Есеп шығару

85-сабақ

   Шамалар арасындағы тәуелділікке берілген есептерді шығарасың.

Өзара байланысты шамалар 

Ені

25 м

28 см

25 мм

Ұзындығы

16 м

78 дм

?, 15 мм артық?

Периметрі

126 см

Ауданы

2 808 дм2

   Оңтүстік аймақтарда орамжапырақтың түсімділігі – 60 т/га, бұл солтүстік аймақтарға қарағанда 25 т/га артық. Оңтүстік аймақ­тарда 25 га жерге қанша тонна орамжапырақ артық өсірілген?

3-тапсырма. Есепті шығар.

   Тіктөртбұрыш пішінді жер телімінің ұзындығы – 60 м, ені – 40 м. Қиярдың бір сортын өсірген кезде түсімі 16 кг/м2 болды. Бұл сортты өнімділігі 12-ге артық басқа сортқа ауыстырды. Жер телімінен жаңа сортты қанша қияр жинап алынды?

1) 2)

2)  (кг)

3)  (кг)

4)  (кг)

Жауабы:  кг

   Арасы 2 км болатын екі кенттен бір уақытта бірінен-бірі қа­рама-қарсы бағытқа екі салт атты шық­ты. Біреуінің жыл­дамдығы – 12 км/сағ, ал екіншісінікі – 18 км/сағ. 2 сағат­тан кейін олардың арақашықтығы қандай болады?

Математика күнделікті өмірде

   а) Дәптерге координаттық бұрыш шығатындай сәулелер сыз. Сәулелердің бойынан бірлік кесінділерді анықта. Кесте бойынша және берілген жылдамдық бойынша қозғалыс графигін құр.

   ә) Коор­динаттар жүйесі көмегімен қозғалыстың екі және одан да көбірек графигін орналастыру ыңғайлы.
   Дәптеріңе бір координаттық бұрышқа бірінші және екінші шаңғышының қозғалыс графигін сыз. Бірлік кесінді үшін қанша торкөз алуға болатынын ойлан.

Шығармашылық жұмыс

6-тапсырма

   5-тапсырма бойынша өз сұрақтарыңды құрастыр. Оны до­сы­ңа қой. Досыңның сұрақтарына жауап бер.

 

v

1-шаңғышы

19 км/сағ

2-шаңғышы

14 км/сағ

8-тапсырма

   Тапсырманы орында. 25-ке қалай көбейтуге болатынына қара.

496 · 25 = (496 : 4) · 100 = 12 400

   25-ке көбейткен кезде қалай пайымдау керектігін біле отырып, өрнектердің мәнін тап.

   24 · 25 =  
   32 · 25 =  
   36 · 25=  

88 · 25=  
84 · 25=  
56 · 25=  

Сен зерттеушісің

   Төрт құрбы – Әлия, Айна, Дана және Бақыт – мерекеге әшекейлер жасады. Біреулері алтын түсті қағаздан гүлтізбе, біреулері қызыл түсті жалауша, біреулері күміс түсті қағаздан гүлтізбе, біреулері алтын түсті қағаздан ою жасады. Айна мен Дана бір түсті қағазбен жұмыс істеді, ал Әлия мен Айна бірдей әшекей жасады. Кім қандай әшекей жасады?

Қорытынды

   Көктемде жалпы ауданы 100 м2 екі жер теліміне қы­занақ көшеті отырғызылды. Әрбір квадрат метрге отырғызылған көшет саны бірдей. Бірінші жер телімінде 140 көшет, ал екіншісінде 260 көшет болды. Әрбір жер телімінің ауданын тап.

Өтінемін күте тұрыңыз