Деректерді сүзгілеу

Ехсel кестелік процессорында деректерді сүзгілеу арқылы іздеуді қалай жылдам және нақты жүзеге асыруға болады?

Сүзу (Фильтрация)

Ойлан

Өткен тақырыпта меңгерген деректерді сұрыптаудың қандай кемшіліктерін айтуға болады?

А-Я сұрыптау деректердің қандай түрлерін өңдеуге қиындық туғызды?

Күнделікті өмірде өзіңе қатысты ақпаратты белгілі бір шартпен сұрыптап алуға қандай мысалдар келтіре аласың?

Кез келген деректер базасымен жұмыс істеу деп белгілі бір ақпараттарды іздеуді айтамыз. Деректер базасы ұлғайған сайын іздеу қиындайды. Мұндай үлкен ақпараттарды сүзу арқылы керекті ақпаратты оңай табуға болады.

Сүзу (Фильтрация) – ең үлкен деректер тізімінен ізделінген деректерді табуды жылдам орындайтын қолайлы әдістердің бірі.

Сүзудің сұрыптаудан ерекшелігі – сүзгі тізімдегі Жазбалар ретін бұзбайды. Сүзу кезінде қажетсіз жолдар уақытша жасырылады.

Есіңізде сақтаңыз

Сүзу – белгілі бір шарттарға сәйкес тізімдегі деректердің жиынын табу тәсілі.

Microsoft Excel-де сүзгілеу

1-сурет. Әлем елдері жайлы деректер

-1-

Microsoft Excel-де сүзгілеу кезінде іріктеліп алынған жолдарды олардың ретін өзгертпей және орындарын ауыстырмай өңдеуге, форматтауға, сол деректер негізінде диаграммалар жасауға, басып шығаруға болады.

Сүзгі (Фильтр) командасын пайдалану кезінде сүзгіленетін тізімдегі бағандар атауларының оң жағында көрсеткіштері бар батырмалар пайда болады. Excel-де сүзгіден өткен элементтерді көгілдір түспен белгілейді (1-сурет).

-2-

Microsoft Excel-де сүзудің екі түрі бар:

1. Сүзгі, автосүзгі (Автофильтр) сүзудің қарапайым шарттары үшін қолданылады.

2. Кеңейтілген сүзгі (Расширенный фильтр) – күрделі шарттар арқылы сүзу жасауға қолданылады.

Сүзу (Автосүзу) сүзудің қарапайым шарттары үшін қолданылады.

Сүзу (Фильтрация) құралымен жұмыс жасаудың ерекшеліктері:

✔Сүзу (Автосүзу) тек үзіліссіз ауқымда (диапазонда) жұмыс істейді. Бір парақта орналасқан әртүрлі кестелер сүзілмейді.

✔Сүзгі барысында кестенің бірінші қатарын тақырып деп қарап, оған сүзу қолданылмайды.

✔Бір кестеде бірнеше Сүзгі орындауға болады, бірақ әрбір алдыңғы нәтиже келесі сүзуге қажетті жазбаларды жасыра алады.

Практикалық жұмыс

Сүзуді Excel-де практикалық тұрғыдан орындау үшін төмендегі мысалды қарастырайық.

Әлемдегі кейбір мемлекеттердің халқының саны, жер аумағы, орналасқан құрлығы жайлы деректер қоры берілген. Осы деректер қорындағы мәліметтерді белгілі бір шарттар бойынша сүзгілеуді қарастырайық (1-сурет).

Әлемдегі кейбір мемлекеттердің халқының саны, жер аумағы және орналасқан құрлық жайлы деректер базасы беріл-ген. Осы деректер базасындағы деректерді белгілі бір шарттар бойынша сүзу жолдарын қарастырайық (1-сурет).

-1-

Ең алғашқы қарапайым сүзуді қосу үшін, Деректер (Данные) – Сұрыптау және сүзгі (Сортировка и фильтр) бөліміндегі Сүзгі (Фильтр) командаларын орындау керек.

1-суретте берілген тізімдер арасынан тек Азия құрлығында орналасқан мемлекеттердің тізімі керек болса, онда Құрлық тақырыбындағы сүзгі таңбасын бассаң, 2-суреттегі терезе пайда болады. Көріп тұрғандай барлық қайталанған құрылық тізімде тұр. Солардың қабатындағы белгіні алып тастап, тек Азияның қабатын қалдырсақ, онда деректер базасындағы жазбада тек осы құрлықта орналасқан мемлекеттер қалады (3-сурет).

-2-

Сүзгі барысында үлкен деректер базасымен жұмыс жасауда сандарды белгілі бір шартпен іріктеуге тура келеді. Мұндай жағдайда Сандық сүзгілер (Числовые фильтры) командасының қызметін пайдаланасың (4-сурет).

Суретте көріп тұрғандай Сандық сүзгі командасында сандарды іріктеп алудың бірнеше шарттары орналасқан. Берілген санға тең, тең емес, үлкен, арасында, алғашқы 10, ортадан жоғары сияқты шарттар арқылы сандарды іріктеп алуға болады. Мысалы, қарастырылып жатқан мысалда берілген мемлекеттер арасынан халқының саны жағынан 100 млн-нан артығын таңдау керек болса, не істейсің?

-3-

Іріктеу жүргізетін өрісті таңдап, Сандық сүзгілер (Числовые фильтры) командасын орындасаң, онда 5-суреттегі диалогтік терезе пайда болады. 100 000 000-ға тең және одан жоғары шартын қойып, халқының саны 100 млн-нан асатын мемлекеттерді сүзгі көмегімен іріктеп алуға болады (6-сурет). Диалогтік терезеде тізімді бір немесе екі шартқа байланысты сүзуді орындауға болады. Бірінші шартты орындау үшін салыстыру операторын таңдау қажет. Екінші шартты орындау үшін ауыстырғышты ЖӘНЕ (И) не НЕМЕСЕ (ИЛИ) қалпына қойып, салыстыру операторы және салыстыру мазмұны таңдалады. Сүзгіні алып тастау үшін сүзгі қойылған деректер ауқымын қайта ерекшелеп, Сүзгі (Фильтр) батырмасын шерту керек.

2-сурет
3-сурет. Азия құрлығын сүзгілеу нәтижесі
4-сурет. Сандық сүзгімен жұмыс
5-сурет. Шартты сүзгі терезесі
6-сурет. Сандық сүзгілеу нәтижесі

Ойыңды тұжырымда

Топтық жұмыс

Физика, химия, биология пәндерінің біріне қатысты деректер базасын өздерің құрастырыңдар. Құрастырған деректеріңдегі сүзгілейтін ақпараттарыңа қойылатын шарттарды топта жоспарлаңдар.

Жеке жұмыс

Топта жоспарлап, құрастырған деректер базасын Microsoft Excel программасына енгіз. Деректер базасына қойылған шарттар бойынша қарапайым сүзуді жүзеге асырып, оны сақта.

Жеке жұмыс

1. Сүзгінің қызметі не? Қандай жағдайда қолданылады?
​2. Сұрыптау мен сүзудің бір-бірінен қандай айырмашылығы бар?
​3. Сүзгінің қандай түрлері бар?
​4. Қарапайым сүзгіні қалай іске қосуға болады?
​5. Сүзгіні қалай алып тастауға болады?

Жұптық жұмыс

Дүкендер желісінің облыс орталықтарындағы дүкендерінің жылдың алғашқы 2 тоқсанындағы табыс көлемі (теңге) төмендегі кестеде берілген (1-кесте).

Тапсырмалар:


1. Кестені электрондық кестелік процессорға енгіз.​
​2. Кестені форматта.
​3. Дүкеннің ай сайынғы жалпы табысын және орташа табысын есепте.
​4. Дүкеннің әр қала бойынша жартыжылдық табысын және орташа табысын есепте.


5. Наурыз айында 1 млн теңгеден жоғары табыс тапқан дүкендер орна-ласқан қалаларды сүзгіден өткіз.
​6. Маусым айында 500 мыңнан төмен табыс тапқан дүкендер орналасқан қалаларды анықта.
​7. Алты айдың қорытындысы бойынша дүкендердің орташа табысын ең жоғарыдан ең төменге қарай кему ретімен жаз.

1-кесте. Дүкендердің табыс көлемі
Өтінемін күте тұрыңыз