ҒЫЛЫМНЫҢ РӨЛІ. Жаратылыстану ғылымдарының зерттеу нысаны қандай?

Сабақтың мақсаты:

  • жаратылыстану ғылымдарының зерттеу нысандарын атауды үйренесің.

Мақсатқа қол жеткізу үшін:

  • барлық жаратылыстану ғылымдарының өзара байланысы мен өзара бір-біріне тәуелділігі қандай екенін;
  • жаратылыстану ғылымдарының негізгі зерттеу нысандарын білу қажет.

Ғылым

Ғылым – адам мәдениетінің ең бір көне, маңызды және өте күрделі компоненттерінің бірі. Бұл – өте үлкен білім әлемі, олбізге табиғатты өзгертуге және оны адамның қажеттіліктерін қанағаттандыруға лайықты етуге мүмкіндік береді. Ғылым – күрделі зерттеу жүйесі. Зерттеу нәтижесінде жаңа білімдер пайда болады. Ғылыми-зерттеу институттарында жүздеген мың зерттеуші-ғалымдар өзінің білімімен, тәжірибелерімен бөліседі және табиғат, қоғам, адамзат заңдылықтарын зерттеу үшін шығармашылық энергиясын жұмсайды. Ғылым 3 түрлі бағытқа бөлінеді: жаратылыстану, техникалық, қоғамдық және гуманитарлық.

Ғылым түрлері

        • әлеуметтану
        • география
        • геология
        • биология
        • математика
        • тарих
        • механика
        • филология
        • агрономия
        • физика
        • саясаттану
        • электротехника
        • лингвистика
        • сәулет
        • химия
        • мәдениеттану
        • астрономия

             «Жаратылыстану» (жаратылыс – табиғат) сөзі табиғат туралы білім дегенді білдіреді. «Табиғат» сөзіне латын тілінде «natura» сөзі сәйкес келеді. «Табиғат» сөзіне ежелгі грекше «физис» («фюзис») сөзі өте жақын. Алғашында табиғат туралы мағлұматтардың барлығы шынымен де физикаға (ертеректе – «физиология») жатқызылатын.

             Жаратылыстану ғылымдарына физика, химия, биология, астрономия, география, геология, биогеография, океанология, биохимияны жатқызады. Сонымен қатар осы аталғандардың бірігуінен туындаған бірқатар ғылымдар да бар. Олар: космология, астрофизика, физикалық химия, биофизика және т.б.

        Аристотель (б.з. дейінгі III ғ.) өзінің алдындағы ізашарларын физиктер немесе физиологтер деп атады. Физика, осылайша, табиғат туралы барлық ғылымдардың негізі болып қабылданды.

        Жаратылыстану ғылымының міндеті

             «Жаратылыстану» ғылымының міндеті табиғат заңдарын зерттеу және оларды адам мүддесі үшін пайдалануға жәрдем жасау болып табылады. Жаратылыстанудың ғылыми білімдері адамдардың тәжірибе жүзінде жасаған іс-әрекеттері барысында алынған және жинақталған бақылауларды қорытындылау нәтижесінде жасалады.

             Жаратылыстану ғылымдарының жүйесін баспалдақ түрінде көрсетуге болады, ондағы әрбір саты (басқыш) өзінен кейінгі ғылымға негіз болып табылады, және де өз кезегінде, өзінің алдындағы ғылымның деректеріне сүйенеді.
             Барлық жаратылыстану ғылымдарының іргетасы, негізі физика болып табылады, оның зерттеу нысаны – денелер, олардың қозғалысы, түрленуі мен түрлі деңгейдегі пішіндері. Бүгінгі күні физиканы білмейінше, жаратылыстану ғылымдарының бірде-біреуімен айналысу мүмкін емес. Физика өзінің ішінде бірнеше бөлімдерге бөлінеді, олар арнайы тақырыбы мен зерттеу тәсілдері бойынша ерекшеленеді. Олардың ішінде маңыздысы механика болып табылады.
             Келесі саты – химия, ол химиялық элементтерді, олардың қасиеттерін, түрленуін және қосылыстарын зерттейді. Химия органикалық және бейорганикалық химия, материалдар химиясы және басқа да бөлімдерге бөлінеді.
             Өз кезегінде, химия биологияның негізін құрайды. Биология – жасушалар мен одан туындайтындардың барлығын зерттейтін тірі нәрсе туралы ғылым. Биологиялық білімнің негізінде заттар, химиялық элементтер туралы мағлұматтар жатыр. Биологиялық ғылымдардың арасынан ботаниканы (пәні – өсімдіктер патшалығы), зоологияны (пәні – жануарлар әлемі) және басқаларын бөліп айту керек.
             Жер туралы ғылымдар жаратылыстану құрылымының келесі элементі болып табылады. Бұл топқа геология, география, экология және басқалары кіреді. Олардың барлығы да физикалық, химиялық және биологиялық құбылыстар мен үдерістердің күрделі үйлесімі болып табылатын біздің ғаламшардың құрылысы мен дамуын қарастырады.

             Табиғат туралы бұл білім баспалдағын космология аяқтайды, ол Ғаламды біртұтас нәрсе ретінде зерттейді. Бұл білімнің бөлімдері астрономия мен космогония болып табылады, олар ғаламшар, жұлдыз, галактикалардың және т.б. құрылымы мен жаратылысын зерттейді. Осы деңгейде физикаға жаңаша оралу жүзеге асады. Бұл жаратылыстанудың циклдік және тұйықталған сипаты туралы айтуға мүмкіндік береді, ол, сірә, табиғаттың өзінің маңызды қасиеттерінің бірі болып табылады.
             Жаратылыстану құрылымы жоғарыда аталған ғылымдармен шектелмейді. Өйткені ғылымда ғылыми білімдерді жіктеу мен біріктірудің күрделі үдерістері әлі де жүріп жатыр.

        1-сызба. Жаратылыстану ғылымдары
        • Биология (ботаника, зоология, цитология, генетика).
        • Космология (астрономия, космогония)
        • Жер туралы ғылымдар тобы (геология, география, экология).
        • Физика (ең маңызды бөлімнің бірі-механика)
        • Химия

        Ғылымды жіктеу – бұл қандай да бір ғылымның ішінде әлдеқайда шағын, дербес зерттеу саласын бөліп алу, оларды өз бетінше дербес ғылымға айналдыру. Осылайша, физиканың ішінен қатты дене физикасы, плазма физикасы бөлініп шықты.

        Ғылымды біріктіру – ескі ғылымдардың түйісуінде жаңа ғылымның пайда болуы, ғылыми білімдерді біріктіру үдерісі. Мұндай ғылымдар түріне физикалық химия, химиялық физика, биофизика, биохимия, геохимия, биогеохимия, астробиология және басқалар мысал бола алады.

        Өзіңді тексер!

        Жұмыс топта

        • Оқылған ақпаратты топта талқылаңдар және сызба түрінде көрсетіңдер.
        • Неліктен дәл осы сызбаны таңдағаныңды түсіндір.
        • Өз сызбаңды мәтіннен алынған үзінділермен дәлелде.

        Осылайша, өзіне көптеген қосымша және аралық элементтерді қоса отырып, жаратылыстану ғылымдарының баспалдағы айтарлықтай күрделене түседі.

        Ғылым түрлері және олар зерттейтін нысандар

        Ғылым түрлері

        Зерттейтін нысандары

        Физика

          

        Химия

          

        Биология

          

        География, экология, геология

          

        Космология

          

        Екі оқушы осы мәтінді оқығаннан кейін, жаратылыстану ғылымдарын зерттеу туралы әңгіме өрбітті.

        • Сен олардың әрқайсысын қандай адамдар типіне жатқызасың?
        • Қай оқушының пікірі сенің ұстанымыңа сай келеді?

             Біріншісі, егер де бұл білім саған өмірде алға қойған мақсаттарыңа, мысалы кәсіби өсуге, мансапқа, тұрақты және лайықты материалдық жағдайға қол жеткізу үшін қажет болса ғана, ғылыммен айналысудың мәні бар деп сендірді.
        ​     Екіншісі, ғылым – бұл әлемді танудың ғажайып құралы екенін айтты. Ғылым арқылы осы таңғажайып әлемді тануға, оның кейбір құпияларын барлап білуге болады. Ал бұл – өте қызықты және тартымды. Ол үшін ең алдымен еңбектену және ғылыммен айналысу қажет.

          

          

        физика химия биология – 

        • Сен жаратылыстану ғылымдарын неліктен мұндай тәртіппен орналастырғаныңды түсіндір.

          

        Дереккөздермен жұмыс

        Ғылыммен айналысқан қазіргі таңдағы танымал қазақстандықтар туралы материал жинақта. Олардың дүниежүзілік жаратылыстану ғылымының жүйесіне қосқан үлесін қысқаша сипатта. Бұл ақпаратыңды сыныптастарыңа ұсын.

        Сен білесің бе?

        • 10-қарашада бүкіл әлемде Ғылым күні атап өтіледі;
        • 12-сәуірде Қазақстанда ғылым қызметкерлері күні аталып өтіледі. Бұл күн кездейсоқ таңдап алынған жоқ. Дәл осы күні көрнекті қазақстандық академик, геолог ғалым және Қазақстан Ғылым Академиясының тұңғыш президенті Қаныш Сәтпаев дүниеге келген.

        Жетістіктеріңді бағала

        «Бағдаршам» рефлексиясы

        Өтінемін күте тұрыңыз