттік
  • Оңтайлы және дербес
  • Жалпы және арнайы
  • Басты және екінші дәрежелі

Жеке жұмыс

1. Қосымша ақпарат көздерін қолданып, нақты бір қазақстандық кәсіпорындағы (өз таңдауларың бойын-ша) шикізатты дайын өнім ретінде өңдеу түрлерінің бірін зерттеңдер. Келесі сұрақтарға берілетін жауаптарға сүйеніп, табиғат пайдалану процесіне жалпы сипаттама беріңдер:
  – ​Шикізаттың қандай түрлері қолданылады?
  ​– Шикізатты қалай өңдейді және дайын өнімді қалай алады?
  – ​Өндіріс орнының экологиялық зардаптары қандай?
   2. Осы өнімді шығаратын өндіріс орнының қоғамға және табиғатқа әсер ету дәрежесін жапырақша диаграм-ма (немесе өрмек-диаграмма) түрінде бағалаңдар. Оны салу қағидаларымен информатика сабағынан таныс болдыңдар. Төменде мысал келтірілген.
  ​Бағалау төмендегі санаттар бойынша бес балдық шәкілмен жүзеге асырылады: «табиғи ресурстар», «экономика», «табиғи ортаның сапасы», «қоғам игілігі».
​  3. Осы кәсіпорынға табиғатты тиімді пайдалануға және тұрақты дамуға көшу жолын ұсыныңдар.
​  4. Жұмыс нәтижесін бүкіл сыныпқа таныстырыңдар.

Бағалау шәкілі:
​0–1 балл – әсері жоқ
​1–2 балл – әлсіз әсер береді
​2–3 балл – әсері сезіледі (байқалады)
​3–4 балл – әсері айқын байқалады
​4 және одан жоғары балл – күшті әсер береді

Өтінемін күте тұрыңыз