Құрметті оқушы!

«Алматыкітап баспасының» opiq.kz платформасындағы оқулықтың электронды нұсқасын назарларыңызға ұсынамыз. 2018 жылдың 1-қыргүйегінде аталған платформадағы электронды оқулықтар ҚР Тұңғыш Президенті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа көрсетіліп, оң бағасын алды.

Биылғы оқу жылында «Информатика» пәні бойынша 5–8-сыныптарда алған біліміңді әрі қарай тереңдете түсесің. Бұрынғы алған біліміңді жүйелеп, компьютерлік техникамен жұмыс істей білу қабілетіңді шыңдай түсесің.

Оқулықпен жұмыс істеу барысында түрлі сұрақтарға ойланып жауап табуға, топта, жұпта бірлесіп талқылау арқылы ортақ тұжырымға келуге, практикалық-шығармашылық тапсырмаларды жеке орындау кезінде ақпараттық білімің мен мәдениетіңді қалаптастыруға, компьютерлік сауаттылығыңды жан-жақты жетілдіруге мүмкіндік аласың.

Оқулықтағы тақырыптар сын тұрғысынан ойлау әдісіне негізделіп жазылған. Логикалық ойлауды дамытатын тапсырмалар біртіндеп күрделене береді. Бұл тапсырмаларды өз бетіңше немесе сыныптастарыңмен бірлесе отырып орындауыңа болады. Оқулықта 5 маңызды бағыттағы тараулармен жұмыс жасайсың.

Оқулықтың І тоқсаны «Ақпаратпен жұмыс» және «Компьютер таңдаймыз» бөлімдерінен тұрады. «Ақпаратпен жұмыс» бөлімінде ақпараттың қасиеттері, бұлттық технологиялар және желілік этикет жайлы деректермен танысың. «Компьютер таңдаймыз» бөлімінде күнделікті пайдалану үшін сатып алатын компьютерге лайықты кофигурациясы мен программалық жасақтамаларды таңдау жолдарын үйренесің.

Оқулықтың ІІ тоқсанға арналған тақырыптарында Excel кестелік процессорының мүмкіндіктерін пайдаланып мәліметтер қорын құруды үйренесің. Мәліметтер қорындағы деректерді сұрыптау, сүзгі жасау жолдарын меңгересің.

ІІІ тоқсанда оқулықтағы программа өңдеудің кіріктірілген ортасында массивтермен жұмыс жасауға арналған «Деректер ауқымы» тарауы Lazarus программалау ортасы мен С++ тілі баламалы түрде берілген. Оқулықта Lazarus программалау ортасы ІV-А, С++ тілі ІV-В тарауы деп көрсетіледі. Негізгі және баламалы бөлімдердегі теориялық материалдар, есептер және тапсырмалар бірдей, тек ІV-В тарауда беріген есептердің орындалуы С++ программалау тілі кодтары арқылы берілген.

Оқулықтың ІV тоқсанына арналған «Процестерді электронды кестелерде модельдеу» тақырыбында физика, биология, химия, география сияқты жаратылыстану бағытындағы пәндердің қызықты процестері мен тапсырмаларын Excel кестелік процессорында модельдеуді үйренесің.

Оқулықтың электрондық қосымшасы бар. Электрондық қосымшада оқулықтың теориялық бөлігінде берілген тапсырмалар мен жобалрадың ашық кодтары мен модельдердің программалары берілген. Осы арқылы берілген тапсырмаларды компьютерге қайта жазып отыруға уақытты босқа жібермей, оларды бірден орындап, талдап түсінуге, өз бетіңше өзгерістер еңгізуге жағдай жасалған.

ХХІ ғасыр – ақпараттық қоғам ғасыры. «Информатика» пәнінде алған білімің мен тәжірибең арқылы ақпаратты қоғамның лайықты мүшесі болады деп үлкен сенім білдіреміз.

Іске сәт!

Өтінемін күте тұрыңыз