Халықтың ұдайы өсу типі

Cабақтың мақсаты:

  • Халқының ұдайы өсу типі бойынша дүниежүзі елдерін жіктеу.

Мақсатқа жету үшін:

  • Халықтың ұдайы өсуі дегеннің не екенін;
  • Негізгі демографиялық құрылымды;
  • Халықтың ұдайы өсу режімін білуіміз керек.

   Халықтың құрылымы

   Құрылым – бұл барлық халықтан құрылған адамдардың түрлі топтарының қатынасы (үлесі). Халықтың ұдайы өсуіне тікелей әсер ететін түрлі топтарға адамдарды жіктеуге арналған мынадай белгілер бар (1-сызба):

Халықтың құрылымы

жасы

жынысы

некеге қатысы

отбасылық мәртебесі

   Халықтың жыныстық құрамы халықтың құрылымында ерлер мен әйелдердің арақатынасымен анықталады.
   ​Халықтың жас ерекшеліктеріне қарай құрамы – бұл халықты жас ерекшеліктері бойынша топқа бөлу, ол бөлінген топтардың санымен және олардың өзара арақатынасымен сипатталады. Демографиялық талдау кезінде көбінесе бес жылмен жас ерекшеліктері топтарына ажыратылады (1–4, 5–9, .... 95–100 жыл), ал әлдеқайда жалпыланған зерттеуде – он жыл мен 10 жылдық аралықпен бөлінеді.
   ​Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) төмендегідей жастық кезеңдерге бөлуді қабылдаған:

  • 0–25 – бала және жасөспірімдік кезең
  • 25–44 – жастық кезең
  • 44–60 – орта жас
  • 60–75 – егде жас
  • 75–90 – кәрілік
  • 90 жастан кейін – ұзақ өмір сүрушілер

   Халықтың ұдайы өсуі – бала туылуы және адам өлімі (халықтың шынайы қозғалысы) негізінде ұрпақтардың алмасуы барысында халық саны мен құрылымының тұрақты түрде жаңарып отыруы. Кең мағынасында, шынайы қозғалыс, көші-қон, адамдардың бір әлеуметтік топтан екіншісіне ауысуы негізінде халықтың үнемі жаңарып отыруы алынады.

    - халықтың құрылымындағы ерлер мен әйелдердің арақатынасымен анықталады.

    - халықты жас ерекшеліктері бойынша топқа бөлу, ол бөлінген топтардың санымен және олардың өзара арақатынасымен сипатталады. 

   Халықтың некелік құрылымы

   Халықтың некелік құрылымы – бұл халықты некелік жағдайына қарай, әдетте жынысы және жасымен үйлестіре отырып бөлу.
   ​Неке (жұбайлық) – отбасын құру мақсатында заңда белгіленген тәртіппен тараптардың еркін және толық келісімімен бекітілген, ер мен әйел арасындағы тең құқылы одақ. Демография үшін неке – отбасын құру мен бала туылуының, сонымен қатар туылу мен өлім-жітім үдерістерінің түрткіжайттары.
   ​Халықты некеге қатысты келесі топтарға бөлуге болады:

  • некеге ешқашан отырмаған тұлғалар;
  • некеге отырған тұлғалар;
  • ажырасқандар;
  • жесірлер.
Қалыңдықтың баскиімі

   Халықтың отбасылық құрылымы

   Бұл құрылым халықтың неке және отбасы институтына қатысты жағдайы бойынша бөлінуін көрсетеді.
   ​Отбасы – некеден (жұбайлық өмірден), туыстықтан, жегжаттықтан, асырап алудан шығатын қарым-қатынастармен байланысқан және отбасылық қарым-қатынастарды нығайтуға және дамытуға мүмкіндік туғызуға тартылған тұлғалар ортасы. Отбасы – негізгі демографиялық ұяшық. Ол мынадай демографиялық функцияларды орындайды:

  • бала туылуы және күтімі;
  • отбасы мүшелерінің денсаулығы мен өмір сүру ұзақтығын жақсартуға мүмкіндік туғызатын жағдайлар жасау;
  • өзінің тұрақтылығын қамтамасыз ету (бұл айтарлықтай маңызды функция, өйткені отбасы институтының тұрақтылығы мен қоғамның тұрақтылығы көбінесе өзара шарттасқан). Халықтың ұдайы өсуі толығымен дерлік отбасында жүзеге асады.

   Демографияда отбасылар өлшемі, құрылымы және типі бойынша топтарға бөлінеді.
   ​Отбасының орташа өлшемі халықтың кейбір топтары үшін отбасымен бірге тұратын адамдардың санын отбасы санына бөлу жолымен анықталады. Отбасының өлшемі оның мүшелерінің санымен айқындалады.
   ​Балаларының саны бойынша отбасылар төмендегідей бөлінеді:

  • 1–2 балалы отбасы;
  • 3–4 балалы отбасы;
  • көпбалалы (5 және одан көп балалы) отбасылар.

   Отбасының құрылымы туыстық дәрежесімен, ұрпақтың болуымен, көшбасшылықтың үлестірілуімен анықталуы мүмкін.
   ​Типі бойынша отбасылар нуклеарлық, күрделі, толық, толық емес болып бөлінеді.
   ​Нуклеарлық отбасылар – балалары бар, некедегі отбасылар.
   ​Күрделі отбасы – бір отбасы басқа туысқан отбасымен (ата-аналарының отбасы, балаларының отбасы немесе ағалары мен апайларының отбасы) бірге тұратын отбасылар.
   ​Отбасының толықтығы ерлі-зайыптылар жұбының толық болуына байланысты. Егер ерлі-зайыптылардың біреуі немесе екеуі де жоқ болса (қайтыс болуына, ажырасуына немесе басқа да себептерге байланысты), онда отбасы толық емес болып саналады.
   ​Діни нанымы, ұлты, табысы тәрізді белгілер бала туылуына жанама әсер береді.
   ​Адамдар өмір сүру барысында басқа құрылымдарға ауысуы мүмкін. Демографиялық құрылымдар ауысу мүмкіндіктері бойынша үш топқа бөлінеді:

  1. бір топтан екіншісіне ауысу міндетті және еш шарасыз болатын топ, мысалы, бір жас ерекшелігі тобынан екіншісіне ауысу;
  2. бір топтан екіншісіне ауысу іс жүзінде мүмкін емес немесе айрықша шектелген топтар, мысалы, бір жыныстан немесе ұлттар тобынан басқасына ауысу;
  3. бір топтан екіншісіне ауысуға мүмкіндік бар топтар, мысалы, табысы, некелік және отбасылық мәртебесі бойынша.

   Зертте!

   Қазақстанда қандай отбасылардың саны басымырақ –1-2 балалы отбасылар ма, 3-4 балалы отбасылар ма, әлде көпбалалы отбасылар ма? 

   Отбасы – бірлесіп күн көретін, туыстық қатынаста тұратын адамдар тобы. Біздің отбасымыз жеті адамнан тұрады . Анамның есімі – Айжан, әкем – Айдар. Менің есімім – Рауан, үйдің үлкенімін, он төрт жастамын. Інім Нұрлан алтыншы сыныпта оқиды, ол он екі жаста, Аслан – екінші сыныптың оқушысы. Қарындасым Ажар балабақшада, күзде бірінші сыныпқа барады. Ата-анам жас әрі әдемі, әкем 38-де, анам 36 жаста. Әкем де, анам да өз отбасыларында жалғыз бала болған. Балаларымыз көп болады деп шешкендері де сондықтан болар. Сонымен қатар менің отбасымның тарихында тағы бір қызықты оқиға бар: әкемді атам мен әжем балалар үйінен асырап алып, өздерінің туған балаларындай етіп өсірген. Әжеміз, өкінішке орай, өмірде жоқ, ал атамызды біз бәріміз жақсы көреміз, ол да бізді өте жақсы көреді. Атамның есімі – Нұрасыл, біз оны «ата», – дейміз. Ал туысқандарымыз бен көршілеріміз: «ақсақал», «Нұреке», – деп атайды. Атамыз 73 жаста.
   Біздің анамыз – мейірімді, жұмсақ және қамқор адам. Ол сатушы болып жұмыс істейді. Үйдің барлық тірлігі анамыздың мойнында. Біз анамызды аялауға тырысамыз, оған үй шаруасына көмектесеміз. Әкеміз барлық жағынан сенімді тірек бола алады. Ол үйдегі барлық ерлердің жұмысын жасап үлгереді және бізді үй жанындағы үлкен шаруашылықты жүргізуге үйретеді: бізде бұзаулы сиыр да, қой да, тауық та бар. Әкем радиотелефон байланысы саласында электр жабдықтарының маманы болып жұмыс істейді.
   Отбасымыз өте тату. Бір-бірімізге барлық жағынан көмектесеміз. Отбасы бұл отбасының барлық мүшелері бірігетін ошақ тәрізді. Көптеген адамдар отбасының ошағын әйел адам сақтауы қажет деп айтады, бірақ олай емес. Ошақтағы отты өшірмеуге барлық отбасы мүшелері атсалысуы қажет. Ер адам отбасын қорғауға, оған қамқор болуға міндетті; ал әйел адам – оған осы істе көмектесуі тиіс; балалар өз ата-аналарын тыңдауы, жақсы оқуы және оларға барлық жағынан көмектесуі қажет. Отбасы бір бүтін болған кезде, үйде де жылулық болады. Ал жалпы адам баласы не үшін өмір сүреді? Жер бетіндегі тіршілікті жалғастыру үшін.
   Отбасындағы балалар – үлкен бақыт, ата-анаға көмекші. Отбасы өміріңді толықтырып, бақыт әкеледі. Мен жер бетінде бақытты отбасылардың көп болғанын қалаймын.

   Отбасы құрамы: 

   Отбасының жыныстық құрамы:  

   Отбасының жас ерекшеліктеріне қарай құрамы: 

   Балалар саны: 

   Отбасының типі: 

   

   Мәтіндегі қандай фактілер мен тұжырымдар оны растайды?

   

   а) 

   ә) 

   б) 

   Геосергiту

   «Географиялық сыйлық»

   Әрбір қатысушы тізбек бойынша сыныптасына «виртуалды сыйлық» – «географиялық нысан» сыйлайды. Сыйлар алдында ол пантомима, дене қимылының көмегімен, немесе негізгі сөздерден басқа сөздерді қолданып, оны сипаттауы тиіс. Сыныптасы ол нысанды тауып, сыйлықты алады.

   Ұдайы өсу режімі

   Халықтың ұдайы өсуінің барлық нақты сандық сипаттамасы ұдайы өсу режімі деп аталады.
   ​Ғалымдар ұдайы өсуді үш режимге бөледі: шектелген, қарапайым және кеңейтілген (2-сызба).

Халықтың ұдайы өсу режімі

   Кеңейтілген ұдайы өсу 

   Қарапайым ұдайы өсу 

   Шектелген ұдайы өсу 

   Халықтың ұдайы өсу типі

   Халықтың отбасылық құрылымына байланысты ұдайы өсу режімі ретінде халықтың ұдайы өсуінің үш типі қалыптасқан.

   Халықтың ұдайы өсуінің бірінші типі. «Демографиялық дағдарыс»

   Оған бала туылуы мен адам өлімі көрсеткіштерінің аса жоғары болмауы тән. Ол экономикасы дамыған елдерде орын алған, мұнда егде жастағы және кәрі адамдардың үлесі үнемі өсіп отырады (ұлттың қартаюы). Егде жастағы адамдардың жоғары үлесі бала туылу көрсеткішін төмендетеді және адам өлімінің көрсеткішін арттырады.
   ​Ұдайы өсудің бұл типі Еуропа, Солтүстік Америка, Жапония, Аустралия елдерінде, яғни неғұрлым экономикалық тұрғыдан дамыған елдерде таралған. Осылайша, Францияда әрбір мың адамға 13 баланың туылуы, 10 адам өлімі сәйкес келеді, яғни халық санының табиғи өсімі 3-ке тең. Ұлыбританияда әрбір мың тұрғынға 13-тен астам бала туылу мен 11-ден астам адам өлімі сәйкес келеді. Жапонияда 10 адам туылса, 7 адам өлімі орын алады, табиғи өсім 3-ке тең.
   ​Кейбір елдерде бала туылу көрсеткішінің төмендігі соншалық, ол тіптен қайтыс болған адамдардың санын да жаппайды, яғни тұрғындарының саны жыл сайын кемиді. Мұндай құбылыс өсудің кемуі деп аталады.
   ​Өсудің кемуі – шектелген ұдайы өсудің нәтижесінде тұрғындарының азаюы, халқы санының кемуі (Дания, Швеция, Ұлыбритания, Ресей).
   ​Бала туылуының төмендеу себептері: қол еңбегі үлесінің күрт төмендеуі, қалалық өмір сүру салтының таралуы, әйелдер құқығының нығаюы, карьера жасауға ұмтылу, некеге тұру жасының ұлғаюы, бірінші баланы өмірге әкелу жасының ұлғаюы, ұлттың қартаюы, атааналарының қартайған шағында балаларынан тәуелсіз болуы.

   Халықтың ұдайы өсуінің екінші типі. «Демографиялық дүмпу»

   Халықтың ұдайы өсуінің екінші типі бала туылуының жоғары және өте жоғары көрсеткішімен, адам өлімінің жеткілікті деңгейдегі жоғары көрсеткішімен сипатталады. Ол ең алдымен дамушы елдерге тән (мысалы: Конго, Нигер, Нигерия, Йемен, Ирак, Пәкістан, Бангладеш және басқа).
   ​Бала туылуының жоғары болу себептері: ерте жастан некеге отыру, отбасын жоспарлауға, көп балалы болу дәстүріне тыйым салу, әйелдердің жоғары тәуелділігі, ауыл тұрғындары санының басым болуы, қол еңбегі үлесінің жоғарылығы, балалардың еңбек етуі, балалар ата-анасы қартайған кезде жалғыз сүйеніші болып табылатындығы.

   Екінші және бірінші тип арасында өтпелі тип бар. Оған бала туылуының жоғары көрсеткіштерінің біртіндеп төмендеп, адам өлімі көрсеткіштерінің азаюы тән (Грузия, БАӘ, Сауд Арабиясы және басқалары).
   ​Бұл елдер, ең алдымен эпидемиялық аурулармен күресу үшін заманауи медицина жетістіктерін кеңінен пайдалану мүмкіндігіне ие болды. Бұл адам өлімінің күрт төмендеуіне әкелді. Бала туылуы көбінесе, жоғары деңгейде қалды. Алайда уақыт өте келе төмендеп, мемлекет ұдайы өсудің бірінші типіне өтеді.

   1. Ұдайы өсудің қандай типіне жататын елдердің есебінен дүниежүзі халқының саны өсетін болады?

  • I типті елдер есебінен
  • II типті елдер есебінен
  • Өтпелі тип елдері есебінен

   Халықтың ұдайы өсу типіндегі Қазақстанның орнын анықтаңдар. Параграфтағы мәтін мен әдістемелік нұсқауға сүйене отырып, өз жауаптарыңды аргументтермен және фактілермен дәлелдеңдер.

  • ұдайы өсудің I типі
  • ұдайы өсудің II типі
  • ұдайы өсудің өтпелі типі

   Зерттеулер

  • Бала туылу деңгейінің төмендігі мен адам өлімінің жоғары болуы нәтижесінде табиғи кемудің орын алуына қарамастан АҚШ, Батыс Еуропаның аса дамыған елдеріндегі халық саны азаймайды. Оны қалай түсіндіруге болады?

   Геодерек

   Ұлттық тулардағы ең көп қолданылатын түстер – қызыл, көк және ақ түстер.

   Ойыңды тұжырымда

  1. Сауалнама алу тәсілімен өз таңдауларың бойынша үш отбасына зерттеу жүргізіңдер және индукция тәсілімен халықтың демографиялық құрылымын, отбасы өлшемі мен типін, халықтың ұдайы өсуінің режімі мен типін анықтаңдар. Зерттеу нәтижелерін графиктік материалдармен толықтырыңдар. Демографиялық ахуалдың себептері мен нәтижелерін түсіндіріңдер. Сауалнама – бұл зерттеу нысанының сандық-сапалық сипаттамаларын анықтауға бағытталған, бір ойға біріктірілген сұрақтар жүйесі.

   Ұсынылатын сұрақтар

  1. Сіздің жасыңыз. Сіздің жынысыңыз.
  2. Сіз некеде барсыз ба?
  3. Сіздің қанша балаңыз бар?
  4. Сіздермен қанша отбасы бірге тұрады?
  5. Сіздермен бірге тұратын адамдардың туыстық дәрежесін көрсетіңіздер.
  6. Олардың жасын, жынысын, некелік мәртебесін, отбасының бар-жоқтығын көрсетіңіз.
Өтінемін күте тұрыңыз