Ақиқат және жалған пікірлер

94 сабақ 

Сен математикалық мазмұндағы пікірлер құрасты­рып, оның ақиқат немесе жалған екендігін анық­тайтын боласың.

Өзіндік жұмыс

Ақпан айында 30 күн бар. 

14 пен 25 – үш таңбалы сандар. 

19 бен 18-дің қосындысы 37-ге тең. 

106 саны 340 санынан кем. 

9 бен 20-ның көбейтіндісі 160-қа тең. 

Кез келген шаршы тіктөртбұрыш болып табылады. 

Жалған пікірлер

  • Кез келген төртбұрыштың 3 төбесі бар.
  • Тонна – ұзындық өлшем бірлігі.
  • 45 пен 10 сандарының қосындысы 54-ке тең.

Әрбір пікірді «...екендігі жалған» сөзімен аяқталатын жаңа пікірмен алмастыр.

Қандай пікірлер пайда болды?

  • Ақиқат
  • Жалған

Қандай қорытынды жасай аламыз?

Есіңде сақта!

Егер пікір ақиқат болса, онда кері пікір жалған болады. Ал егер пікір жалған болса, онда кері пікір ақиқат болады. Яғни, мұндай пікірлер бір уақытта жалған немесе бір уақытта ақиқат бола алмайды. «Емес», «...екендігі жалған» сөздерінің көмегімен пікірлерді жоққа шығаруға болады.

  • Дельфиндер орманда өмір сүреді.
  • Әтеш ұша алады.
  • Сәуле балмұздақты ұнатпайды.
  • Төрт екіге бөлінбейді.
  • Тауықтың төрт аяғы бар.
  • Театрда адамдар спортпен айналысады.
  • Мысық тышқанды жақсы көрмейді.
  • 12 саны – екі таңбалы және жұп сан.
  • 27 саны 9-ға бөлінеді және 30-дан үлкен. 
  • 36 мен 14 сандарының қосындысы 40-қа тең.  
  • 80 мен 15-тің айырмасы 80 мен 25-тің айырмасынан кем.

Жұптық жұмыс

Қала мен кенттің арасы 210 км. Студент қаладан кентке бару үшін алдымен жылдамдығы 50 км/сағ болатын автобусқа отырды. Қалған 60 км жолды мәшинемен жүрді. Ол автобуспен қанша сағат жүрді?

Сызба:

  • Астыңғы
  • Үстіңгі

Теңдеу:

  • 50 ∙ х – 60 = 210
  • 50 ∙ х + 60 = 210
  • 50 ∙ 3 + x = 210
  • х + 50 : 3 = 210

Жауабы: cтудентсағ автобуспен жүреді.

Қала мен кенттің арасы 210 км. Студент қаладан кентке бару үшін жылдамдығы 50 км/сағ болатын автобуспен 3 сағат жүрді. Қалған жолын мәшинемен жүрді. Студент мәшинемен қандай арақашықтықты жүріп өтті?

Сызба:

  • Астыңғы
  • Үстіңгі

Теңдеу:

  • 50 ∙ х – 60 = 210
  • 50 ∙ х + 60 = 210
  • 50 ∙ 3 + x = 210
  • х + 50 : 3 = 210

Жауабы: cтудент мәшинемен км арақашықтықты жүріп өтті.

Математика күнделікті өмірде

Инелік қанатын секундына 1 600 рет қағады.

Ол бір минутта қанатын неше рет қағады?

   = 

Сона 3 сағатта 27 км жерді ұшып өтті. Оның жылдамдығы қандай?

   =  (км/сағ)

Лашын 60 км/сағ жылдамдықпен ұшады, ал олжасын аулаған кезде оның жылдамдығы 5 есе артады. Лашынның олжасын аулау кезіндегі жылдамдығы қандай?

   =  (км/сағ)

Табиғат зерттеушілеріне көбінесе түрлі есептерді шы­ғаруға тура келеді.

Сен зерттеушісің

Өтірікші мен Шыншылдың әмиянында монеталар бар. Олардың не айтқанын оқы және әмияндарын тап.

Шыншыл: Менің әмиянымда 5 монета ғана бар.

Өтірікші: Менің әмиянымдағы ақша 100 теңгеден кем емес.

        Шыншыл

        үнемі тек шындықты (дұры­сын) айтады.

        Өтірікші

        үнемі жалған (өтірік) айтады.

        Сабақтың тақырыбы бойынша тапсырмалар мен сұрақтар құрастыр

        Өтінемін күте тұрыңыз