§ 61-62. Қоршаған орта сапасын жақсарту бойынша практикалық қадамдар

   Оқу мақсаты:

  • қоршаған ортаның сапасын жақсарту бойынша шешімдер әзірлеу (жергілікті/аймақтық компонент негізінде).

ҚОРШАҒАН ОРТА САПАСЫ

   Сарамандық жұмыс

Сұраққа жауап беріндер:

Қоршаған ортаны негізгі ластаушыларды ата.

  Практикум-сабақ

​   Сабақтың мақсаты: тұрғылықты өңірдің экологиялық жағдайын бағалау; қоршаған ортаның сапасын жақсарту бойынша іс-шаралар әзірлеу.
​   1. Жүргізілген зерттеу негізінде өңірдің экологиялық мәселесі анықта­лады. Алынған нәтижелерге сүйеніп, сен адам өміріне әсерін тигізген қауіп деңгейін бағалайсың.
   ​2. Жұмыс алгоритмі (50-сурет):

   50-сурет. Әрекет алгоритмі

   3. Зерттеу нәтижелері бойынша ақпараттық бюллетень дайындаңдар (буклет, ақпараттық графика, т.б.). Жергілікті қоғамдастық мүшелерін, атқарушы билік өкілдерін алынған нәтижелермен таныс­тырыңдар.
   ​Ескерту: жергілікті қоғамдастық өкілдерімен жұмыс түрін өңірдің ерекшеліктеріне байланысты таңдайсыңдар (дөңгелек үстел, жергілікті газет, т.б.)
   ​4. Жалпы шешім мен әрекет жоспарын жасаңдар.
   ​5. Іс-қимыл жоспарын іске асырудың практикалық қадамдары.
   ​6. Алынған нәтижелерді әлеуметтік желілер мен жергілікті баспасөз бетінде жариялаңдар.

Өтінемін күте тұрыңыз