Мектеп телімінде қандай өсімдік пен жануарларды кездестіруге болады (экскурсия)

Сабақтың мақсаты:

  • өсімдіктер мен жануар түрлерін анвқтау үшін организмдердің өзіне ерекшеліктерін пайдалануды үйренесін.

Табиғатта өзін-өзі ұстау тәртібі:

  • тәртіп сақта, мұғалімнің нұсқауларын бұлжытпай орында;
  • ағаштар мен бұталарды сындырма;
  • кез келген өсімдікті ауыға салуға қатаң тыйым салынады.

Вступление

     Жер бетінде тірі организмдердің қанша түрі тіршілік ететіндігі туралы сұрақ ғалымдарды жүздеген жылдар бойы қызықтырған.

     Ең дәл есептеулер көрсеткендей, 6,6 млн түр құрлықта, ал 2,2 млн түр мұхит түбінде тіршілік етеді. Алайда теңізде мекендейтіндердің 91%-ы және құрлықтағыларың 86%-ын ашу, сипаттау және тізімге енгізу қажет.

     Ғылым үшін «жаңа» түрлерді сипаттау 1200 жылға созылады және 364 миллиард доллар қаржы қажет етеді.

Қазіргі кездегі жойылып кету қарқынына қарағанда, түрлердің жартысына ешқашан сипаттама жасалмай қалатын тәрізді.

Тапсырмаларды орында

  1. Мектеп телімінде өсетін ағаштар мен бұталарды анықта. Олардың жалпы көрінісін, жекелеген бұтақтарын ірі етіп суретке түсір.
  2. Ағаш пен бұталардың санын анықта (түрі бойынша). Қандай түр көбірек?
  3. Е.Г. Куликованың әдісі бойынша (төмендегі қосымшаны қара) ағаштар мен бұталардың жай-күйіне баға бер.
  4. Мектеп телімінде кездесетін шөптесін өсімдік түрлерін анықта. Олардың жалпы көрінісін анық көрінетіндей ірі етіп суретке түсір неме-се суретін сал.
  5. Экскурсия кезінде қандай жануарларды кездестірдің? Олардың жалпы көрінісін анық көрінетіндей етіп үлкен суретке түсір немесе суретін сал.
Есебіңді жаз.
  • Мектеп телімін жақсарту бойынша ұсыныстарыңды енгіз.
  • Қандай табиғат қорғау жұмысын сен өздігіңнен орындай алатыныңды көрсет.
Қосымша

Сыртқы белгілері бойынша өсімдіктің жай-күйін көзбе-көз бағалау шәкілі (Е. Г. Куликова, кесте).

Түрткіжайт

Жағдай түрткіжайтының өзгеруі

Балл

Сабағының (діңгегі) күйі

Сау және мықты

5

Қабығында зақымданулар бар

3

Шіріктері мен қуыстары бар

1

Өсу шамасы

15 см-ден артық

5

5–15 см

3

5 см-ден аз

1

Ұшар басының құрылымы

Қалыпты, сау

5

Бір үлкен немесе бірнеше ұсақ бұтақтары кеуіп қалған

3

Екі және одан да көп ірі бұтақтары кеуіп қалған

1

Зиянкестер мен аурулары

Жоқ

5

Бір түрі бар

3

2 және одан да көп түрі бар

1

Ұшар басының даму дәрежесі

Толық, біркелкі дамыған (теңгерілген)

5

Толық, бірақ бұзылған

3

Бұзылған, жетілмеген

1

Ағаштар жағдайының класын анықтау

Балл қосындысы

Жағдайының класы

25-22

Өте жақсы

21-18

Жақсы

17-14

Қанағаттанарлық

13-10

Нашар

9-5

Өте нашар

Өтінемін күте тұрыңыз