Ақпаратты іздеу әдістері

Ехсel кестелік процессорында деректерді іздеудің қандай жолдары бар?

Ақпарат

Ойлан

1. Күнделікті өмірде керекті ақпаратты қалай іздеп табасыңдар?

2. Компьютерде ақпаратты іздеудің қандай жолдары бар? Есіңе түсір.

3. Ехсel-де қажетті деректі қалай іздеп табуға болады?

Ақпарат – біздің өміріміздің маңызды құрамдас бөлігі. Адамдар ақпаратсыз қарым-қатынас жасай алмайды. Ақпаратпен жұмыс істейтін әр адамның іс-әрекетінің маңызды бөлігі ақпаратты іздеу болып саналады. Әрине ақпаратты іздеудің өзіндік тәсілдері бар. Бұрынғы кезде қажетті ақпаратты табу үшін адамдар газет-журналдар оқып, музейге, кітапханаларға баратын еді. Қазір қажетті ақпаратты санаулы секундтарда Интернеттен табуға болады. Қажетті ақпаратты белгілі бір өлшем (критерий) бойынша іздейсің. Компьютерде сол ақпаратты өңдеуге арналған программа жабдығының өз іздеу мүмкіндіктері бар. Мысалы, Word мәтіндік редакторында мәтін үзіндісін іздеу, бір мәтінді басқа мәтінмен ауыстыру командалары қарастырылған. Дәл осындай қызмет түрі және бұдан да басқа сандық, финанстық, проценттік және т.б. ақпараттарды іздеудің бірнеше әдістері Ехсel программасында да бар. Соларға тоқталайық.

Ақпаратты іздеу әдістері

Жұмыс парағында орналасқан көптеген деректер арасынан

қажетті ақпаратты бірден табу қиын. Ехсel-де табу және ауыстыру, диалогтік терезенің қызметін пайдалану қажетті ақпаратты табуды әлдеқайда жеңілдетеді. Сонымен қатар көптеген пайдаланушылар біле бермейтін бірнеше пайдалы мүмкіндіктер де қарастырылған.

1-сурет. «Табу және ерекшелеу» диалогтік терезесі

Табу қызметін пайдалану үшін:

-1-

Табу қызметін пайдалану үшін: Басты (Главная) ► Редакторлау (Редактирование) ► Табу және Ерекшелеу (Найти и Выделить) ► Табу (Найти) командаларын орында немесе Ctrl+F пернесін бас (1-сурет). Көрініп тұрғандай бұл диалогтік терезеде табу және ауыстырумен қатар парақтағы формулаларды, ескертпелер мен ерекшеленген ұяшықтарды т.б. іздеуге болады.

Табу (Найти) диалогтік терезесінде ізделінген сөзді жазып, оны табуға немесе сол сөзді (символды) басқасымен Ауыстыру (Заменить) командасы арқы-лы ауыстыруға болады (2-сурет).

-2-

 Көптеген жағдайларда ізделінетін мәтіннің дәл өзін емес, мәтінге сәйкес келетін үзіндіні іздеу керек. Мысалы, Ехсel парақшасында Ахмедова Айгүл туралы деректерді табу үшін, дәл осы мәтінді енгізсек, бұл аты-жөні табылмауы мүмкін. Себебі, аты-жөнінің бір әрпі сәйкес келмеуі, түсіп қалуы немесе басқаша жазылуы мүмкін. Осындай жағдайларды ескере отырып, программада берілген мәтінді іздеп табуды жеңілдететін әдіс-тер бар. Мысалы, Ах*медова* Ай*гүл* деп іздеу алаңына жазсақ, керекті мәтінді табудың мүмкіндігі артады. Себебі, енді программа тұтас мәтінді емес, ізделінетін мәтіннің үзінділері (фрагменттері) бойынша іздейді. Осы әдіс арқылы қажетті мәтінді табу оңай болады.

2-сурет. «Табу және ерекшелеу» диалогтік терезесі

Табу және Ауыстыру (Найти и Заменить)

Табу және Ауыстыру (Найти и Заменить) диалогтік терезесі арқылы іздеу кезінде екі ауыстырмалы таңбаны қолдануға болады:
? – кез келген таңбаға сәйкес келеді;​
​* – кез келген таңбалар санына сәйкес келеді.

-2-

Бұл ауыстырмалы таңбаларды сандық мәндерді іздеу кезінде де пайдалануға болады. Мысалы, іздеу жолағында 5* деп жазсақ, онда 5-тен басталатын мәндерді қамтитын барлық сандарды табады. Ал 3?7 жазбасы 3-тен басталып, 7-мен аяқталатын барлық үш таңбалы сандарды табады.

-3-

Ақпаратты іздеу тек таңдалған ұяшықтар ауқымында (диапазон) орындалатынын есте сақтау қажет. Егер деректерді бүкіл жұмыс парағы бойынша іздеу қажет болса, онда іздеуді бастамас бұрын тек бір ұяшықты ғана таңдау керек.

-4-

Табу және Ауыстыру (Найти и Заменить) терезесін пайдаланып, форматталған сандық мәндерді табуға болмайды. Мысалы, іздеу жолағына $5* енгізсек, ақша форматы қолданылатын және $54.00 сияқты көрінетін мәндер табылмайды.

Кестеде деректерді іздеу

3-сурет. Тауар бағасын көрсететін деректер

-1-

Үлкен көлемдегі деректерді кестеден іздеудің басқа да әдістерін қарастырайық. Бұл әдістер де программада ақпаратты табуға көмектеседі. Төмендегідей мысал қарастырайық:

-2-

Ехсel-дің жұмыс аймағына 3-суретте берілген тауар, қала атауын, тауар бағасын енгіз (кестедегі тауар бағалары үлгі ретінде ойдан құрастырылған). Кесте ұяшықтарын форматта. Кестенің төменгі жағына Іздеу алаңын жасап ал. Ол тауар атауы, қала атауы және тауардың сол қаладағы бағасын көрсететін ұяшықтардан құралады. Қала мен тауар атаулары тізім ретінде ұяшықтан көрінуі үшін Деректер (Данные) – Деректермен жұмыс (Работа с данными) – Деректерді тексеру (Проверка данных) командаларын орында (4-сурет).

-3-

Тексеру шарты (Условие проверки) алаңында орналасқан деректер типі жолағындағы Тізім (Список) қасиетін таңда. Дереккөз (Источник) жолағына керекті деректерді, біздің жағдайда қала және тауар атауларының тізімі орналасқан Ауқымды (Диапазон) қолмен немесе тінтуірмен тартып енгізуге болады.

Іздеу алаңын жасап алғаннан кейін, тізімдегі қалалар мен тауарлардың атауын көрсетсек, тауардың сол қаладағы бағасын жаңылмай көрсетіп тұрады.

-4-

Қарастырған мысал бойынша Түркістан қаласындағы пияздың бағасы осы жасалған ақпарат іздеу әдісімен оңай табылады (2-сурет). Мұны қалай орындауға болады? Бұлай іздеуді ұйымдастыру үшін төмендегі функциялардың қызметін білуіміз керек.

4-сурет. «Деректерді тексеру» терезесі

ПОИСКПОЗ функциясының жазылуы және қызметі

-1-

ПОИСКПОЗ функциясының жазылуы және қызметі

ПОИСКПОЗ (ізделінген мән; қарастырылатын массив, сәйкес-тендіру типі) қызметі – ізделініп жатқан мәннің берілген деректер ауқымындағы орнын табу.

Ізделінген мән – функцияның міндетті аргументінің бірі, яғни қарастырылып жатқан массивтің элементтерінің арасынан ізделіп жатқан мән. Бұл мән мәтін, сан, логикалық мән болуы мүмкін.

-2-

Қарастырылатын массив – функцияның міндетті аргументінің бірі, іздеу жүргізіліп жатқан деректердің ауқымы.

Сәйкестендіру типі – міндетті емес аргумент. Бұл аргументтің мәні – 1, 0, 1 бола алады. Үнсіз келісіммен бұл мән 1-ге тең болады. Сәйкестендіру типінің міндеті массивтен мәнді іздеуге қойылатын талаптарды көрсетеді. Мысалы, 0 массивтегі бірінші сәйкес келетін мәнді, 1 сәйкес келген ең үлкен мәнді, -1 сәйкес келетін ең кіші мәнді табады.

-3-

ИНДЕКС функциясының жазылуы және қызметі

ИНДЕКС (массив, қатар нөмірі, баған нөмірі) функциясының қызметі деректер ауқымындағы берілген қатар мен баған нөміріне сәйкес келетін ұяшықтың мәнін көрсетеді. Біз қарастырған мысалда (3-сурет) деректер ауқымында «пиязды» іздеу үшін С12 ұяшығына =ПОИСКПОЗ(B12;A3:A9;0) формуласын, ал «Түркістанды» іздеу үшін С13 ұяшығына =ПОИСКПОЗ(B13;B2:I2;0) формуласын жазасың. С14 ұяшығына =ИНДЕКС(B3:I9;C12;C13:E13) формуласын жазамыз. 

-4-

Осы формула көмегімен деректер ауқымындағы тауар тұрған қатар мен қала тұрған бағанның қиылысуындағы ұяшықтың мәнін көрсетуге болады. Бұлай іздеудің тимділігі, берілген тізім бойынша қалаған тауардың кез келген қаладағы бағасын жылдам табуға болатындығында.

Ойыңды тұжырымда

Топтық жұмыс

Кестеде деректерді іздеу әдісін талдаңдар. Кестеде деректерді іздеу-ге арналған күнделікті өмірімізге қатысты тапсырманың жобасын ұсыныңдар. Тапсырманы компьютерде теріңдер. ПОИСКПОЗ және ИНДЕКС функцияларының қызметін қолданыңдар.

Жеке жұмыс

1. Ехсel кестелік процессорында ақпаратты іздеудің қандай әдістерімен таныстың?

2. Табу және Ерекшелеу (Найти и Выделить) командасының қызметі қандай?

3. Ауыстырмалы таңба дегеніміз не? Қандай қызметі бар?

4. Ехсel-де кестелік деректерді іздеудің қандай жолдары бар?

5. ПОИСКПОЗ функциясының қызметі не?

6. ПОИСКПОЗ функциясының қандай аргументтері бар?

7. ИНДЕКС функциясы қандай жағдайда қолданылады?

8. ИНДЕКС функциясының аргументтерін ата.


​Жұптық жұмыс

ИНДЕКС функциясының аргументтерін ата.

1. Ехсel-дің 1-парағының А, B, C бағандарына 1-ден 20-ға дейінгі қатар аралығын 1-ден 999-ға дейінгі аралықтағы кездейсоқ сандармен толтыр.

Төмендегі іздеулерді орында:

а) Барлық 7-ден басталатын сандарды іздеп тап.

ә) Барлық 5-тен басталатын және 9-бен аяқталатын үштаңбалы сандарды тап.

б) Барлық 2-мен басталатын сандарды 0-ге ауыстыр.


​Жұптық жұмыс

Мекеме жұмысшыларының 6 айлық жалақысы (теңге) кесте түрінде берілген. Кестедегі жұмысшылар мен ай атауларының тізімін жаса. Осы кестедегі №5-жұмысшының сәуір айындағы жалақысын анықта.

6-сурет. Айлық жалақы кестесі
Өтінемін күте тұрыңыз