§ 81-82. Компьютерлік программаларды қолданатын географиялық деректер базасы

   Оқу мақсаттары: 

  • тақырып бойынша компьютерлік бағдарламаларды қолдана отырып географиялық деректер базасын құру;
  • компьютерлік бағдарламаларды қолдана отырып тақырыптық картасызбалар құру.

Сарамандық жұмыс 

   Сабақтың мақсаты: географиялық деректерді пайдалана отырып кесте сызып, проблемалық жағдайдың шешімін табу.
   ​Құрал-жабдықтар: жазуға арналған жұмыс дәптері, қалам, қарындаш, географиялық атлас, тақырып бойынша қосымша әдебиеттер, интернет ресурс.
   ​Жұмыс барысы:

   1-тапсырма.
   Атлас картасын, оқулық мәтінін, анықтамалық және басқа да әдебиеттерді қолдана отырып, нұсқа нөміріне байланысты 37-кестені толтыр.

37 кесте

Экономикалық аудандардың салыстырмалы сипаттамасы

Жоспар

Ұқсастық белгілері

Айырмашылық белгілері

1. Географиялық орналасуы

2. Табиғи жағдайлар мен ресурстар

3. Халқының өзіне тән ерекшеліктері

4. Өнеркәсіптің мамандану салалары

5. Ауылшаруашылығының мамандану салалары

6. Көліктің даму ерекшеліктері

7. Сыртқы экономикалық байланыстар

8. Өндірістік емес саланың даму ерекшеліктері

9. Аймақтар мәселелері

10. Аймақ туралы қорытынды

    2-тапсырма

   Қазақстан аймақтарының экономикалық дамуы туралы жалпы қорытынды жаса.
   ​1-нұсқа. Солтүстік және Оңтүстік Қазақстанның салыстырмалы экономикалық-географиялық сипаттамасы.
   ​2-нұсқа. Батыс және Орталық Қазақстанның салыстырмалы экономикалық-географиялық сипаттамасы.

Өзіңді тексер!

   3-тапсырма 

   Microsoft Excel көмегімен Қазақстан аймақтары туралы ақпаратты қамтитын деректер базасын жаса. Географиялық деректер базасына облыс, аудан, халық, кәсіпорындар сияқты пункттер енеді. Деректер базасын тиісті өңірлердің кестесі түрінде рәсімдеу қажет. Тақырып бойынша қорытынды жаса.

Графикалық бейнеле

   4-тапсырма. Microsoft Excel көмегімен облыстар, аудандар, халық, алаңдар туралы ақпаратты қамтитын деректер базасын жаса. Географиялық деректер базасына шаруашылықтың маманданған салалары тармағын қос. 
   ​1-нұсқа. Солтүстік Қазақстан және Түркістан облысы;
   ​2-нұсқа. Батыс Қазақстан және Маңғыстау облысы.

Өтінемін күте тұрыңыз