§ 77-78. Географиялық зерттеу әдістері

   Оқу мақсаттары:

  • зерттеу тақырыбына сәйкес сараптамалық бағалау әдістерін қолдану; 
  • зерттеу тақырыбына сәйкес модельдеу әдістерін қолдану; 
  • зерттеу тақырыбына сәйкес аудандастыру әдістерін қолдану.

САРАПТАМАЛЫҚ БАҒАЛАУ • МОДЕЛЬДЕУ • АУДАНДАСТЫРУ

Географиялық зерттеу әдістері

Сұрақтарға жауап беріндер:

1. Зерттеу әдістері туралы не білесің?
​2. Берілген зерттеу әдістерін географияның қай саласында қолдануға болады? Мысал келтір.

   Қазіргі өңірлік зерттеулерде географиялық болжамдар кеңінен таралған. Жалпы ғылыми тұрғыдан алғанда болжам нысанның болашақ дамуын болжау ретінде анықталады.
   ​Сараптамалық бағалау әдісі нысанды дамытудың жеткілікті теориялық базасы болмаған кезде қолданылады. Бұл әдістер топтық және жеке болып бөлінеді. Жеке әдіс сарапшының тәуелсіз пікіріне негізделеді.
   ​Топтық әдіс нысанның немесе процестің даму перспективалары туралы сарапшылардың ұжымдық пікіріне негізделеді. Кеңінен пікір алмасу нақты экономикалық-географиялық болжам алуға мүмкіндік береді, алайда мұнда да объективті көрініс бола бермейді.
   ​Географиялық модельдеу әдісі – географиялық нысандардың, процестердің, құбылыстардың оңайлатылған, абстрактілі үлгілерін жасау. География­лық үлгілердің мысалдары: карталар, жер бедерінің үшөлшемді модельдері, халық санының өсу динамикасы, әлеуметтік экономикалық даму көрсеткіштерінің өзара байланысы, т.б.
   ​Аудандастыру әдісі кез келген аумақтың ішкі айырма­шылықтарын зерттеп анықтайды, болжайды. Оған халық тығыздығы, қала тұрғындарының үлесі, шаруашылықтардың мамандануы, т.б. мысал бола алады. Әдетте, аумақты аудандастыру дегеніміз – бір немесе бірнеше белгілері бойынша құрамдас бөліктерге бөлу. Бұл олардың көрсеткіштердегі өңірлік айырмашылықтарын, сондай-ақ осы айырмашылықтардың себептерін анық­тауға мүмкіндік береді.

Тапсырманы орындаңдар

   Жұмыс барысы:
​  Алдыңғы білімге, оқулық мәтініне және басқа да ақпарат көздеріне сүйене отырып, ұсынылған әдістерге мысал келтіріңдер. Деректерді, нақты мысалдарды пайдаланыңдар, бұл жұмыстарыңның болжамын дәлелдейді.

   1-тапсырма 
   Алынған білім негізінде шаруашылықтың аумақтық құрылымының келесі құбылыстарының себептерін атаңдар.
   ​Мысалы, географиялық орналасуы, жергілікті компонент негізінде шаруашылықтың аумақтық құрылымы үшін климаттық жағдайлар. Қазақстан аудандары дамуының экономикалық өсімін теңестіру жөніндегі идеяны ұсынып, дәлел келтіріңдер.
   ​2-тапсырма
   ​Белгілі географ А.И. Воейков: «Халықтың таралуының шешуші түрткіжайты – қоршаған орта ғана емес, адамның өзі» деп жазған екен. Осы пікірге түсініктеме бер. Бұл пікірді түсіндір. Қазақстан аудандарына экономикалық даму әлеуеті қалай әсер етеді? Талдау негізінде Қазақстан аудандарының экономикалық даму кедергілерін қалай жоюға болатынын шешіңдер (3-қосымшаны қара).

Қосымша ақпарат іздеуге байланысты тапсырмалар

   3-тапсырма
  10-сынып курсынан және ұсынылған кестеден алынған білім негізінде бұл елдердің айырмашылықтарын сарапта, орналасуындағы ұқсастықтары мен айырмашылықтарын салыстыр. Қосымша мағлұматтар жинақтап, кестені пайдалана отырып, бес мемлекет аумағының жинақы есебін жүргіз. Алынған нәтижелерді салыстыр және қорытынды жас. Бұл мемлекеттерді өзара не байланыстыратынын түсіндір.

36-кесте

Елдер көрсеткіштері

Елдер

Ауданы, км²

Шегаралар ұзындығы, км

1

Қазақстан

2 724 900

13 383

2

Ресей

17 125 191

62 262

3

Белоруссия

207 595

3617

4

Армения

29 743

1254

5

Қырғызстан

199 951

75,17 км.

Өтінемін күте тұрыңыз