3.5-бөлімге шолу

   3.5-бөлім. «Табиғи-аумақтық кешендер» сабақтары бойынша

   Сендер білесіңдер:

  • Географиялық қабық – Жердің ландшафттық қабығы, оның шегінде атмосфераның төменгі қабаттары, литосфераның беткі қабаты, бүкіл гидросфера мен биосфера бір-біріне өзара еніп және бір-бірімен өзара әрекеттестікте болады.
  • Олардың өзара әрекеттестігі аумақтық-табиғи кешендердің (АТК, ландшафттардың) түзілуіне – белгілі бір аумақта өзара бір-бірімен байланысқан табиғи компоненттердің жиынтығына әкеледі.
  • Географиялық қабықтың басты ерекшелігі – оның құрамындағы заттардың құрамы бойынша да, өзінің қасиеттері мен күйі бойынша да алуан түрлілігі. Географиялық қабық энергия түрлерінің алуан түрлілігімен және олардың түрлену пішіндерімен сипатталады. Заттар мен энергиялардың қозғалысы қабықтың барлық бөліктерін байланыстырады. Географиялық қабықта кеңістіктік жіктеу айқын көрініс береді.
  • Географиялық қабықтың дамуы мен қызметінде келесі заңдылықтар көзге түседі: зоналылық, секторлылық, биіктік белдеулілік, бейзоналылық, зат айналымы, ырғақтылық, тұтастық.
  • Адам іс-әрекеті салдарынан географиялық қабықтың түрленуі антропогендік ландшафттардың туындауына әкеліп соқтырған. Антропогендік әсер қабықтағы табиғи үдерістердің бұзылуына және экологиялық мәселелерге әкеледі. Оларды шешу – бүкіл адамзат баласының маңызды міндеті.

   Қолдарыңнан келеді:

  • Географиялық қабықтың құрамын, құрылымы мен ерекшеліктерін талдау;
  • «Радиалды тізім» диаграммасымен, «Иерархия» сызбасымен жұмыс істеу;
  • Географиялық қабықтың компоненттері негізінде тақырыптық сызбалар жасау;
  • «Географиялық қабық», «географиялық орта» және «биосфера» түсініктері арасындағы айырмашылықтарды анықтау және оларды «Эйлер шеңберінде» көрсету;
  • Құрғақтықтың радиациялық индексін есептеу;
  • Тақырыптық картасызбалар, графиктік модельдер, ақпараттық график жасау;
  • Мәтінді кестеге айналдыру;
  • Антропогендік ландшафттарды жақсарту жолдарын ұсыну.
Өтінемін күте тұрыңыз