§ 83-84. Қазақстан аймақтарының геоэкономикалық әлеуетін зерттеу

   Оқу мақсаты:

  • «Геоэкономика» бөлімі бойынша білімді жинақтау және бекіту.

   Сарамандық жұмыс

   Сабақтың мақсаты: өз аймағының геоэкономикалық мәселелерін зерттеу.
   ​Жабдықтар: жұмыс дәптері, қалам, қарындаш, географиялық атлас, өткен тақырыптар бойынша оқу және қосымша әдебиеттер, интернет ресурстар, магниттер, постерлер, маркерлер, скотч.

   Күтілетін нәтиже: тауардың немесе қызметтің таныстырылымы. Мұғалім оқушыларды сипаттама жоспармен және кескін карта бойынша жұмыс жоспарымен таныстырады.

   Сипаттама жоспар:
   ​1. Аймақтардың геоэкономикалық жағдайы мен әлеуеті.
   ​2. Экономикалық дамудың аймаққа әсері.
   ​3. Аймақтың экономикалық дамуы.
   ​4. Аймақта тауарлар мен қызметтерді өндіру бойынша идеялар.
   ​5. Аймақта экономикалық даму стратегиясы.
   ​6. Қазақстандық тауарлар мен қызметтердің танымалдығын арттыру жөніндегі идеялар.

Өзіңді тексер!

   1. Тауарың немесе көрсететін қызмет түріне таныстырылым, жарнама немесе промо-акция ұйымдастыр.
   ​2. Қазақстанның басты экономикалық аймақтарын кескін картада белгіле.
   ​3. Кескін картаға шартты белгілерді түсіріп, олардың атауларын жаз.
   ​4. Әр аймақ үшін өз түсін анықта және субаймақтардың атауларын жаз.

Өтінемін күте тұрыңыз