§ 51-52. Ластанған қоршаған ортаның адам өміріне әсері. Денсаулық үшін қауіп-қатерлер: өнеркәсіптік қалдықтар, ҚТҚ-ны дұрыс сақтамау және кәдеге жарату, елді мекендердің экологиялық-гигиеналық проблемалары (жалғасы)

Оқу мақсаты:

  • ластанған қоршаған ортаның адам өміріне әсерін бағалау (қосымша жергілікті, өңірлік компоненттерді қамту).

ДЕНСАУЛЫҚ ҮШІН ҚАУІП-ҚАТЕРЛЕР

1. Қоршаған орта ластануының адамның өміріне әсері

Сұрақтарға жауап беріндер:

1. Азық-түлік өнімдерінің сапасы, радиоактивті ластану көздері адам денсаулығына қалай әсер етеді?2. Осындай әсерлерден өзімізді қалай қорғай аламыз?

   Трансшегаралық ластану – бірнеше мемлекеттің немесе тұтас континенттің аумағын қамтитын, ластану көзі трансшегаралық ауысу есебінен ұлғаятын ластағыштар (https://dic.academic.ru/dic.nsf/eng_rus/).
   ​Өнеркәсіптік қалдықтар арасында химиялық, физикалық, уытты, радиоактивті және басқа да ластану көздері кездеседі. Топырақтың зиянды химиялық заттармен ластануы қоршаған ортаның сапасына және адам денсаулығына әсер ететін маңызды түрткіжайт ретінде бағаланады. Өсімдік тектес өнімнің сапасы топырақтың ластану деңгейіне тікелей байланысты.

   № 7 қауіп. Өнеркәсіптік қалдықтардың әсері.
​   Өнеркәсіптік қалдықтар – қоршаған ортаға және адам өміріне әсер етудің тұтас кешені. Өнеркәсіптік қалдықтарға: ҚТҚ (арнайы полигонда орналастырылатын), атмосфераға шығарындылар, пайдаланылған ағынды сулар жатады.
   ​Өнеркәсіптік қалдықтар үлкен мөлшерде жинақталып, жалпыұлттық проблемаға айналды. Қазіргі уақытта оларды дербес нысан деп санайды, өйткені олар – топырақтың, жерасты суларының, атмосфераның қайталама ластануының көзі. Қалдықтардың едәуір бөлігі қоршаған ортаға, адам денсаулығына қауіп төндіреді. Көптеген жағдайда ластану трансшегаралық сипатқа ие.

Бұл қызық!

   Қазіргі уақытта Қазақстанда 3520 ҚТҚ үйінділері мен полигондар пайда-ланылады (20-кесте). Оның ішінде 82,4 %-ы экологиялық және санитарлық талаптарға және нормаларға сәйкес келмейді. Жиналған ҚТҚ-ның жиынтық көлемі 100 млн тоннадан асты, ал жыл сайын бұл көлем 5-6 млн-ға өседі. 2025 жылы жылдық қалдықтың жиынтық көлемі 8 млн тоннаға жетеді деп күтілуде.

№8 қауіп. ҚТҚ-ның дұрыс сақталмауы және кәдеге жаратудың санитарлық-эпидемиологиялық аспектісі

   Тұрмыстық қалдықтар поли­гондары – адам өмірі мен жануарларға қауіпті жұқпалы және эпидемиоло­гиялық аурулардың көзі болып саналады.

23-кесте

Қазақстан қалаларының полигондарында ТҚҚ орналастыру 

Қала

2012 жылдың соңындағы халық, мың адам

2012 жылдың соңындағы халық, мың адам

Бір адамға ҚТҚ жинақталу саны

мың тонна

Жылына М3 / адам

Нұр-Сұлтан

778,198

326,4

2,16

Алматы

1475,429

549,12

2,55

Актау

180,885

109,7

2

Ақтобе

420,567

360,6

0,47

Атырау

272,071

44,07

0,56

Қарағанды

478,952

132,85

1,87

Қостанай

219,224

152,73

1,17

Орал

271,361

108,5

2,3

Шымкент

662,1

64,55

1,7

Павлодар

342,435

94,47

1,30

Көкшетау

152,006

57,7

1,16

Өскемен

309,5

45,6

1,98

Талдықорған

156,162

17

2,77

Тараз

343,275

34,96

0,54

Қызылорда

253,960

36,1

1,7

Петропавл

206,043

62

2,07

   Елдер бойынша құрылған ҚТҚ-ның морфологиялық құрамы (24-кесте).

24-кесте

Кейбір елдер мен өңірлерде құрылатын ТҚҚ ның морфологиялық құрамы, %

Материалдардың түрлері

АҚШ

Еуропа

Ресей

Қазақстан

Корея

Қағаз, картон

38,1

33,5

18

25

27

Ірі габаритті материал

12,1

12,2

0,3

-

-

Тағам, өсімдік қалдықтары және органикалық талшықтар

10,9

34,7

25

37

23

Пластик және полимерлер

10,5

11,6

10

15

7

Металдар

7,8

5,3

4,4

3

9

Резеңке, тері, тоқыма

6,6

-

7

9

3

Шыны

5,5

2,8

10

6

5

Ағаш

5,3

2,1

2

3

4

Басқалар

3,2

-

22,92

2

20

   ҚТҚ-ның дұрыс сақталмауы жоғары эпидемиологиялық және патогенді қауіптілікке әкеледі. Осы полигон аймақтарында өмір сүретін жануарлар азық-түлік тізбектері бойынша берілетін аурудың тасымалдау­шылары болып келеді.

   № 9 қауіп. Елді мекендердің экологиялық-гигиеналық мәселелері

   Елді мекендер ортасы екі түрге бөлінеді: макроорта және микроорта.
   ​Қалалар мен кенттердің, аудандардың макроортасы елді мекеннің барлық тұрғындары үшін ортақ. Микроорта нақты адамға, отбасына, жеке үйлердің, т.б. тұрғындарына сәйкес келеді.
   ​Елді мекендердегі ластанудың жиналуы біркелкі емес. Мысалы, өнеркәсіптік қалаларда ғимараттың шатыры ластануда. Ол жердегі ластанудың құрамында ауыр металдардың деңгейі өте жоғары болады. Жанар-жағармай құю, автобаза, фабрикалар, қоқыс төгетін жер, т.б. аудандарда да лас­танудың жоғары деңгейі байқалады. Мұның бәрі тиісінше осы нысандардың жанында тұратын тұрғындарға кері әсер етуі мүмкін.
   ​Микроорта тұрғын үй-жайларда қалыптасады, мысалы: балабақшалар, мектептер, т.б. үй-жайлардағы шаңның құрамында үлкен концентрацияда ластаушы заттар кездеседі.
   ​Өскемен қаласында қорғасын-мырыш комбинаты бар. Кәсіп­орынның он жыл бойғы шығарындылары тұрғын үй ғимараттарын 100% қорғасынмен улап келеді. Осыған ұқсас жағдай Шымкент қаласында да байқалады.

  Өзіңді тексер!

   1-тапсырма. Топта талқылап, Өскемен және Шымкент қалаларындағы экология­лық жағдайдың ұқсас екенін түсіндіріңдер. Өз тұжырымдарыңды растау үшін дәлел келтіріңдер. Жауап дайындау кезінде қосымша ақпарат көздерін, тақырыптық карталарды пайдаланыңдар. 

Өтінемін күте тұрыңыз