Өнімділік. Бірлескен жұмыс

64 сабақ 

Бірлесіп жұмыс істеуге берілген есептерді шы­ғарып үйренесің.

Бірлескен жұмыс

Кәсіби мереке демалыс күні болып есептелмейді, бірақ достарыңды, таныстарың мен туыстарыңды құттықтауға болады.

1) Тамыздың соңғы жексенбісі. (6 мин 25 с)

  

2) 23 маусым. (13 сағ 20 мин)

  

3) Қазанның алғашқы жексенбісі. (10 мин 7 с)

  

4) Сәуірдің алғашқы жексенбісі. (7 күн 1 сағ) 

Жұптық жұмыс

Екі баспахана 1 200 кітап басып шығаруы қажет. Бірінші баспахана барлық кітапты 6 күнде, ал екіншісі 12 күнде басып шығарады. Екі баспахана бірлесіп жұмыс істегенде, осы кітап­тарды қанша күнде басып шығарады?

Есепті шығару жоспары:

1) Бірінші баспахананың еңбек өнімділігі қандай? кітап/күн

2) Екінші баспахананың еңбек өнімділігі қандай? кітап/күн

3) Бірлескен еңбек өнімділігі қандай?  кітап/күн

4) Бірге жұмыс істегенде екі баспахана барлық кітаптарды қанша күнде басып шығарады?күн

Есіңде сақта!

Бірлескен өнімділікті табу үшін, екеуінің еңбек өнімділікте­рін қосу керек. .

v1 + v2 = vбірл.

Бірлесіп еңбек еткен екі қатысушының жұмыс уақытын білу үшін, орындалған жұмыс көлемін бірлескен өнімділікке бөлу қажет.

t = А : vбірл.

Бірлесіп орындаған жұмыстың көлемін білу үшін, бірлес­кен өнімділікті жұмыс істеуге кеткен уақытқа көбейту керек.

А = vбірл. ∙ t

Есепті шығару жоспарын құру

Шебер мен шәкірті үш сағат бойы бөлшектер дайындады. Шебер сағатына 20 бөлшек, ал оның шәкірті дәл сондай уақытта шебердің жасаған жұмысының жартысын орындады. Осы уақыт ішінде олар бірлесіп қанша бөлшек дайындады?

Шешуі:

1)

2)

3)

4)

Жауабы: осы уақыт ішінде олар бірлесіп  бөлшектер дайындады.

Екі жұмысшы 56 бөлшек жасады. Олардың біреуі 3 сағат, екіншісі 4 сағат жұмыс істеді. Егер олардың өнімділіктері бірдей болса, әрқайсысы қанша бөлшек жасады?

Шешуі:

1)

2)

3)

4)

Жауабы: 3 сағат жұмыс істеген шебер  бөлшек, ал 4 сағат жұмыс істеген шебер бөлшек әзірледі.

Қосылғыш

80 000

450 ∙ 4

4 450 + 3 550

5 600

Қосылғыш

6 000 : 5

440 : 4

55 · 30

4 500 : 5

Қосындының мәні

Математика күнделікті өмірде

Автокөлік жүргізушісі вокзалға жетуіне 1 900 м қалған кезде, пойызға отырғызудың аяқталуына екі минут бар еді. Бірінші минутта ол 54 км/сағ жылдамдықпен жүрді. Қалған арақашықтықты ол бір минутта жүріп өтті. Ол қандай жылдамдықпен қозғалды? Жауабын км/сағ-пен өрнекте.

Жауабы: пойызға үлгеруі үшін ол екінші минутта км/сағ жылдамдықпен жүруі тиіс.

Шығармашылық жұмыс

  • 7 451 + 566
  • 7 451 + 536
  • 7 451 + 526
  • 7 451 + 586

Осыған ұқсас тапсырма құ­растырып, досыңа орындауға ұсынып көр.

Есепте

56 · 10 

56 · 9 = 

56 · 11 = 

360 · 100 = 

360 · 99 = 

360 · 101 = 

41 · 1 000 = 

41 · 999 = 

41 · 1001 = 

Сен зерттеушісің

Талғат, Берік, Қайрат үшеуінің әрқайсысы өздерінің әпкелерімен баққа алма жинауға барды. Әпкелерінің есімдері – Сәния, Алуа және Толқын. Ұлдар өздерінің себетте­рін тез алмаға толтырғаннан кейін, әпкелеріне көмектесті. Бірақ ешқайсысы өз әпкесіне көмектескен жоқ. Егер Берік Сәния­ның себетіне бірнеше алма салғаны, ал Қайрат Сәния мен Толқынның себетіне бірнеше алма салғаны белгілі болса, онда ұлдардың әрқайсысының әпкесінің есімін ата.

Жауабы: 

Өтінемін күте тұрыңыз