§ 67-68. Экономикалық дамудың ел аймақтарына әсері

   Оқу мақсаттары:

  • Қазақстан аймақтарының экономикалық даму әлеуетін анықтау;
  • талдау негізінде Қазақстан аймақтарының экономикалық даму кедергілерін жою жөнінде шешім ұсыну.

Қазақстан аймақтарының экономикалық дамуы

   ​Бірінші топқа орташа республикалық деңгей бойынша жан басына шаққандағы орташа деңгейі неғұрлым жоғары әртараптандырылған өнеркәсіпке (негізінен мәшине жасауға), дамыған қаржы секторы мен жоғары ғылыми-техникалық әлеуетке ие республикалық маңызы бар Нұр-сұлтан және Алматы қалалары жатады.
   ​Екінші топты көмірсутекті минералдық ресурстарға бай Атырау және Маңғыстау облыстары құрайды. Негізгі проблемалары: шикізат және өнеркәсіп өндірісінің негізінен мұнай өндіруге мамандануы, әртараптандырылмаған өнеркәсіп және дамымаған ауылшаруашылығы. Ауылдық жерлерде табыс өте төмен, жұмыссыздық басым, инфрақұрылым артта қалған, аудан орталықтары шалғай.
   ​Үшінші топ табиғи минералды-шикізат ресурстарына бай, олардың базасында жергілікті шикізатты пайдаланатын ірі өндіруші және өңдеу­ші кәсіп­орындар салынып, жұмыс істейді. Оларға Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Павлодар облыстары жатады. Негізгі проблемалар: шикізат бағыты, шикізат базасының өңделуінің жоғары дәрежесі, өнеркәсіптің әртарапты болмауы.

   ​Төртінші топта табиғи ресурстарға бай, сондай-ақ маңызды ауылшаруашылық алқаптары да бар Ақтөбе, Қостанай, Жамбыл және Түркістан облыстары бар. Негізгі проблемалары: ауылшаруашылығына қызмет көрсететін өндірістердің жеткіліксіз дамуы. Бұдан басқа, Жамбыл және Түркістан облыстарында газбен, электр энергиясымен, суармалы сумен жабдықтауда шешілмеген мәселелер бар.
   ​Бесінші топқа кіретін Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыс­тарында мәшине жасау, оның ішінде қорғаныс бағытын басым дамыту және ауылшаруашылық алқаптарының едәуір мөлшерлері бар. Негізгі проблемалар: мәшине жасау кәсіпорындарында, бірінші кезекте қорғаныс кәсіпорындарында күрделі жағдай, ілеспе газдарды кәдеге жарату қажеттілігі, тәуекелдік егіншілік, ауызсудың өткір тапшылығы, мұнай-газ саласы мен әскери полигондар қызметінің экологиялық салдары.
   ​Алтыншы топқа – экономикалық қызметінде негізінен ауылшаруашы­лығы басым Ақмола, Алматы және Қызылорда облыстары кіреді. Аталғандардың ішінде Қызылорда облысында Құмкөл мұнай өндіру аймағы бар.

   ​Ақмола және Алматы облыстарында халықтың табысы өте төмен. Ал Қызыл­орда облысында Құмкөлдің табысы есебінен орташа респуб­ликалық көрсеткіштен жоғары. Негізгі проблемалар: өмір сүру деңгейінің төмендігі, ауылшаруашылығында жұмыспен қамтудың жоғары үлесі, әлсіз инфрақұрылым, үлкен аумақ, елді мекендердің тауар өткізу нарықтарымен әлсіз байланысы, ілеспе газдарды кәдеге жарату қажеттілігі, көптеген аудандардың орталықтардан алшақтығы, қоршаған ортаға түсетін жүктеменің жоғары болуы, Арал проблемасы, ауызсудың өткір тапшылығы. ​Өңірлерді типологияландыру стратегиясы осы проблемаларды, міндеттерді шешуге бағытталған. Жекелеген облыстардың немесе аймақтардың проблемалық мәселелері жергілікті сипатқа ие және тиісті салалар мен аймақтарды дамыту бағдарламаларында шешім табуы тиіс.

   1. Қазақстан аймақтарының экономикалық даму ерекшеліктері туралы қысқаша аналитикалық анықтама жаз. 
   2. Қазақстан аймақтарының экономикалық даму кедергілерін жою бойынша шешу жолдарын ұсын. 
   3. Өз жұмысыңды таныстыр. 

32 кесте

Қалалар

Орналасқан орны

Көлік түрі

Байланыстыратын саласы

1

Шымкент

2

Атырау

3

Өскемен

Өзіңді тексер!

   ​Тест тапсырмалары

  • артық өнімді басқа елдерге және аудандарға шығару
  • аумақтық еңбек бөлінісінің нәтижесінде қалыптасқан және шаруа­шылықтың мамандануы мен кешенді дамуы бойынша ерекшеленетін елдің жеке бөлігі
  • аудан тұрғындарының мұқтаждығын қанағаттандыру
  • орталықтандырылған өндіріс
  • мамандандырылған орталықтар
  • А. С. Берг
  • Қ. Сәтпаев
  • П.П. Семенов
  • Н. Н. Баранский
  • Ш. Уәлиханов
  • Батыс Қазақстан
  • Солтүстік Қазақстан
  • Орталық Қазақстан
  • Шығыс Қазақстан
  • Оңтүстік Қазақстан
  • мұнай
  • табиғи газ
  • егістік
  • Каменный уголь
  • вольфрам
  • су ресурстары
  • балық ресурстары
  • Балқаш
  • Текелі
  • Павлодар
  • Риддер
  • Теміртау
  • Жезқазған
  • Қарағанды
Өтінемін күте тұрыңыз