Деректер базасымен жұмыс

Ехсel кестелік процессорында деректер базасын жасап, өңдеу бойынша алған білімді өмірде қалай қолдануға болады?

Жоба

Ойлан

Деректер базасымен жұмыс жасауда алған білімдеріңді күнделікті өмірде (үйде, мектепте және т.б.) қалай қолдануға болады деп ойлайсың? Нақты ұсыныстар, дәлелді мысалдар келтір.

-1-

Жоба – белгілі бір тақырыпқа зерттеу жүргізіліп, нақты бір тәжірибелік нәтижемен аяқталатын іс-әрекет. Жобаның нәтижесін көпшілік алдында таныстырып, қорғайды. Берілген тақырып бойынша жобаны жоспарлаудың маңызы зор. Цифрлық құрылғыларды пайдаланып бейнежобалар (роликтер) дайындауға болады. Жобалардың тәжірибелік жоба, зерттеу жобасы, ақпараттық жоба, шығармашылық жоба сияқты түрлері бар. Ехсel кестелік процессорында жұмыс жасауда бізді тәжірибелік жоба жұмысы қызықтырады. Себебі, бұл программаның көмегімен нақты нәтижеге жетіп, программалық өнім жобасын дайындауға болады.

-2-

Тәжірибелік жоба – нақты мәселелерді шешуге бағытталған. Мысалы, «Мектеп оқушыларының деректер базасы» тәжірибелік жобасында нақты нәтиже мектеп оқушыларының Ехсel програм-масындағы деректер базасы болып саналады.

Тәжірибелік жоба

Төменде берілген жоба тақырыптарының арасынан бір тақырыпты таңдап алып, жеке немесе жұппен орындап ұсынасыңдар. Жобаны орындау барысында теориялық материалдарды ұсынудан бөлек жобаның программалық өнімін жасаңдар.

«Біздің сынып» жобасы

«Біздің сынып» шағын жобасы

Ехсel кестелік процессорында өзің оқитын 9-сыныптың деректер базасын құр. Сыныптағы оқушылардың деректер базасына енгізуде Форма диалогтік терезесін қолдан. Функция қызметін пайдаланып Орташа жазбасында орналасқан Бойының ұзындығы және Салмағы өрістерінің орта мәнін есептеу арқылы сынып оқушыларының бойы мен салмағын есепте (1-сурет).

1-сурет. «Біздің сынып» шағын жобасының үлгісі

«Автокөлік» жобасы

2-сурет. Автокөліктердің сипаттамасы

«Автокөлік» жобасы

«Бипэк Авто – Азия Авто» компаниялар тобы – автокөлік құрастырумен және оны сатумен айналысатын еліміздегі ең ірі компаниялардың бірі. Компанияның bipek.kz сайтында бүгінгі таңда елімізде және шет елдерде құрастырылған автокөліктердің сипатта-масы, сатылу бағаларымен танысуға болады. Автокөліктер жайлы сол сайттан алынған деректерді пайдаланып деректер базасын құрастыр. Төменде автокөліктердің техникалық сипаттамалары мен жыл ішіндегі сатылу саны берілген (2-сурет).

Тапсырма:

1. Суреттегі мәліметтер бойынша деректер базасын құр.

2. Дерекқор жазбасында автокөлік атауы, өрістерде қозғалтқыш көлемі, қуаты, әр 100 км-ге орташа жұмсалатын жанармай шығыны және жыл ішінде орташа сатылу бағасын көрсет.

3. Кеңейтілген сүзгі арқылы қуаты 2.0-ге тең, 100 ат күшінен жоғары және сатылу саны 2000 данадан көп көліктерді ірікте.

4. Автокөліктердің сатылу саны бойынша диаграмма жаса.

«Сыныптың үлгерімін есептеу (сынып жетекшісіне көмек)» жобасы

«Сыныптың үлгерімін есептеу (сынып жетекшісіне көмек)» жобасы

Сынып жетекшісінің өз сыныбы бойынша атқаратын жұмыстары­ның ауқымы өте үлкен. Сондай жұмыстардың бірі әр тоқсанның қорытындысы бойынша сыныптағы оқушылардың үлгерімін есептеу болып табылады. Мұндай жұмысты сынып жетекшілерінің көпшілігі әлі де болса қағазға жазып, калькулятор көмегімен есептейді. Бұл, әрине, сынып жетекшісінің көп уақытын алады.

-1-

Тапсырма:

Сынып үлгерімін есептеуге арналған тәжірибелік жоба жұмысын орында. Жобада төмендегі жағдайлар қарастырылуы керек.

​1. Өрістерде сыныптың сол тоқсандағы оқыған пән атаулары және жалпы аты-жөні жазылуы тиіс. Жазбаларда оқушылардың аты-жөні, әр пән бойынша бағасы жазылуы керек. Жобаның деректер базасын құруда Форма батырмасын қолдан.

-2-

2. Жоба пішіні тартымды, деректерді оқу ыңғайлы, маңызды тұстарын түстермен ерекшеле.

​3. Ең соңғы жазбаларда (қатарларда) сыныптың пәндер бойынша орта бағасы, үлгерім пайызы болуы керек болса, соңғы өрістерде (баған) жеке оқушының тоқсандағы орта бағасы, білім сапасының пайыздық көрсеткішін қой.

-3-

4. Сұрыптау көмегімен сыныптағы оқушылардың білім сапасының төмендеуі бойынша ретте.
​​5.Қарапайым сүзгі арқылы жекелеген пәндерді тек үздік оқыған оқушыларды анықта.
​​6. Кеңейтілген сүзгі арқылы тек «Жаратылыстану» пәні бойынша және тек гуманитарлық пәндер бойынша «4» және «5» деген бағаға оқыған оқушылардың, барлық пәндер бойынша үздік оқыған сынып үздіктерінің тізімін сұрыпта.

Жоба қорғау кезінде:

• таңдаған тақырыбыңмен таныстыруға;
​​• тақырыпты не себепті таңдағаныңды түсіндіруге;
​​• мақсат пен міндеттеріңді айқындап беруге;
​​• пайдаланған құралдарыңды атап шығуға;
​​• тақырып бойынша қысқаша шолу жасауға;
​​• жобаны орындауда пайда болған ойыңмен бөлісуге;
​​• жоба барысында үйренген жаңа білім мен дағды жайлы әңгімелеуге;
​​• жоба қорытындысымен таныстыруға;
​​• тыңдаушылардың пікірі мен бағасын тыңдап, қабылдай білуге назар аудар!

Жобаң сәтті шығу үшін:

• жобаны өз бетінше орындауы;
​• тақырыптың өзектілігі;
​• тақырыпты аша білуі;
​• мәселені ұсынудың өзіндік жолы;
​• қорғаудағы әртістік қабілеті мен өзін ұстай білуі;
​• техникалық құралдар мен көрнекіліктерді қолдана білу;
​• қойылған сұрақтарға дұрыс әрі нақты жауап беру қажет екенін біл.

Жоба соңында есебін жаз.

• Мен неге бұл тақырыпты таңдадым?
​• Жаңа не білдім, не үйрендім?
​• Керекті ақпараттарды қалай іздеп таптым?
​• Ақпараттарды қалай өңдедім?
​• Теория мен практиканы қалай ұштастырдым?
​• Қай нәрсе ұтымды шықты?
​• Нені орындай алмадым?
​• Не оңай болды?
​• Не қиын болды?
​• Жобаны қайта орындасаң тағы қалай толықтырар едің?
​• Менің жобаны орындаудан алған әсерім қандай?

Өтінемін күте тұрыңыз