§ 65-66. Қазақстан Республикасы аймақтарының геоэкономикалық жағдайы және әлеуеті

Оқу мақсаттары:

  • шаруашылықтың салалық және аумақтық құрылымын, Қазақстан өңірлерінің экономикалық даму көрсеткіштерін салыстыру және талдау;
  • Қазақстан өңірлерінің экономикалық дамуын теңестіру бойынша идеялар ұсыну.

АЙМАҚ • ЕЛДІ МЕКЕН

1. Аумақтық құрылымы

Сұрақтарға жауап беріндер:

1. Географияның өткен курстарынан еске түсір: "геоэкономика" деген не?
​2. Геоэкономикалық кеңістікті қандай түрткіжайттар дамытады?
​3. Елді мекендер қалай бөлінеді? Олар аймақтың дамуына қалай әсер етеді?

   Біздің еліміз кең аумақты алып жатыр. Осыған байланысты республика өңірлерінде кәсіпорындарды  тиімді орналастыру мен олардың арасындағы экономикалық байланыстарды нығайту проблемалары туындайды.
   ​ Экономиканы аймақтық тұрғыдан ұйымдастыруға табиғи жағдайлардың әртүрлілігі, табиғи ресурстардың қай жерде орналасқаны, елдің геосаяси жағдайы сияқты факторлар әсер етеді. Геосаяси жағдайды аймақтық қалыптастыруда, еліміздің аймағын экономикалық аудандастыруда орыс географ-ғалымы Н.Н. Баранский үлкен рөл атқарды. Экономикалық реформалар республиканың әр

аймағында экономикалық белсенділіктің қалыптасуымен байланысты болды. Қазақстанның барлық аймақтарының табиғи, ұйымдық-құрылымдық ерекшелігі бар. Әр өңірдің шаруашылық бейнесін айқындайтын өзіндік экономикалық және әлеуметтік жағдайлар қалыптасқан (30-кесте).
   Экономикалық аймақ – республиканың бірыңғай шаруашылығының бір-бірімен әртүрлі ерекшеліктерімен, өндірістік тауарлардың тұрақты алмасуымен және басқа да экономикалық қатынастармен өзара аумақтық байланысты ішкі бөліктері.​
   ​Мемлекеттік басқаруды жүзеге асыру үшін республикалық

және жергілікті мүдделерді оңтайлы үйлестіру негізінде Қазақстан Республикасының аумағы негізгі екі санатқа – аймақтар мен елді мекендерге бөлінеді.

​   Аймақ – республика мүддесінде құрылатын және басқарылатын бірнеше елді мекенді қамтитын республика аумағының бір бөлігі. Аймақ дегеніміз – республикалық әкімшілік-аумақтық құрылымның негізгі буындары ретінде облыс, аудан және ауылдық округтер.

   Елді мекен

30-кесте

Әр өңірдің шаруашылық бейнесін айқындайтын өзіндік экономикалық және әлеуметтік жағдайлар

Аудан

Республикалық маңызы бар облыстар және қалалар

Халық мың адам (1 шілде 2017)

Жер көлемі км2

1. Шығыс

Шығыс Қазақстан облысы

1 386 208

283 226

2. Батыс

Ақтөбе облысы
​Атырау облысы
​Батыс Қазақстан облысы
​Маңғыстау облысы



2835402



​​736,241

3. Солтүстік

Акмола облысы
​Нұр-Сұлтан қаласы
​Костанай облысы
​Павлодар облысы
​Солтүстік Қазақстан облысы



5298483



​​565,678

4. Орталық

Қарағанды облысы

1378533

427 982

5. Оңтүстік

Алматы облысы
​Алматы қаласы
​Шымкент қаласы
​Жамбыл облысы
​Кызылорда облысы
​Түркістан облысы




6968942,77




​​​712,125

   ​Елді мекен – азаматтардың шаруашылық және өзге де қоғамдық қызметі нәтижесінде қалыптасқан, ең аз дегенде 50 адам тұратын, заңда белгіленген тәртіппен есепке алынған және тіркелген, атқарушы органдар басқаратын республика аумағының жинақы қоныстанған­ бөлігі.
   ​Қазақстан Республикасының аумағындағы елді мекендер қалалық және ауылдық болып бөлінеді.

   Біздің елімізде табиғи ресурстар аумағы бойынша біркелкі бөлінбеген. Осыдан тұтынушыларға шикізатты, отын ресурстарын тасымалдау ауқымы артады. Демек, кеңістіктік немесе көлденең өндірістік байланыстар өндіріс, көлік, байланыс, шикізат, энергия, дайын бұйымдар мен өнеркәсіп және ауылшаруашылық өнімдерін тұтыну 

аудандарын дұрыс орналастыру кезінде ғана оңтайлы болуы мүмкін.
   ​Қазақстан аймақтарының экономикалық проблемаларын шешу респуб­ликаның өндіргіш күштерін орналастырудың бас сызбасын әзірлеуді талап етеді. Олар:
   ​1. экономикалық дамудың оңтайлы аумақтық пропорцияларын анықтау.
   ​2. жалпы республикалық аумақтық еңбек

бөлінісін жетілдіру негізінде өндірістің тиімділігін арттыруды қамтамасыз ету;
   ​3. Қазақстанның жекелеген өңірлерінің өндіріс салаларын экономикалық тиімді дамыту мен орналастыруға және шаруашылықтарын қалыптастыруға қол жеткізу.
   ​Дамыған аймақтар үшін барлық экономикалық іс-шараларды қолдау 

маңызды, әсіресе олардың экономикасын және тұтастай алғанда елдің экономикасын нығайту, олардың тәуелсіз дамуы, нығайтылуы және кеңеюі, сондай-ақ инвестициялар тарту және аймақтық жаңғыртуды дамыту қажет.

   Бұл қызық!

   2012 жылдан бастап Қазақстан жаңа форматтағы автомобиль нөміріне ауысты. Жаңа нөмірлер халықаралыққа жақындау әрі оңтайлырақ. Сол жағында Қазақстанның жалауы мен KZ индексі (Қазақстан) көрсетіледі. Өңір – автомобильдің тіркелген орны – цифрлық кодпен белгіленеді. 2018 ж. маусым айынан Шымкент қаласы жеке аумақтық субъект болып бөлінгеннен кейін, мұндай өңірлер саны он жеті болды. Үш нөмір елдің үш ірі қаласына, қалғандары облыстарға тиесілі (51-сурет).

   51-сурет. Автокөлік нөмірлерін бөлу

   Өзіңді тексер!

31-кесте

Қазақстанның экономикалық аудандары

Аймақ

Мысал

1

Шығыс

  

2

Батыс

  

3

Солтүстік

  

4

Орталық

  

5

Оңтүстік

  

   Қазақстанның бұл кіші экономикалық ауданының орталығы туралы былай жазылған: ол өңірде түсті металлургия, химия және тамақ өнеркәсібі, марал шаруашылығы жақсы дамыған.
   Қай қала жайлы айтылғанын анықта:
   1. Экономикалық аймақ және облыс. 
   2. Өзен бойында орналасқан қала. 
   3. Автокөлік нөмірінің сериясы. 

Өтінемін күте тұрыңыз