§ 63-64. Ластанған аумақтарды қалпына келтіру жағдайын модельдеу (жергілікті өңір компоненті негізінде)

   Оқу мақсаты:

  • Ластанған аумақтарды қалпына келтіру бойынша жобаларды ұсыну (жергілікті/аймақтық компонент негізінде)

ЖАСЫЛ ТЕХНОЛОГИЯ • ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ИННОВАЦИЯ

Сарамандық жұмыс

Сұрақтарға жауап беріндер:

1. ҒТР адамзат өркениетінің дамуына қалай әсер етеді?
2. ​Қазіргі кезде пайдаланылатын инновациялық (жасыл) технологияларды ата.

 Практикум-сабақ

​   Сабақтың мақсаты: экологиялық таза аумақтарды жобалау.
​   ​Жобаның құрылымы:
​   Кіріспе. Аумақтың экологиялық проблемасын және оны шешу қажет­тілігін жариялау.
   ​1-тарау. Аумақты экономикалық-географиялық бағалау (мәтіндік негіздеме).
   ​2-тарау. Зерттеу нәтижелерінің сипаттамасы (орта сапасы көрсеткіш­терінің сипаттамасы, зерттеу нәтижелері). Экономикалық, әлеуметтік, экологиялық өлшемдер бойынша жергілікті қоғамдастық үшін қауіптілік дәрежесін бағалау. (Қосымшалар (қажеттілігіне қарай): карталар, сызбалар, кестелер, т.б.)
   ​3-тарау. Модельдеу. Аймақтың экологиялық жағдайын жақсарту.
   ​Проблеманы шешудің, бола­шақта аумақты дамытудың үш сценарийін ұсы­ныңдар.

1-сценарий: 

2-сценарий:

3-сценарий:

   Қосымша (қажеттілігіне қарай): модельдер, макеттер, постерлер, сызбалар, т. б.
   ​Нәтижелерді таныстыру.
   ​Қоршаған ортаның сапасын жақсарту бойынша ең жақсы сценарийді таңдау.
   ​Өзара бағалау.

Өзіндік жұмыс

   29-кесте

Қоршаған орта көрсеткіштерін топтарға бөліп орналастыр:

      • Қоршаған ортаның қолайсыз жай-күйі халықтың жекелеген жыныстық және жас топтарында сырқаттанушылықтың түрлері мен деңгейіне әсер етеді.
      • Балалар аурушаңдығы мен өлім-жітімінің деңгейі.
      • Халықтың жоғары сырқаттанушылығынан қалған экономикалық залалдың мөлшері.
      • Ауа бассейнінің, су көздерінің және аумақтың нормативтік жағдайына қол жеткізу көрсеткіштері.
      • Атмосфералық ауаның, судың және аумақтың ластануынан болатын экономикалық залал көрсеткіш белгілі бір ауру түрлері бойынша қаралады.
      • Балалар ағзасының зиянды әсерлерге төзімсіздігі.

         Санитарлық-қорғау аймақтарының (СҚА) өлшемдері сыртқы ауаның жиынтық ластануын (фондық ластану) ескере отырып, атмосферада зиянды заттардың таралуын есептеу бойынша белгіленеді. СҚА-ны көрсетіңдер (нөмірді таңдалған өріске енгізіңдер).

      Санитарлық-қорғау аймақтары

         1) қауіптілігі 1000 метр және одан көп СҚА І класс нысандары; 
         2) қауіптілігі 500 м-ден 999 м-ге дейінгі СҚА ІІ класс нысандары;
         3) қауіптілігі 300 м-ден 499 м-ге дейінгі СҚА ІІІ класс нысандары;
         4) қауіптілігі 100 м-ден 299 м-ге дейінгі СҚА IV класс нысандары;
         5) қауіптілігі 0 м-ден 99 м-ге дейінгі СҚА V класс нысандары.

      «Табиғатты пайдалану және геоэкология» бөлімін қорытындылаушы тест

         1. Бір континенттің, субконтиненттің, әлемнің ірі аймағының мүдделерін қамтитын және шегаралық қорықтар құруды көздейтін экосаясат, әртүрлі трансшегаралық ластану бақылауда елдердің ынтымақтастығы:

      • а) халықаралық-жаһандық экосаясат;
      • ә) аймақтық (макроөңірлік) экосаясат;
      • б) ұлттық (мемлекеттік) экосаясат;
      • в) жергілікті экосаясат;
      • г) экосаясат.

         2. Бағытталатын дамудың табиғат пайдалануды басқару процесінен басты айырмашылығы:

      • а) жүйенің тұрақтылығын сақтау мақсатында оның жай-күйін реттеу;
      • ә) тең дәрежеде дамуын қамтамасыз ету аумағы;
      • б) экологиялық қауіпсіз және тұрақты дамуды қамтамасыз ету;
      • в) тыйым салулар мен нормативтер жүйесімен шектелген;
      • г) тыйым салулар мен нормативтер жүйесімен шектелмеген.

         3. Табиғат пайдалануды басқару жүйесін ұйымдастыру:

      • а) экологиялық саясатты әзірлеу;
      • ә) басымдықтың болмауы;
      • б) басқарудың балама әдістерінің болмауы;
      • в) экологиялық менеджмент стратегиясының болмауы;
      • г) экологиялық менеджменттің институционалды инфрақұрылымын құру;
      • ғ) экологиялық саясаттың болмауы;
      • д) экологиялық менеджментті ақпараттық және нормативтік қамтамасыз етуді құру.

         4. Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралардан әсерлердің түрлері::

      • а) әлеуметтік;
      • ә) соңғы;
      • б) алғашқы;
      • в) жалпы;
      • г) жиынтық;
      • ғ) жанама;
      • д) тікелей;
      • е) болашақ.

         5. Экологиялық бағытталған өмір салты күнделікті тұрмыс нормасына кіреді және мыналарды көздейді:

      • а) өзінің ескі әдеттерін сақтау, өмір салты;
      • ә) тұрақты даму идеяларын күнделікті өмір салтына белсенді енгізуде сақтану;
      • б) адамның табиғи ресурстарды тұтынуына теңдестірілген тәсіл;
      • в) жеке ысырапшылықтан бас тарту;
      • г) қоршаған ортаның тазалығын сақтауға қамқорлық жасау;
      • ғ) экономикалық дамудан бас тарту;
      • д) табиғи ресурстарды экстенсивті пайдалану;
      • е) табиғи байлықтардың жойылуы.
      Өтінемін күте тұрыңыз