§ 99-100. Геосаясаттағы заманауи картографиялық әдістер

   Оқу мақсаты:

  • зерттеу тақырыбына сәйкес электрондық картографиялық ресурстардың мүмкіндіктерін пайдалану (сандық карталарды оқу, олардың көмегімен орналасқан жерін, географиялық нысандар мен аумақтардың сандық және сапалық көрсеткіштерін анықтау, олардың сипаттамасы мен талдауы).

КАРТОГРАФИЯЛЫҚ ГЕНЕРАЛИЗАЦИЯ

   Сарамандық жұмыс

Сабақтың мақсаты:
   ​1. Геосаясатқа әсер ету көздері мен ықтимал түрлерін анықтап, бағалау.
   ​2. Геосаясаттың әлеуетті маңызды әсерін анықтау әдістерін қолдану.
   ​3. Карта фрагментін құру, орындалған жұмысты қорғау.

   Жабдықтар: жұмыс дәптері, қалам, қарындаш, географиялық атлас, тақырып бойынша қосымша әдебиет, интернет ресурстарға шығу, топографиялық, тақырыптық және арнайы карталар.

Қосымша ақпарат іздеуге байланысты тапсырмалар

Бастапқы топографиялық картаның фрагментін зерттеу.
​​Генерализация технологиясымен танысу.
​​Бастапқы топографиялық картаның фрагментін 1 : 50 000 масштабынан 1 : 25 000 масштабына, ауданы 100 см2 математикалық негізге көшіру.

   62-сурет. Картаның желілік және аудандық нысандарының метрикалық сипаттамасы
   1) генерализациялау жүргізгенге дейінгі нысандар (елді мекендер);
   ​2) генерализациялау жүргізгеннен кейінгі нысандар (елді мекендер).

   Картографиялық генерализация – картада бейнеленген нысандарды іріктеп, жинақтау, олардың негізгі типтік ерекшеліктері мен сипаттарын бөлу.
   ​Генерализациялану – әрбір картаның ажырамас қасиеті. Тіпті ең ірі масштабтағы сурет те генерализацияланған, өйткені барлық нысандарды барынша егжей-тегжейлі көрсету мүмкін емес. Генерализациялаудың келесі түрлері бар: картада көрсетілетін нысандарды іріктеу (ең ірілері қалады: тұрғындар саны 10 000-нан асатын елді мекендер, көлемі 1 см-ден астам өзендер, т.б.); 

 сандық сипаттаманы жинақтау (ірі сандық бөлімшелерді енгізу).   Демек картографиялық генерализация белгілі бір акцент жасап, картада сапалы жаңа ақпаратты көрсетуге ықпал етеді (62-сурет)».

Өзіңді тексер!

   1-тапсырма 

   Картада бейнеленген нысандарды іріктеп, жинақтау, олардың негізгі типтік ерекшеліктері мен сипаттарын бөлу.
   Генерализациядағы негізгі түрткіжайттар қайсысы?

  • картографиялық генерализация;
  • картографиялық статистика;
  • картографиялық талдау;
  • картографиялық сипаттама.

​   Экономикалық картада, ауылшаруашылығы картасында, физикалық картада қандай нысандар мен құбылыстарды генерализациялайды?

   2-тапсырма.
   ​Картографиялық генерализацияның мысалдарын қарастыр (63-сурет).
   ​Суретті өзгерту үрдістерін қадағала. Әкімшілік құрылымдар шегараларының қиылуын салыстыр (1), аралдардың, ағындардың болуы, өзендердің ирелеңін (2) елді мекендер, жолдар, жергілікті жердің басқа да элементтерінің санын, сондай-ақ ақпаратты бейнелеу тәсілдерін салыстыр:
   ​а) карталар арасындағы айырмашылықты анықтау;
   ​ә) оның пайда болу себебін түсіндіру;
   

б) мысалдарда пайдаланылған генерализация түрлерін көрсету (сапалық немесе сандық сипаттамаларды жалпылау, кескіндері оңайлату; ареалдарды біріктіру; аз мәнді және ұсақ нысандарды алып тастау; ареалдардан таңбаларға өту).
   ​3-тапсырма.
  ​ Жер бедерінің атауларын жаз.
   ​Кескін картада таудың атауын жазып (мұғалімнің таңдауымен), таудың биіктігін белгіле.
   ​Атауы номенклатуралық терминге сәйкес келуі тиіс.
   ​Бояу қабаттарын түсір.
   ​Қандай жұмыс орындағаныңды түсіндір.

1) 

2) 

63-сурет. Картографиялық бейнені генерализациялау сызбасы: 1) 2)
Өтінемін күте тұрыңыз