Біздің болашағымыз қандай болады

Сабақтың мақсаты:

  • ғылымның болашақтағы зерттеулерінің бағытын болжауды уйренесің.

Мақсатқа қол жеткізу ушін:

  • болашақты болжаумен айналысатын ғалымдар қалай аталатынын;
  • болашақты дамытуға жасалатын болжамдар неге сүйеніп жасалатынын білу қажет.

Футурология

     Ғылым мен жоғары технологиялар әлемі қарыштап дамып, алға қадам басуда. Ғалымдар бір жаңалық жайында айтып үл- гермей жатқанда, екіншісі пайда болады. Бұл жаңалықтардың өлшемі қандай екені маңызды емес, ең бастысы олар бар және ғылым әлемі бір орнында тұрып қалмайды. Ерте ме, кеш пе, біздің әрқайсысымызды болашақтың мәселесі: жеке бір адамның, отбасының немесе жалпы адамзат баласының болашағы қызықтыра бастайды. Ал кейбіреуімізді ғарыш немесе медицина дамуының болжамы тәрізді әлдеқайда күрделі нәрселер қызықтырады.

     Айрықша және қызықты мамандықтар мен ғылымдардың ішінде футурология – болашақты болжау деп аталатын ғылым бар. Болашақты болжаумен айналысатын адам футуролог деп аталады.

     Шынайы өмірде онымен кім айналысады? Тәжірибе жасаушы футурологтер өте көп, алайда ғалымдардың көбі мұндай күрделі іспен айналыса бермейді. Футуролог маманның жасампаз ойлау қабілеті, тамаша елестете алу, айрықша идеяларды мүмкін болатындай ортада қалыптастыра алу мүмкіндігі болуы тиіс. Футурологтер көбіне данышпандық жобаларды әдебиеттерден алады. Олар өткен уақыттың да, келешектің де фантастикасын пайдаланады. Ал бұл, ойлап қарасаң, ғылымды игеруден де қиын.

     Көптеген футуролог ғалымдар біз болашақта ғарышқа баспалдақпен шыға алатын боламыз деп сендіреді. Ал ғарышқа саяхатты біз тек қиял-ғажайып теледидар бағдарламасынан көріп немесе фантастикалық ертегіден оқып жүрміз. Мысалы, біз қалқымалы қалада өмір сүретін боламыз деген идея бар. Ғалымдардың болжамы бойынша, алдағы уақытта ғаламдық жылыну орын алса, миллиондаған қалалар су астына кетеді. Осылайша қалқымалы қалалар туралы идея ойлап табылып, адамдар үлкен апаттың алдын алады деп болжам жасалған.

Фантазируем!

Ойлан!

  • «Болашақтың қаласы» ақпараттық графикасын мұқият қара.
  • Онда қаншалықты алыс болашақ суреттелген?
  • Қалай ойлайсың, бұл ақпараттық графикаға қазіргі бар қандай жетістіктердің негізі енгізілген?
  • Бұл суретте ғалымдар қандай маңызды түрткіжайтты есепке алған?
  • Мұндай қалада өмір сүру саған қызықты болар ма еді? Қалай ойлайсың? Неліктен? Онда табиғатты қорғау нормалары сақтала ма? Ол неден байқалады?

Қиялыңа ерік бер!

  • Бірнеше жылдар өткеннен кейінгі осы қаланың дамуын ойлап тап. Уақыт аралығын өзің таңда. Сенің қалаң болашақтың қандай жетістіктеріне негізделетін болады?

Роль изобретений в жизни человека

     Адам ежелден бері өзі өмір сүрген шеңберде еңбектенді және зерттелмеген беймәлім дүниені тануға ұмтылды. Егер бұл үдеріс болмаса, егер адамзат алға ұмтылмаса, онда ол әлі күнге дейін тас ғасырында, тас қарулармен қаруланып, аң терісін жамылып жүрер ме еді...

Өзіңнің өнертабысыңды жаса

  • Суреттегі заттарға қара. Осы құралдарды пайдаланып, өзіңнің өнертабысыңды жаса (өзің 2 зат қосуыңа болады).

Ойлан!

  • Суреттегі өнертабыстарды қара, олардың әрбір адам өміріндегі рөлін анықта.
  • Өнертабыстардың бірін сипатта және оның өзіңнің күнделікті өміріңдегі рөлін көрсет.
Өтінемін күте тұрыңыз