§ 117-118. Дүниежүзі елдері мен Қазақстанның табиғи ресурстарын бағалаудың матрицалық әдістерін қолдану

   Оқу мақсаттары:

  • зерттеу тақырыбына сәйкес эксперттік бағалау әдістерін қолдану
  • зерттеу тақырыбына сәйкес модельдеу әдістерін қолдану
  • зерттеу тақырыбына сәйкес аудандастыру әдістерін қолдану.

МАТРИЦА

   Сарамандық жұмыс

   Матрица (matrix) – «үлгі», «қалып», «ел зерттеу құралы» дегенді білдіреді. Матрица дүниежүзі елдерінің өндіруші және өңдеуші өнеркәсібінің шаруа­шылық қызметінің табиғи ресурстарын бағалауға мүмкіндік береді.

   Өзіндік жұмыс

​   Сабақ мақсаты:
   1) Қазақстанның өндіру және өңдеу өнеркәсібінің шаруашылық қызметінің табиғи ресурстарын бағалаудың матрицалық әдісімен танысу.
   ​2) Қазақстанның шаруашылық салаларының, табиғи ресурстардың, өндіретін және өңдеуші өнеркәсіптің бар-жоғын бағалау үшін матрицалардың түрлерін құру.
   ​3) Орындалған жұмысты қорғау.

   Жұмыс барысы:
​   Тапсырмалар
​   1. Табиғи ресурстардың негізгі түрлерін анықтау. Өндіруші және өңдеуші өнеркәсіп қызметі, шаруашылық қызметінің Қазақстан экономи­касына әсері.
   ​2. Шаруашылық қызметінде экономиканың өсуін анықтауға мүмкіндік беретін матрица түрлерін құрастыру. Матрицаларды пай­далану – Қазақстан экономикасының өсуін немесе әлсіреуін бағалау әдістерінің бір.
   3. Белгіленген шаруашылық қызметке қоршаған ортаға әсер ету бағасын (ҚОӘБ) жүргізу туралы матрицалардың барлық түрлері бо­йынша қорытынды жазу. 1-3 матрицаларында шаруашылық қызметінің оңтайлы нұсқасын анықтау.​

   Негізгі материал
​   Табиғи ресурстарды, өндіруші және өңдеуші өнеркәсіпке әсерін бағалаудың матрицалық әдісін қолдану кезінде үш түрі пайдаланылады:
   ​1. Негізгі табиғи ресурстар мен өндіруші және өңдеуші өнеркәсіп өндірісінің тізімі.
   ​2. Экономиканың өзгеруіне әсер ететін шаруашылық қызмет нысандары.
   ​3. Экономикаға әсер ететін табиғи ресурстардың, шаруашылық қызмет нысандарының себеп-салдар байланысын анықтайтын матрицалар.

Матрица:

1-матрица

48-кесте
Табиғат компоненттеріне әсер ету түрлері және компоненттердегі өзгерістер

Табиғи ресурстар

Шаруашылық түрлері

Кен орындарының орналасуы

Өндіру

Өлшеу (қоры, өндіру)

Минералды

Кенді 

Кенсіз

Табиғи

Топырақты

Орманды

Климаттық

Гидроресурс

Өсімдік әлемі

Жануарлар әлемі

2-матрица

49-кесте
Экономиканың өзгеруіне әсер ететін қайт өңдеу өнеркәсібінің нысандары

Табиғи ресурстар

Шаруашылық өндірісін қарқынды жүргізу

Қазақстан аймағы

Өңдеу

Қалалар

Отын-энергетикалық

Таскөмір (кокстелген/қоңыр)

Табиғи газ

Мұнай

Табиғи

Кенді

Кенсіз

Топырақты

Орманды

Климаттық

Гидроресурс

Өсімдік әлемі

Жануарлар әлемі

3-матрица

50-кесте
Табиғи ресурстар қарсынды пайдаланылатын қызмет түрлері

Табиғи ресурстар

Іс-әрекет түрлері

Металлургия

Құрылыс

Тамақ және жеңіл өнеркәсіп

Химия өнеркәсібі

А/ш

Отын-энергетикалық

Таскөмір (кокстелген/қоңыр)

Табиғи газ

Мұнай

Табиғи

Топырақты

Орманды

Климаттық

Гидроресурс

Өсімдік әлемі

Жануарлар әлемі

   Матрицалық әдіс елдердің экономикалық өсуінің барлық құрамын қамтуға мүмкіндік береді: ЖІӨ, өмір сүру деңгейі, тұтыну қоржынының деңгейі. Бұл ретте іс-қимыл ауқымы, сандық, статис­тикалық көрсеткіштердің өзгеруі, осы жай-күйлердің болжамы зерделенеді.

Жұмысты орындау нұсқаулығы:

   1. 1-матрицаны толтыру үшін Қазақстан өңірлері бойынша табиғи ресурс­тардың едәуір қорының мөлшерін (млн т, га, т.б.) көрсету қажет. Мысалы, көмір, мұнай ірі кен орындары, орман, топырақ және гидроресурс­тар.
   ​2. 2-және 3-матрицада шаруашылық қызмет түрлерімен айналысатын Қазақстан облыстарының мысалында толтыру. Нысандардың алғашқы үштігін қарастыру қажет.

Өзіңді тексер!

   1. Қазақстанның табиғи ресурстарына анықтама бер.  
   2. Қазақстандағы табиғи ресурстарды бағалаудың міндеттері қандай?  
   3. Қазақстанда табиғи ресурстарды қолдану аумағы қандай?  
   4. 2030 жылға арналған табиғи ресурстарды болжау мәселесі бойынша зерттеу әдістерін ашып көрсет.  
   5. Егер табиғи ресурстар сарқылса, адамзат қандай жолмен жүреді?  

Өтінемін күте тұрыңыз