Көптаңбалы сандарды жазбаша қосу және азайту

8-сабақ

Көптаңбалы сандармен есеп­теулер орындап, тексересің.

Көптаңбалы сандарды қосу және азайту

34 000 + 12 000 = 

12 000 + 87 000 = 

84 000 – 63 000 = 

92 000 – 81 000 = 

99 000 000 + 4 000 000 = 

5 000 000 + 58 000 000 = 

7 000 000 000 + 46 000 000 = 

65 000 000 + 9 000 000 000 = 

Өзіндік жұмыс

53 200 – 5 097 =  

31 200 – 7 086 =  

34 209 + 4 908 =  

48 209 + 50 078 =  

100 000 – 99 005 =  

609 000 – 70 901 =  

Арман 15 450 м қашықтықта орналасқан көрші ауылға бару үшін жолға шықты. Ол 3 050 м жолды атпен және 10 500 м жолды велосипедпен жүріп өтті. Қалған жолды жаяу жүрді. Арман қанша метр жолды жаяу жүрді?
Жауапты километр және метрмен өрнекте.

      = м

Жауабы: мкм м

Есептеу

Күзде көгөністер қоймасына 900 000 кг сәбіз әкелінді. Бірінші күні – 320 500 кг, ал екінші күні – 460 150 кг, ал қалғаны үшінші күні әкелінді. Үшінші күні неше килограмм сәбіз әкелінді?
Жауапты тонна және килограммен өрнекте.

Жауабы: кгт кг 

734 345   778 345

609 987   609 978

209 808   890 209

1 000 000 – 999   100 000 – 99 799

800 + 100 800   799 800 – 100 100

182 503 + n   n + 185 203

Топтық жұмыс

2, 5, 7, 4, 1 цифрларынан ең үлкен және ең кіші бес таңбалы сан жаз. Олардың айырмасын тап. Айырманың цифрларынан ең кіші және ең үлкен сандарды құрастыр. Олардың да айырмасын тап. Осы амалды 3 рет қайтала.

1) 

Ең үлкен сан

Ең кіші сан

Олардың айырмасы

Есепте

903 256 251 + 1 954 101 = 

100 456 925 – 85 256 000 = 

а) Мыңдар класының 45 бірлігі және 125 бірлік.

ә) Миллиондар класының 137 бірлігі және мыңдар класының 200 бірлігі.

,

б) Мыңдар класының 20 бірлігі мен 350 бірлік.

Жұптық жұмыс

а) Бір ауылдың 18 жасқа дейінгі тұрғындарының саны – 900 адам. Ал екінші ауылдың 18 жасқа дейінгі тұрғындары осы мөлшердің үштен бір бөлігін құрайды. Екі ауылда 18 жас­қа толмаған қанша адам тұрады?

ә) Жолаушының 9 800 теңгесі болды. ол 4 200 теңгеге пойызға және 500 теңгеге автобусқа билет сатып алды. Жолаушының қанша теңгесі қалды?

б) Жолаушының 9 800 теңгесі болды. Ол 4 200 теңгеге Ал­матыға дейін және дәл сонша бағаға кері қайтатын билет сатып алды. Оның қанша теңгесі қалды?

Теңдеуді шешу алгоритмі

70 000 – х = 214 ∙ 2

x = 

х + 10 009 = 21 100

x = 

Сен зерттеушісің

Үш құрбы – Балауса, Айман және Толқын – орманға жидек теруге барды. Олар жидекті себет, шелек, қорапқа терді. Айманның себетке де, қорапқа да, ал Балаусаның қорапқа термегені белгілі. Қыздардың әрқайсысы жидекті қандай ыдысқа терді?

Өтінемін күте тұрыңыз